Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1A Атомда электрондардың орналасуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 8.1.3.6 «нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формулаларын құру;

 Сабақ мақсаттары

  • атомдардың сыртқы қабатын толтыру кезінде ионға айналатынын түсінеді.
  • иондардың зарядтары негізінде қосылыстар формуласын жаза алады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер оқушы:

  • Элементтердің периодтық жүйедегі орнына байланысты ион зарядын анықтай алса;
  • «Нөлдік сумма» әдісімен қосылыстардың формулаларын құра алса;
  • Қосылыстардағы әрбір элементтің ион зарядын анықтай алса.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

атом, электрондық қабат, энергетикалық деңгей, жүйелік, топ, қашықтық, жуық, барынша алшақ, ішкі, сыртқы орбиталь (s, p), ядро

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Бұл атом ядросы, ал бұл электрон.

Электрондар әр түрлі энергияға ие және энергияларына сәйкес белгілі қабаттарда таралған.

Электрондар қабаты атом ядросынан жақын/алыс орналасқан

Қай электронда энергия көп/аз?

 Құндылықтарды дарыту

 

Топпен жұмыс жасау, бір-бірін тыңдау және сыйлау құндылықтары

 Пәнаралық байланыстар

Физика, математика.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Оқушыларды түгелдеп, сабақты жоспарлап алу.

Сабақтың тақырыбын анықтап, сабаққа қойылатын мақсаттарды атап өту.

Миға шабуыл «Ақ тақта»

Оқушыларға презентациядан атом/ионның таңбасын көрсетіңіз, олар ақ тақтаға атом/ионның электрондық конфигурациясын жазады.

Сабақтың ортасы

6-10 минут

11-15 минут

16-25 минут

26-35 минут

Жұптық жұмыс

Оқушылар жұпта натрий және хлор иондарының түзілу схемасын жазады және «натрий атомы жоғалтқан электрон қайда кетті?» немесе «хлор атомы электронды қайдан қосып алады?» деген сұраққа жауап іздейді.

Мұғалім түсіндірмесі

Элемент атомдарының ион түзуі нәтижесінде қосылыстарға айналуын түсіндіру және қосылыстағы иондар зарядтарының қосындысы нольге тең болады.

Топтық жұмыс

Оқушылар топта «Зарядтың нольдік қосындысы» және иондардың зарядтары жайлы білімдеріне сүйеніп, заттардың формулаларын құру жазбасының алгоритмін құрастырады.

Заттардың формуласын құрастыру алгоритмі

Бинарлы заттардың формулаларын құрастыру:

 

1.Затты құрайтын элементтердің таңбаларын бір қатарға жазамыз:

мысалы, Na O

2.Химиялық элементтердің жоғары жағына ион зарядын қоямыз :

+1 -2

Na O

3. Ион зарядының кіші ортақ еселігін табамыз: 2

 

4. Ең кіші ортақ еселігін элементтердің ион зарядтарына бөліп, индекстерін табамыз:

 

+1 -2

Na O 2: 1 =2 (Na) формула – Na2O.

2: 2 =1 (О)

«Нөлдік қосынды» әдісімен формуланы жазу

+ 1∙1 + (-1) ∙1 = 0

Тексеру

Келесі заттардың химиялық формулаларын

құрастырып, нөлдік сома әдісімен тексеру өткізіңіздер

CxOy

SixOy

CaxNy

 

Жеке жұмыс

Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындап, бірін бірі тексереді.

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия. Сабақтан соң көңіл күйіңіз қандай?

Үй жұмысы ретінде оқушыларға келесі иондар беріледі, оқушылар солардың ішінен мүмкін болатын формулаларды құрастырады: Н+, Li+, Аl3+, NH4+, F-, SO42-

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсендііс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытут уралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру