Оксидтер. Зертханалық тәжірибе. №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 8.4 А Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.

Мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу

Сабақтың оқу мақсаттары

8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу

Сабақтың мақсаты

  • Оксидтердің құрамын, жіктелуін, номенклатурасын білу
  • Оксидтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

Бағалау критерийлері

  • Оксидтердің жіктелуін біледі
  • Химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакция теңдеулерін құрастыра алады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Негіз, сілті, қышқыл, негіздік оксид, қышқылдық оксид

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Оксидттер жіктеледі.....

Негіздік оксидттер әрекеттеседі......

Қышқылдық оксидттер әрекеттеседі ......

Құндылықтарды дарыту

ЖА:

  • Сыни ойлау, шығармашылық
  • Өз-өзіне деген сенім, рефлексия бере алу

Жауапкершілік, тиянақтылық, тазалық, ұқыптылық

Пән аралық байланыс

Биология, география, физика.

ИКТ қолдану

Презентация, интерактивті тақта, ноутбуктер

Алдыңғы білім

8.2.В Стехиометриялық есептеулер

8.3.С Ерітінділер және еріткіш

8.2 А Зат мөлшері

8.1В заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Сабақ барысы

Сабақ барысы

Жоспарланған іс-әрекеттер

Resources

0 – 3 мин

3-10 мин

10-12 мин

15-20 мин

20-30 мин

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал.

Өзімді жақсы көремін

Сені де сыйлаймын

Бүгін ертең жақсылық болсын

Шығармашыл жұмыс істейік!

Мұғалім сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырады.

Мұғалім оксидттердің анықтамасын және жіктелуі еске түсіруін сұрайды.

Химиялық диктант. Өзін-өзі тексеру.

С12О7, HMnО4, PbO, NH3, Fe2О3, CuO, Са(ОН)2, СО2, SiО2, Н2О, SО2, СО, CaO, N2О3. Берілген заттардың ішінен оксидттердің формуласын таңдап алыңдар.

Мұғалім жану процесін еске түсіруге шақырады. Оқушылар жану нәтижесінде оксидтер түзілетін химиялық процесс екенін түсінеді. Оқушылар отынның жану химиялық реакциясын жазады.

Мұғалім оқушыларға мәселе тудырады:

  • Заттардың жану нәтижесінде не түзіледі?
  • Су мен көмірқышқыл газ ылғи түзіле ме?
  • Жоқ, мысалы магний жанғанда оттегімен әрекеттесіп магний оксидін түзеді.

Мұғалім магний мен фосфор жану реакциясын және пайда болған өнімнің суда еруін көрсетеді. Индикатор көмегімен ерітінді ортасын анықтайды. Оқушылар реакция теңдеуін жазады.

Мұғалім оқушыларға негіздік және қышқылдық оксидттер кеспелерін ұсынады. Осы заттарды жіктеуді ұсынады. Оқушылармен нәтижесін талдайды. Қышқылдық пен негіздік оксидттерден басқа амфотерлі (екідайлы) оксидттер болады.

Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап оксид типін көрсетіңдер:

Натрий + оттегі =

Күкірт + оттегі =

Көміртегі + оттегі =

Кальций + оттегі =

Алюминий + оттегі =

Азот + оттегі =

Оқушылар жұмыстарымен ауысып бір-бірін тексереді.

Химия 8 сынып.

Презентация

Слайд1,2,3

Химия 8 сынып

Оксидттер. Презентация . 4слайд

Химия 8 сынып. Оксидттер. Презентация . слайд 5,6

Көрнекілік тәжірибе

Химия 8 сынып.

Оксидттер.

Презентация. Слайд 7

30-35 мин

Сабақ қорытындысы:

Рефлексия:

«Пияз сақиналары» оқушылар екі шеңбер құрады, бір-біріне бетпе-бет. Ішкі щеңбер оқушылары оксид атайды, сыртқы щеңбер оқушылары оксид типін атайды. Шеңбер ылғи қозғалыста болады.

Үй жұмысы: оксидттерді теріп жазып алып, жіктеңдер: Са, S, О, О2, С, Аl, Mg, О3, N, Fe. СаО, SO2, СО, СО, Al2O3, MgO, NO, NO2, FеО3, SО3, NO3, FеО.

Химия 8 сынып. Презентация. 8 слайд

Химия 8 сынып. Презентация. 9 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру