Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Бірінші сабақ. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


«Айқыш-нөл» тексеру ойынын жүргізуге нұсқаулық.

 Бұл ойын жұптық жұмыс ретінде ұйымдастаралады. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар ұсынылады. Олар күрделілігімен ерекшеленеді. Кез келгенін таңдап, өз кезегінде жұбына жауап береді. Егер дұрыс жауап берген болса, онда айқыш белгісімен немесе дұрыс емес жауапты нөлмен белгілейді.

Видеоресурс қолдануға нұсқаулық.

Моноклоналды антидене өндірілу процесін визуализациялау үшін қысқа мерзімді жоспардағы дереккөзді (https://www.youtube.com/watch?v=uuT08OT3wTc) немесе қосымша ұсынылған видеоматериалды қолдануға болады.

“Тұжырымдамалық карта” құру әдісін ұйымдастаруға нұсқаулық

 І. Әр топ өз тақырыпшаларына қатысты негізгі ақпаратты қолданып постерге шағын концепт-карта құрады. Қорытындылау үшін төрт топтың жұмысын тақтада біріктіруге болады.

 ІІ. Әр топ тақырыпшаларына қатысты 3-4 минуттық талдаудан кейін, бір ғана оқушы тұжырымдамалық картаны тақтаға сызуға болады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жауаптары:

Моноклоналды антидене қолданудың артықшылығы мен кемшіліктерін ажырату

Артықшылықтары:

• Жоғары біркелкілікпен, көп мөлшерде өндіріледі.

• Бір эпитопқа ғана жоғары арнайыланған, төмен кросс- реактивтілік көрсетеді.

• Дәрі-дәрмектерді диагностикалау мен емдік препараттар дайындалады.

• Сүт бездері және тері ісіктерін, ревматоидты артритті пен лейкоз т.б. ауруларды емдеу үшін қолданылады.

• Нәруыз деңгейінің сандық мөлшерін анықтауды талап ететін талдауға өте сезімтал.

Кемшіліктері:

• Өндіруге қымбатырақ.

• Гибридтендірілген клонды шығаруға және дамытуға көп уақытты қажет етеді (+/- 6 ай).

• Өндіріс тышқандарды қолдануына байланысты, бұл генетикалық инженерия этикасы төңірегінде пікірталас туындатады.

1) B

2) D

3) A – тышқанда антиденелердің түзілу үшін вакцинация жасалады.

B - тышқанның антиденелер түзетін көкбауыр жасушалары операция

кезінде алынған.

C - бұлар миелома деп аталатын ісік жасушаларымен біріктірілген.

D - бұл гибридома жасушасын түзеді.

E - олар лабораторияда өсіріледі және антиденелер шығаратындары

іріктеледі.

F – антиденелер жинақталды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу