Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе №5 «Судың қайнау үдерісін зерттеу». Химия, 7 сынып, дидактикалық материал.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ № 5
Судың қайнау үдерісін зерттеу
Мақсаты: суды қыздыру мен қайнату үрдістерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар:
табанымен штатив,
стакан,
су,
термометр,
мензурка (өлшеуіш цилиндр)
электр плиткасы (спиртшам, құрғақ спирт)
Жұмыс барысы
1. Мензурка немесе өлшеуіш цилиндрдің көмегімен 100 мл суды стаканға құю.
2. Судың температурасын өлшеу. Стаканды электр плитканың үстіне қойыңыз, немесе спиртшам жалынының үстіне орнатыңыз.
3. Әр 2 минут сайын температураны өлшеп, мәндерді 1-кестеге толтырыңыз.
4. Суды қайнағанға шейін жеткізіңіз, қайнау температурасын өлшеңіз, 1-кестеге толтырыңыз
Кесте 1
Δt, мин | ||||||||
t, ˚C |
5. Температураның уақытқа тәуелділігін көрсететін график салыңыз.
6. Суды қыздыру мен қайнату қайнау кезінде температураның уақытқа тәуелділігін көрсететін графикті сипаттаңыз.
7. Жасалған тәжірибенің негізінде қорытынды жасаңыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру