Бір топ элементтері. Галогендер. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.4 В Периодтық жүйеге кіріспе

Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қ.

Күн:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекбосынов М.Ш.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Бір топ элементтері. Галогендер.

Берілген сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.1.4 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа орналасатындығын дәлелдеу;

 Оқу мақсаты

7.2.1.4 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа орналасатындығын дәлелдеу;

 Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

- химиялық элементтердің Периодтық жүйесімен танысады

- инертті газдар, галогендер, сілтілік металдар элементтері тобына мысал келтіреді

Оқушылардың көбісі:

- қасиеттері ұқсас элементтер бір топқа жататынын түсінеді

Кейбір оқушылар:

- химиялық элементтердің Периодтық жүйесінде орналасқан орны бойынша химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайды

 Бағалау критериі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Периодтық жүйенің құрылысын ұқсас элементтер тобы реті түсінсе
  • Галоггендер, сілтілік металдар, сілтілік жерметалдарға мысал келтірсе
  • Сөзбен жазылған реакциялар арқылы олардың қасиеттерін түсіндірсе
  • Табиғатта ашылмаған кейбір элементтердің бар болу мүмкіндігін және олардың белгілі бір элементтер тобына тиістілігі бойынша қасиеттерін болжаса

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар химиялық элементтің ХЭПЖ орналасуын ауызша немесе жазбаша түсіндіріп, сұрақ қоя алады.

Пәнге қатысты лексика және терминология: блок, тенденция, қасиеттер, топ, периодтық кесте, ядролық белгі, протон, атомдық нөмір, элемент, радиоактивті, қатты заттар, сұйықтар, газдар (бей-) металдар, кіші және үлкен периодтар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген

Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

X у сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де z тең

Неге (элемент) осы топқа жатады?

Құндылықтарды қалыптастыру

 

Өмір бойы білім алу – қоршаған ортаны бірегей түрле қабылдау.

 Пәнаралық байланыс

Физика – атом құрылысы

 АКТ қолдану дағдылары

Периодтық жүйеге негізделген PowerPoint презентациясы http://www.webelements.com/

http://tannerm.com/longform.htm

Алдыңғы білім

ХЭПЖ құрылысы. Атом құрылысы. Бір топқа жататын элементтердің қасиеттерін салыстыру бойынша сұрақтарды біртіндеп күрделендіру арқылы сабақта оқушылардың іс әрекеттерін белсендіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті (2мин)

Алдыңғы тақырыпты қайталау

(5 мин)

ХЭПЖ қайталау

(5-7 мин)

Сабақтың басында келесілерге көңіл бөлу:

  • Оқушылардың зейінін шоғырландыру
  • Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын айқындау
  • Оқушылардың жақын арады даму аймағын анықтау
  • Алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты қайталау:

Период бойынша атомдық массаның өсу бойынша қасиеттердің өзгеруі:

  • Металдық қасиеттер әлсірейді
  • Бейметалдық қасиеттер кемиді
  • Негіздік оксидтердің қасиеттері амфортерлі оксидтер арқылы қышқылдық оксидтерге өзгереді.

1.Барлық химиялық элементтер реттік номерге ие және олар реттік номерінің өсу реті бойынша орналасады

2.Элементтердің атомдық массасының өсу ретін бойынша орналасқан горизонталь қатарлар периодтар деп аталады.

3.Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан қасиеттері жағынан ұқсас элементтердің вертикаль қатары топ деп аталады.

1.бір топта орналасқан элементтер – химиялық және физикалық қасиеттері жағынан ұқсас.

2.Бірінші топты сілтілік металдар құрайды: литий, натрий, калий, цезий, рубидий. Олар жұмсақ, ауадағы оттегіментез тотығады. Сумен әрекеттескен кезде сілті түзеді. Бұл сілтілік металлдар тобы.

3.Екінші топ- сілтілік жерметалдар тобы: кальций, стронций, барий.

4.Жетінші топ –галогендер тобы: фтор, хлор, бром, йод. Молекулалры екі атомнан тұрады. Фтор мен хлор газдар, бром- сұйық, ал йод – қатты зат.

5.Сегізінші топ - инертті газдар тобы: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон,радон.

6.Периодтағы элементтердің қасиеттерінің өзгеруі. Барлық периодтарда атомдық массаның өсуімен (солдан оңға қарай) металдық қасиеттердің әлсіреуі және бейметалдық қасиеттердің күшеюі байқалады.

Периодта солдан оңға қарай атом заряды, сыртқы деңгейдегі электрондардың саны, бейметалдық қасиет артады. Атом радиусы мен энергетикалық деңгейлер саны өзгермейді.

7. топ және басты топша бойынша қасиеттердің өзгеруі. Топтарда, басты топшаларда жоғарыдан төмен қарай металдық қасиеттің артуы және беметалдық қасиеттің кемуі байқалады.

Топтарда жоғарыдан төмен қарай ядро заряды, атом радиусы, энергетикалық деңгейлер саны, металдық қасиеттері артады. Сыртқы қабаттағы электрондар саны өзгермейді.

Периодтық кестеге негізделген пайдалы PowerPoint:

http://www.webelements.com/

Ноутбуктер

Қосымша 1 (таратпа материалдар)

ХЭ салынған 12 карточка

Сабақ ортасы

23-25 мин

Жеке жұмыс:

Қазіргі ХЭПЖ негізге ала отырып, тапсырманы орындаңдар:

1.Топ номерлерін жазып шық

2.Периодтар номерлерін жазып шық

3.Металдар мен бейметалды бөліп тұрған қисықты салыңдар

4.Элементтердің топтарын атаңдар А.1 топ_________________ Б.2 топ _________________

В. 3-12 топ _____________

Г.16 топ ________________

Д.17 топ _________________

Е.18 топ _________________

5. Төменгі жақтағы екі элементтер қатары қалай аталады?_____________________________

6. Газ күйінде кездесетін элементтерді қызыл түспен бояп шығыңдар.

7. Қатты күйде кездесетін элементтерді қара түспен бояңдар

8. сұйық күйде кездесетін элементтерді көк түспен бояңдар

Қосымша 2

ХЭ мысалы

Қосымша 3

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың аяғы

4-6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй жұмысы

2-3 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

  • Мен сабақта нені білдім, нені үйрендім?
  • Не түсініксіз қалды?
  • Нені қайталау керек?

Мүмкін болған жағдайда оқуышлар өз жұмыстарын немесе сыныптастарының жұмыстарын белгілі критериялар бойынша бағалай алады.

ХЭПЖ бойынша ойын жүргізу үшін химиялық элементтердің карточкасын дайындап келу

Оқушылар өздерінің боялған кестелерімен алмасады, критерийлер бойынша бір-бірін бағалайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1.

Қазіргі ХЭПЖ негізге ала отырып, тапсырманы орындаңдар:

1.Топ номерлерін жазып шық

2.Периодтар номерлерін жазып шық

3.Металдар мен бейметалды бөліп тұрған қисықты салыңдар

4.Элементтердің топтарын атаңдар

А.1 топ_________________

Б.2 топ _________________

В. 3-12 топ _____________

Г.16 топ ________________

Д.17 топ _________________

Е.18 топ _________________

5. Төменгі жақтағы екі элементтер қатары қалай аталады?_____________________________

6. Газ күйінде кездесетін элементтерді қызыл түспен бояп шығыңдар.

7. Қатты күйде кездесетін элементтерді қара түспен бояңдар

8. сұйық күйде кездесетін элементтерді көк түспен бояңдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру