Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Бірінші сабақ. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Домино әдісі

Терминдер

Анықтамалар

Гибридома

Екі түрлі жасушаларды біріктіру арқылы алынған гибрид жасушалар: ынталандырылған жануар көкбауырынан алынған В-лимфоцит түзуге қабілетті жасуша мен миеломаның ісік жасушалары

Қосылу

Плазмалық жасушалардың ісік жасушалармен будандастырылуы

Скрининг

Рекомбинантты антиденелер фрагменттерінің үлкен коллекцияларынан моноклоналды антиденелерді оқшаулау

Култивация (өсіру)

Таңдалған антидененің өндірілуі

Моноклоналды антидене

Жасушалардың бір клонының антиденелері

T-лимфоциттер

Тимус безінде түзілетін және иммундық жүйеде антигендерді жасуша бетіндегі рецепторлармен байланыстырып, иммундық жауап деп аталатын іс-әрекетті атқаратын лимфоциттердің кез-келгені.

B-лимфоциттер

Антиденелер бөліп шығарады, бірақ өзі бөлінбейді

Енжар иммунитет

Белсенді иммунитеті ынталандырылған басқа ағзадан антиденелер алуына байланысты қалыптасатын иммунитет

Белсенді иммунитет

Организмнің қорғаныс механизмдері антигендермен ынталандырылғаннан кейін ағзаның өзі антиденелер өндіруіне байланысты қалыптастаын иммунитет

Қосымша 3

«Айқыш-ноль» тексеру ойыны

«Гибридома» терминіне анықтама беріңіз

Моноклоналды антиденелер өндірісінің алғашқы кезеңін сипаттаңыз.

Моноклоналды антидене өндірісінің барлық кезеңдерін сипаттаңыз.

Неліктен моноклоналды антиденелер ізгілендірілуі керек?

Неліктен моноклоналды антиденелер бар дәрілер қымбат? Моноклоналды антиденелердің бір артықшылығын атаңыз

«Моноклоналды антиденелер» терминіне анықтама беріңіз

Моноклоналды антиденелер ісік жасушаларын қалай жояды?

Моноклоналды антиденелерді қай жерде қолдануға болады?

«Т-лимфоциттер» терминіне анықтама беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу