Электрондық баланс әдісі. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы: Электрондық баланс әдісі. | |||||
Оқу мақсаты: | 9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар білу керек: - Қосылыс құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелерін анықтауды; - Тотығу және тотықсыздану процестерін ажыратуды; - Тотығу-тотықсыздану реакцияларына электрондық баланс құруды. Көп оқушылар білу керек: - Электрондық баланс әдісі арқылы реакция теңдеулерін теңестіру алгоритмін; - Тотығу-тотықсыздану процесінің мәнін. Кейбір оқушылар білу керек: - Тотығу-тотықсыздану реакцияларын күнделікті өмірде қолдануды. | ||||
Бағалау критерийлері: | Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер: - Химиялық қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алса; - Тотығу-тотықсыздану процесінің мәнін түсінсе; - Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіре алса. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар материалды түсіндіргенде қолданылады: Пәнге қатысты лексика және терминологияны: тотығу-тотықсыздану реакциялары, тотығу процесі, тотықсыздану процесі, тотықтырғыш, тотықсызданды, тотықсыздандырғыш, тотықты. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестерді: Тотығу дәрежесі дегеніміз .............. Тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде .......... процестері қатар жүреді. Тотығу процесі ........... Тотықсыздану процесі............... Электрондық баланс әдісі ............. | ||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Жұптық және топтық жұмыстар арқылы сыйластық және ынтымақтастыққа, өмір бойына оқуға дағдыландыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Математика. | ||||
Бастапқы білім | 7.3А Химиялық реакциялар. 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Мұғалім/оқушы іс-әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 3 мин 3 мин 3 мин 5 мин 4 мин Сабақтың ортасы 3 мин 2 мин 3 мин 3 мин 12 (9) мин Сабақтың аяғы 2 мин | Оқушылармен амандасу, түгендеу. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, жылы сөздерін айтады. Топқа бөлу. Оқушылар элементтердің тұрақты тотығу дәрежелері бойынша 3 топқа бөлінеді: 1-топ: «0» тотығу дәрежесін көрсететін элементтер – H2, O2, N2, Cl2; 2-топ: «+» тотығу дәрежесін көрсететін элементтер – H, Li, Na, K; 3-топ: «2+» тотығу дәрежесін көрсететін элементтер – Be, Mg, Ca, Ba. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсатымен, сабақ мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстырады. «Тотығу дәрежесі. Тотығу және тотықсыздану. Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыптарын қайталау. «Кім жылдам?» әдісін қолданып, жарыс түрінде өткізу. Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды. Тапсырма 1. Берілген қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңыздар: 1-топ: Сl2O7, H3PO4, CuSO4, Cl2 2-топ: HClO4, K2Cr2O7, Cr2O3, Р 3-топ: NaMnO4, HNO3, N2, N2O Тапсырманың дұрыс жауабын презентация бойынша тексереді: 1-топ: Сl27+O72-, H3+P5+O42-, Cu2+S6+O42-, Cl20 2-топ: H+Cl7+O42-, K2+Cr26+O72-, Cr23+O32-, Р0 3-топ: Na+Mn7+O42-, H+N5+O32-, N20, N2+O2- Бағалау: Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Тапсырма 2. Тотығу және тотықсыздану процестерін анықтаңыздар: 1-топ: 1. C0 → C4+ 2. Zn2+→ Zn0 2-топ: 1. N3- → N+4 2. 2H+ → H20 3-топ: 1. Fe3+ → Fe2+ 2. S2- → S4+ Бағалау: Мұғалім топтардың жұмыстарын тексеріп жүріп, кері байланыс береді. Мұғалім бүгінгі тақырыптың жаңа ұғымы «электрондық баланспен» таныстырады. Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою нұсқаулығын таратады. Әрбір топ нұсқаулықты өздігінен қарастырады. Оқушылармен тотығу-тотықсыздану реакцияларын құру үшін электрондық баланс құрудың ережелерін талқылау. Оқушылар қиналған жағдайда «Электрондық баланс әдісі» видеосын көрсетуге болады немесе үйге қарастыруға беруге болады. Түсінгендерін анықтау үшін тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру бойынша тапсырма беріледі: Тапсырма. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіріңіздер және тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды көрсетіңіздер: 1-топ: HBrO3 + H2S → S + Br2 + H2O Zn + HNO3 → Zn(NO3)2 + N2O + H2O 2-топ: Br2 + KI + H2O → KIO3 + HBr HNO3 + K2SO3 → K2SO4 + NO + H2O 3-топ: HI + FeCl3 → FeCl2 + I2 + HCl SO2 + Br2 + H2O → H2SO4 + HBr Бағалау критерийі: Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіреді. Дескриптор: - Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қойып теңестіреді; - Тотықтырғыштарды анықтайды; - Тотықсыздандырғыштарды анықтайды. РЕФЛЕКСИЯ. «Бес саусақ» әдісі арқылы: Басбармақ – мен үшін маңызды және қызықты. Сұқ саусақ – мен қиналдым (маған ұнамады). Ортаңғы саусақ – маған жеткіліксіз болды. Атауы жоқ саусақ – менің көңіл-күйім. Кішкентай саусақ – менің ұсыныстарым. | Элементтер жазылған қағаз қиындылары Презентация Презентация Презентация, нұсқаулық Видеоресурс Презентация |
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау |
А деңгейіне жай заттардың тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулеріне мысал келтіруге, реакция теңдеулерін теңестіруге тапсырма беріледі. В деңгейіне жай және күрделі заттардың тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулеріне мысал келтіруге, реакция теңдеулерін теңестіруге тапсырма беріледі. С деңгейіне күрделі заттардың тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулеріне мысал келтіруге, реакция теңдеулерін теңестіруге тапсырма беріледі. | Мұғалімнің сөзбен, қимылмен қолпаштап мадақтауы; Оқушылардың өзара баға беруі; Бағалау критерийіне сай бағалау. | Химия кабинетінде тазалық пен қауіпсіздік ережесін сақтау. Психологиялық жағымды ахуал орнату. |
Сабақ бойынша рефлексия | Берілген бөлімді сабағыңызды сараптау үшін қолданыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңызға қатысты маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Сабақ / оқу мақсаттары нақты болды ма? | ||
Оқушылардың барлығы дерлік ОМ жете алды ма? | ||
Жоқ болса, не себепті? | ||
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | ||
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? | ||
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | ||
Жалпы баға: | ||
Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында мен оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда мен неге назар аударуым керек? 1. 2. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру