Галогендер. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қаласы 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстар Күні Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | Галогендер |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.1.4.5 галоген молекулаларының электронды формулаларын құрастырады, байланыс түрін және кристалдық торын анықтайды; 9.2.1.8 топтағы галогендердің қасиеттерінің өзгеруін болжау |
Сабақтың мақсаттары | - галоген молекулаларының электронды формулаларын құрастырады; - байланыс түрін және кристалдық торын анықтайды; - топтағы галогендердің қасиеттерінің өзгеруін болжайды |
Бағалау критерийлері | Галоген молекулаларының ың электронды формулаларын құрастырады; - галоген молекулаларындағы байланыс түрін және кристалдық торды анықтайды; - химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орнына байланысты галогендердің қасиеттерін болжайды |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Үш элементтің химиялық және физикалық қасиеттеріне қатысты өз баяндамаларын ауызша және жазбаша айтуға Пәнге қатысты лексика мен терминология сублимация, галоген, физикалық/химиялық қасиеттері, хлор, бром, йод, молекулалар, реакциялар Металл/металды, улы Топ бойынша төменге қарай |
Құндылықтарды дарыту |
|
Пән аралық байланыстар | Биология,физика |
Дағдылары | Сын тұрғысынан ойлау |
Бастапқы білім | Бөлшектер теориясы (6.4B) Атом құрылысы (6.4C, 7.1A) Зат күйінің өзгерісі (7.1C) Химиялық реакциялар мысалдары (7.2C) Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A) Формулалар және химиялық реакциялар (8.3A) Қосылыстардың құрылымдары (9.1B) Химиялық реакция мысалдары 2 (9.1C) |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-7 мин | Белсендіру . «Ыстық орындық» ойыны ойналады.Оқушы тақтаға артымен қарап орындықта отырады.Презентация арқылы берілген сөздерді оқушы көрмейді.Сыныптастарының кілт сөздерді айтуы бойынша жазылған сөздерді анықтауы керек. Сыныптастары жазылған сөздерді айтпайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап,оқушылармен бірлесе бағалау критерийлерін анықтау | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин | Жаңа сабақты игеру. Жеке жұмыс. «Дұрыс», «бұрыс» әдісі. Оқушылар жаңа сабақ бойынша кестені толтырады.
Жауап бойынша өздерін тексеру.Жұмыстың қорытындысы бойынша кері байланыс беру. Жұптық жұмыс.Галогендердің атомдық құрлысы. Оқушылар фтор және хлор молекулалары үшін «нүкте және айқыш» диаграммасын салу керек.Ұқсастық пен айырмашылығын салыстыру.Нәтижелерін талдап.кері байланыс ұсыну. Физикалық қасиеттері. Оқушыларға иод сублимациясы бойынша видео көрсетіледі.Иодтың металдық жылтырына мән беру керек. Сублимация (возгонка) – қатты күйден бірден газ күйіне ауысуы.Кері үрдіс десублимация. Галогендердің физикалық қасиеттері.
Кестені талдау нәтижесі бойынша оқушылар физикалық қасиеттері бойынша қорытынды жасайды. Жеке жұмыс: 1.Галогендердің химиялық қасиеттеріне сай мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқтаңыз: Күн сәулесі әсерінен хлор сутекпен қопарылыс түзе әрекеттеседі: A H2 + Cl2 = ___________________ B 2Sb +5 Cl2 = __________________ C Cu + Cl2 = ____________________ D 2Fe + 3Cl2 = __________________ E Na + Cl2 = ____________________ К H2O + Cl2 = ____________________ Слайдтан дұрыс жауаптары көрсетіледі, сол бойынша өзінің білімін «Басбармақ» арқылы бағалайды. 2.Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер. HCl – өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ. Ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады. І. Төменде берілген заттармен тұз қышқылының әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңыз A металл мырышпен B магний оксидімен C натрий гидроксидімен D күміс нитратымен 3.Өзгерісті жүзеге асырыңыз: А NaCl → Cl2 → HCl → AgCl В NaCl → Cl2 → HCl → Cl2 → FeCl3 Өзара тексеріс жүргізе отыра өқушылар өзара бағалау жүргізеді. |
Видео «Возгонка йода» https://www.youtube.com/watch?v=uBJ7e2HlgKM https://www.youtube.com/watch?v=RmzONPQQe-A жұмыс парағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерін біледі, қарастырылмаған галогендердің физикалық қасиеттерді болжай алады Кейбір оқушылар: Галогендердің физикалық қасиеттері біртекті емес екендігін түсінеді, өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алады | Оқушылардын сабақта жасаланатын жұмысы бойынша бағаланады. Бір бірін бағалау |
Қауіпсіздік техника ережелерін сақтап, зертханалық жұмысты орындайды. Денсаулық физикалық активити арқылы сақталады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру