Хлорсутек қышқылы. №10 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қаласы

9.3А

17 (VII), 16 (VI),

15 (VI), 14 (IV) -

топ элементтері

және олардың

қосылыстар

Күні Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Хлорсутек қышқылы. №10 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.10 -хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын білу

Сабақтың мақсаттары

- хлорсутек қышқылының қандай химиялық қасиеттер тән екенін білу

- хлорсутек қышқылдары мен қарапайым және күрделі заттар арасындағы химиялық реакциялар теңдеулерін құрастыра білу

- хлорсутек қышқылының қолдану аясын білу

Бағалау критерийлері

- хлорсутек қышқылының қандай заттармен реакцияға түсетінін атай алады

- қарапайым және күрделі заттармен хлорсутек қышқылының өзара әрекеттесуінің 2-3 теңдеуін жасауға қабілетті

- тұз қышқылын қолдануды қарастырады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Үш элементтің химиялық және физикалық қасиеттеріне қатысты өз баяндамаларын ауызша және жазбаша айтуға

Пәнге қатысты лексика мен терминология

сублимация, галоген, физикалық/химиялық қасиеттері, хлор, бром, йод, молекулалар, реакциялар

Металл/металды, улы

Топ бойынша төменге қарай

Құндылықтарды дарыту

  • Қазақстандық патриотизм және жауапкершілік Құрмет
  • Ынтымақтастық
  • Өмір бойы білім алу

Пән аралық байланыстар

Биология,физика

Дағдылары

Сын тұрғысынан ойлау

Бастапқы білім

Бөлшектер теориясы (6.4B)

Атом құрылысы (6.4C, 7.1A)

Зат күйінің өзгерісі (7.1C)

Химиялық реакциялар мысалдары (7.2C)

Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A)

Формулалар және химиялық реакциялар (8.3A)

Қосылыстардың құрылымдары (9.1B)

Химиялық реакция мысалдары 2 (9.1C)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Белсендіру «Миға шабуыл»

-ХЭПЖ галогендердің орны

-сыртқы қабатындағы валентті электрондар саны

-қандай тотығу дәрежелеріне ие

-топта тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді

-күшті тотықтырғыш

-сутекпен галогендер әрекеттескенде не түзіледі?

-хлорсутек суда ерігенде қандай зат түзіледі?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап,оқушылармен бірлесе бағалау критерийлерін анықтау

Презентация

«Хлорсутек қышқылы» №1-4 слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

Жаңа сабақты түсіндіру (сабақ барысында оқушылар қажетті ақпаратты дәптерлерінде жазады)

Тұз қышқылын алу жолдары:

1.Өнеркәсіпте хлорда сутегін жағып ,сосын суда еріту арқылы алынады.

2.Зертханада H2SO4 +2NaCl →2HCl ↑ + Na2SO4

Хлорсутек газы суда жақсы ериді:450 көлем хлорсутек газы бір көлем суда ериді.Сынауықта тұз қышқылы түзіледі-хлорсутектің судағы ерітіндісі.

Физикалық қасиеттері

Хлорсутек қышқылы - түссіз, ұшқыш сұйықтық. 20°C температурасында сутек хлоридінің 37-38% массалық үлесі бар тұз қышқылы алынуы мүмкін. 00С кезінде 507 т HC1 1 су көлемінде еріген, бұл 45% массалық үлеске сәйкес келеді. Ылғалды ауада концентрлі тұз қышқылының қатты шамадан тыс «түтіндейді»,себебі одан өткір иісті хлорсутегі бөлінеді.

Химиялық қасиеттері Жұптық жұмыс.

Оқушыларға хлорсутеінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу ұсынылады.

1 жұп

Қышқылды индикатормен сынап,белсенді металмен әрекеттесуі

2 жұп

Қышқылдың сілтімен әрекеттесуі

3 жұп

Қышқылдың тұзбен әрекеттесуі

4 жұп

Қышқылдың металл оксидімен әрекеттесуі

5 жұп

Қышқылдың күміс нитратымен әрекеттесуі

Әр жұп тақтада реакция теңдеулерін жазып,қышқылға тән химиялық қасиеттері бойынша қорытынды жасайды.

№10 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу» жұмысын орындайды.

Мұғалім жұмыстың басында техникалық қауіпсіздік ережесін естеріне түсіреді.

Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазу ұсынылады. Зертханалық жұмыстың соңында қышқылдың күші және қасиеттері бойынша қорытынды жасайды.

ТҚ Тұз қышқылының шамалы буымен тыныс алу тыныс алу жолдарын қабындырады.Концентірленген тұз қышқылын эксперимент барысында қолданудың қажеті жоқ.

ТҚТұз қышқылының ертіндісімен жұмыс істегенде көзге қорғаныш көзілдірігін кию керек.

Топтық жұмыс.Хлорсутек қышқылының және оның тұздарының қолданылуы.

Оқушылар таратпа материал арқылы постер дайындаулары керек.Постерді бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе отыра құрастырады.

Жұмысты «2 жұлдыз,1 тілек » арқылы бағалайды.

Презентация

«Хлорсутек қышқылы»

№5-7слайд

Презентация

«Хлорсутек қышқылы»

№8слайд

Нұсқау парағы

Қосымша 1

Презентация

«Хлорсутек қышқылы»

№9слайд

А3 қағазы,маркер , стикер

Сабақтың соңы

Рефлексия

Мен бүгін қандай сұраққа

жауаптар таптым...

Қандай табысты іс -әрекеттер

жасадым...

Менің жауабы табылмаған

сұрақтарым...

Менің бүгінгі жетістігім

Менің сабақтан алған әсерім ...

Презентация

«Хлорсутек қышқылы»

№10слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерін біледі, қарастырылмаған галогендердің физикалық қасиеттерді болжай алады

Кейбір оқушылар:

Галогендердің физикалық қасиеттері біртекті емес екендігін түсінеді, өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алады

Оқушылардын сабақта жасаланатын жұмысы бойынша бағаланады. Бір бірін бағалау

Қауіпсіздік техника ережелерін сақтап, зертханалық жұмысты орындайды.

Денсаулық физикалық активити арқылы сақталады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру