Электрондық баланс әдісі. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Электрондық баланс әдісі.

Оқу мақсаты:

9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар білу керек:

- Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қоюды.

Көп оқушылар білу керек:

- Табиғатта қандай жағдайда тотығу-тотықсыздану процесі болатынын.

Кейбір оқушылар білу керек:

- Тотығу-тотықсыздану процесінің өмірдегі пайдасы мен зиянын.

Бағалау критерийлері:

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

- Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қоя алса;

- Табиғатта қандай жағдайда тотығу-тотықсыздану процесі болатынын түсінсе;

- Тотығу-тотықсыздану процесінің өмірдегі пайдасы мен зиянын білсе.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар материалды түсіндіргенде қолданылады:

Пәнге қатысты лексика және терминологияны: тотығу-тотықсыздану реакциялары, тотығу процесі, тотықсыздану процесі, тотықтырғыш, тотықсызданды, тотықсыздандырғыш, тотықты.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестерді:

Тотығу дәрежесі дегеніміз ..............

Тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде .......... процестері қатар жүреді.

Тотығу процесі ...........

Тотықсыздану процесі...............

Электрондық баланс әдісі .............

Құндылықтарды қалыптастыру

Жұптық және топтық жұмыстар арқылы сыйластық және ынтымақтастыққа, өмір бойына оқуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Бастапқы білім

7.3А Химиялық реакциялар.

8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім/оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

10 мин

5 мин

Сабақтың ортасы

15 мин

Сабақтың аяғы

3 мин

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушыларды сабақтың мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларға өткен тақырыпты еске алу үшін сұрақ:

- Электрондық баланс дегеніміз не?

- Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеулерін қалай теңестіреміз?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Қажет болса, толықтыру.

Деңгейлік қайталау тапсырмаларын орындау.

1-деңгей

Берілген реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісі арқылы теңестіріңіздер:

  • Al + O2 =Al2O3
  • N2 + O2 =NO
  • KCIO3 = KCI + O2
  • CuO =Cu + O2
  • Fe3O4 + AI = AI2O3 + Fe
  • Li + H2O = LiOH + H2
  • NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + H2O
  • Fe(OH)2 + H2SO4 → Fe2(SO4)3 + SO2 + H2O
  • HNO3 + CuS → CuSO4 + NO + H2O
  • CrO3 + HBr → CrBr3 + Br2 + H2O

2-деңгей

Металл бұйымдардың тат басып бүлінуі, тамақ өнімдерінің ашуы, газ, отын, мұнай өнімдерінің жануы процесін түсіндіріңіз.

Дескриптор:

- Реакция теңдеулерін жазады;

- Металл бұйымдарының тат басып бүлінуін, тамақ өнімдерінің ашу процесін түсіндіреді.

Бағалау: Мұғалім тарапынан (сөзбен, қимылмен, белгілермен мадақтау).

Оқушылар тақырыпты бекіту мақсатында қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды.

Жұмыстарын мұғалімге тапсырады.

Рефлексия «Блоб ағашы».

Мұғалім әр топқа «Блоб ағашын» беріп, өз деңгейлерін белгілеуді ұсынады.

Үй тапсырмасы:

Теңдеулерді электрондық баланс әдісімен теңестіріңіздер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңыздар:

HNO3+Cu → Cu(NO3)2+NO2+H2O

Na23+KMnО4+H24 →Na24+MnSО4+K24+H2О

Презентация

Қалыптастырушы бағалау парағы

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау

Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың деңгейін анықтап, соған байланысты жұмыс жасалады.

Мұғалімнің сөзбен, қимылмен қолпаштап мадақтауы;

Бағалау критерийіне сай бағалау.

Химия кабинетінде тазалық пен қауіпсіздік ережесін сақтау. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

Сабақ бойынша рефлексия

Берілген бөлімді сабағыңызды сараптау үшін қолданыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңызға қатысты маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ / оқу мақсаттары нақты болды ма?

Оқушылардың барлығы дерлік ОМ жете алды ма?

Жоқ болса, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Жалпы баға:

Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда мен неге назар аударуым керек?

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру