Металдардың белсенділік қатары. Практикалық жұмыс № 1 «Металдардың белсенділігін салыстыру». Химия, 8 сынып, презентация.


Металдардың белсенділік қатары

Практикалық жұмыс № 1 «Металдардың белсенділігін салыстыру»

МАҚСАТЫ :

-тәжірибе нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру, оны анықтамалықта берілген нәтижемен салыстыру, металдардың белсенділік қатарын қолдана отырып металдардың жүруі мүмкін орынбасу реакцияларына болжам жасау;

Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі

Керекті құрал-жабдықтар, реактивтер: сынауық, мырыш, темір үгіндісі, мыс, алюминий, сұйытылған тұз қышқылы

Тапсырма: Төрт сынауыққа әртүрлі металл үлгілерін салыңдар. Бірінші-мырыш, екінші-темір үгіндісі, үшіншіге -мыс, төртіншіге- алюминий. Барлық сынауықтарға сұйытылған тұз қышқылынан 1-2 мл құйындар. Не байқадыңдар? Қайсы сынауықта газ бөлінгені байқалды? Қайсы сынауықта өзгеріс болмады?

Металдардың тұздармен әрекеттесуі

Керекті құрал-жабдықтар, реактивтер: сынауық, мырыш, темір шеге, қалайы, мыс сульфаты, темір хлориді, күміс нитраты.

Үш сынауыққа мыс сульфаты ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш, екінші-темір шеге, үшіншіге -қалайы.

Екі сынауыққа темір хлориді ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш, екінші- қалайы ,

Үш сынауыққа күміс нитраты ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш, екінші-темір шеге, үшіншіге -қалайы

Не байқадыңдар? Қайсы сынауықта өзгеріс байқалды? Қайсы сынауықта өзгеріс болмады?

Металдардың сумен әрекеттесуі

Керекті құрал-жабдықтар, реактивтер: сынауық, метал натрий, магний, су.

Тапсырма: Екі сынауыққа 2 мл су құйындар, әртүрлі металл үлгілерін салыңдар. Бірінші-натрий, екінші-магний. Не байқадыңдар? Қайсы сынауықта газ бөлінгені байқалды? Реакция жылдамдығына назар аудар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру