Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланыс. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
«Бекітемін» Күні: | ||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1A Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары | Мектеп: Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Жанахметов А.С. Дүйсек А.К.
| |||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланыс | |||||||||||
Кәсіби даму мақсаты | Жазылым және айтылым әдістерін қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілетін дамыту | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.4.1.7 бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты түсіндіру; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | А) Бейорганикалық қосылыстарды талдайды Б) Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттейді және тұжырымдайды | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы Бейорганикалық қосылыстарды талдайды Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрады Генетикалық байланысты жүзеге асырады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік мақсат Оқушы орындауы тиіс:ауызша және жазбаша жауаптарда ғылыми терминологияны қолдану Пәнге қатысты лексика мен терминология Қышқылдық, негіздік, екідайлы оқсидтер, тұз түзуші және тұз түзбейтін оксидтер;орта, қышқылдық, негіздік тұздар сілті, суда ерімейтін негіздер, екідайлы негідер Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Кальций оксидін суда еріткенде құрамы ..... зат түзіледі. Алюминиий оқсидінің құрамы ....... химиялық формуламен өрнектеледі. Бұл оксид ....... оксидтер типіне жатады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, слайд | |||||||||||
Бастапқы білім | 9.1A | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-1
1-10
10-12 12-16 16-20 20-30 | Сабақ басында: Оқушылармен амандасу, жаңа сабаққа жинақтау. Қайталау
Мақсаты: Ізденушілік – зерттеу әдістері арқылы болжамдау және себеп-салдық байланысты анықтау дағдыларын дамыту Тапсырма сипаты: Оқушыларға белгісіз қосылыстардың индикаторға және SMART-құралына әсері бойынша кластарға болжап, сәйкес формуласын құрастырады. Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар жауабын тауып кестені толтырады. Мұғалім іс-әрекеті: Белгісіз қосылыстардың индикаторға әсерін жүргізеді, мұғалім бақылайды. Оқушы іс-әрекеті: сұрақтарға жауап береді, қосылыстың класын анықтайды, анықтамасын жазады, Кері байланыс: оқушы-мұғалім Бағалау: Бағалау критерийлері арқылы өзін бағалайды Бағалау критерийлері: Бейорганикалық қосылыстарды талдайды Дескриптор: - Бақылауларды кестеге тіркейді; - Бақылау негізінде қышқылдардың, негіздердің, тұздардың табиғатына болжам жасайды; - химиялық формуланы дұрыс құрастырады, кемінде әр мысалға келтіреді; - Қышқылдық тұз немесе негіздік тұзды болжайды; Жаңа сабақ
Мақсаты: Контекстті оқыту әдісін қолданып генетикалық байланысты туыстық мағына арқылы ұғындыру. ( Адамның табиғатында бала әкесімен одан алды атасымен бір генетикалық байланыста болады. Проблемалық сұрақ: Ендеше кальций сульфатының генетикалық қатарындағы ең негізгі бөлшек яғни «атасы» қандай элемент деп санайсыз? ) №1 Тапсырма сипаты: Оқушылар нұсқаулық бойынша тапсырма құрып, жұпта зерттеушілік жұмыс орындайды, генетикалық байланыстың маңызын тұжырымдайды Мұғалім іс-әрекеті: мұғалім зерттеушілік жұмыстың мақсатын көрсетеді, бақылайды. Оқушы іс-әрекеті: Топта генетикалық қатар құрып схемасын жасайды Кері байланыс: оқушы-мұғалім Бағалау критерийлері: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттейді және тұжырымдайды. Дескриптор: - Реактивтерге талдау жүргізеді; - Бақылау негізінде қажетті реакцияға болжам жасайды - Генетикалық айналымды іске асырады; - Химиялық формуланы дұрыс құрастырады; - Генетикалық қатар схемасын дұрыс толтырады; | Семантикалық карта Слайд № 2 Тапсырма парағы | ||||||||||
30-39 |
Мақсаты: Зертханалық жұмыстың негізі бойынша бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланысына айналымды құрастыру Тапсырма сипаты: Оқушылар металдар және бейметалдар үшін генетикалық қатар құрастырулары керек. Мұғалім іс-әрекеті: бақылайды, бағалайды. Оқушы іс-әрекет: Оқушылар берілген тұздардың генетикалық қатарын жасайды Бағалау критерийлері: Генетикалық байланысты жүзеге асырады. Дескриптор: - жай заттардан күрделі заттарды алуға болады; - бір класс қосылыстарынан келесі кластың қосылыстарын алуға болады;
| Слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Рефлексия «Қоржыныма салған білімім» | |||||||||||
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Өзара бағалау бағалау критеийі арқылы бағалау, мұғалімнің бағалауы |
| ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру