Металдардың белсенділік қатары. № 4 Практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1.С Металдардың белсенділігін салыстыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Металдардың белсенділік қатары.

№ 4 Практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.7 -эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру;

8.2.4.8 -металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау.

 Сабақ мақсаттары

- мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқаулығы негізінде зерттеу жоспарын ұсыну;

- берілген металдардың реакцияға түсу қабілеті бойынша өз болжамдарын жасау;

- ғылыми тілді қолдана отырып, мұғалім көмегімен қарапайым өз қорытындыларын жасау;

- өздерінің зерттеу жоспарының артықшылықтары / кемшіліктері бағалау және оларды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Бағалау критерийлері

- өте белсенді металл белсенділігі төмен металдың тұзының ерітіндісінен сол металды ығыстыратындығын түсінеді;

- орынбасу немесе ығыстыруға қатысты терминдерді пайдаланып ығыстыру процестерін ауызша немесе жазбаша сипаттай алады;

-орынбасу реакциясына жүйелі зерттеу әзірлейді.

 Тілдік мақсаттар

 

Металдардың белсенділік қатарын ауызша сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Белсенділік қатары, металдар, тұз ерітінділері, орынбасу

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзіне, өзгеге құрмет көрсету және ынтымақтастық – жұппен, топпен жұмыстану барысында, академиялық адалдық – өз бетімен жұмыстану барысында, ашықтық – оқушылар өз бетімен сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтай алуда көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

физика

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану арқылы білімін қолдану және тыңдалым дағдылары қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

2-10 минут

Ұйымдастыру кезеіңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттары айтылады.

Сыныппен жұмыс «Серпілген сауал»«Химиялық диктант»

Мақсаты: Алдыңғы сабақта өтілген металдардың қышқылмен, сумен әрекеттесуі негізінде металдардың белсенділігін еске түсіру, басқа реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау, өнімдерді болжау.

Тапсырма сипаты: Оқушыларға металдардың қышқылдармен реакциясын туралы білімдерін тексеру үшін презентациядан химиялық реакциялар көрсетіледі.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың берілген реакцияларды талдауын бақылайды.

Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар берілген реакцияларды сипаттап,өнімдерді болжайды.

Кері байланыс: Қателіктер айтылып жөнделінеді.

Бағалау: бірін- бірі бағалау.

Презентация

Сабақтың ортасы

10-50 минут

50- 60 минут

60-75 минут

Топтық жұмыс

Мақсаты: Металдар мен тұз ерітіндісі арасындағы химиялық реакцияны білу;

Тапсырма сипаты: Оқушыларды топқа бөліп, оқушыларға жұмыс парақтары таратылып, «Металдардың белсенділігін салыстыру» №4 сарамандық жұмыс орындалады.

Алты сынауыққа 1/4 көлемде тұз ерітіндісін құйыңыз.

1.мыс

2.темір

3. мырыш

4. күміс

5. кобальт

6. никель

Әрбір сынауыққа бір уақытта темір, мыс, магний, мырыш, салыңыз.

Тәжірибе нәтижесін бақылап, жазыңыз.

Кері байланыс.

Тәжірибе нәтижесін оқушылармен талқыланады.

Бағалау дескрипторлары:

  • Металдардың белсенділігін түсінеді;
  • Белсенділік қатармен танысады;
  • Белсенділік қатарының сипатын зерттейді;
  • Әр түрлі ерітіндіде металдардың реакциясын болжай алады.

Сыныппен жұмыс

Тапсырма сипаты: Тұз ерітінділері мен металдар арасындағы реакция нәтижелері бойынша металдарды реакцияға түсу қабілетінің кемуі реті бойынша орналастырыңыз.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Металдардың белсенділік қатары жайлы анықтама мен мағлұмат айтады, және құрған реттіліктерін салыстыруды сұрайды.

Оқушының іс-әрекеті: Пайдаланылған тұздардың құрамындағы металдарды және жеке берілген металдарды реакцияға түсу қабілеті бойынша , орынбасу реакциясын қолдана отырып, қорытынды жазады.

Кері байланыс: Оқушылармен металдардың басқа металдарға қарағанда белсенділігі жоғары немесе төмен екені туралы талқыланады.

Сыныппен жұмыс

Мақсаты: Mеталдардың активтілік қатарын белгісіз реакциялардың жүру нәтижелерін анықтау үшін қолдану

Тапсырма сипаты: Оқушыларға металдардың активтілік қатарын белгісіз реакциялардың жүру нәтижелерін анықтау үшін қолдануға тапсырма беріледі.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Жұмыс парақтарын береді, тапсырманың нұсқаулығын түсіндіреді.

Оқушының іс-әрекеті: талқылау жасайды. Кесте толтырады. Көрсетілген реакциялардың теңдеулерін жазады.

Кері байланыс. тәжірибелерге байланысты тапсырма парақтары таратылып, орындалады. Кейін мұғалімге тапсырады.

Бағалау: Оқушылардың тапсырма парағына жазылған теңдеулері тексеріліп, келесі сабақта қателіктері айтылады.

сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы .

тұз ерітінділері: мыс, мырыш, темір, күміс, кобальт, никель

мыс, мырыш, темір, магний

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=m55kgyApYrY

Сабақтың соңы

75-80 минут

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет туралы кері байланысты блоб ағашында көрсетеді.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

Қорытынды.

Үй тапсырмасы: Металдардың белсенділік қатары қайда және қалай қолданылатындығы туралы хабарлама жазу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру