Зертханалық жұмыс «Ауксиннің тамыр өсуіне әсері». Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс
Ауксиннің тамыр өсуіне әсері
Жұмыс мақсаты:
......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Болжам:

Құрал - жабдықтар:
1. 3-индолилсірке қышқылы (гетероауксин) – құрғақ зат.
2. 3- индолилмай қышқылы – құрғақ зат
3. 0,05 н. KMnO4 ерітіндісі
4. қазтамақтың қалемшесі, хлорофитум ( бидай тұқымдары)
5. 50 мл-лік өлшегіш колба
6. 5 мл-лік тамызғыш
7. 25 мл-лік өлшегіш цилиндр
Қауіптілік көздері
Қатер | Қатердің сипаты | Қатерді азайтуға бағытталған бақылау шаралары |
Жұмыс барысы:
- Бастапқы 0,01 %-тік өсіргіш заттардың/стимулятордың ерітіндісін даярлаңыз.
- 0,01% -тік индолилсірке қышқылы ерітіндісін алу үшін 5 мг 3-индолилсірке қышқылын (гетероауксин) өлшеңіз және 50 мл колбаға салып, сол көлемге дейін дистилденген су құйып араластырыңыз.
- 0,001 %-тік концентрациялы өсіргіш заттардың ерітіндісінен 0,01 %-тік ерітінді алыңыз.
- 0,001 %- тік ерітіндіні даярлау үшін: бастапқы 0,01 %-тік ерітіндіден 5 мл алып 50 мл-лік өлшегіш колбаға құйыңыз және белгіленген жеріне дейін дистильденген су құйыңыз.
- Қалған 0,0001%-тік, 0,00001%-тік және 0,000001%-тік ерітінділерді жоғарыда жасалған ерітіндіге ұқсас даярлаңыз. Өсіргіш, стимулятор ерітіндісін даярлау үшін әртүрлі сериялы концентрацияларды дайындап алу қажет. Концентрацияны даярлау методикасын түсіндіріңіз.
- Экспериментке қазтамақ, хлорофитум өсімдіктерін және (бидайдың тұқымын) қолдану Оларды әртүрлі дайындалған концентрациялы ерітінділерге салыңыз. Зертханалық жұмыс үшін екі апта қажет.
Тәжірибе нәтижесін есептеу. Өсімдіктің өсуін қадағалу және өлшемдерін алу; кестеге толтыру; нәтижелерін салыстыру, әрі талқылау.
Деректер мен нәтижелерді жинақтау:
№ | Раствордың концентрациясы | Тамыр саны/бірліктер | Тамырлардың бастапқы ұзындығы/мм | Тамырлардың соңғы ұзындығы/мм (2 апта өткен соң) |
1 | 0,01 % ИУК | |||
2 | 0,001 % ИУК | |||
3 | 0,0001 % ИУК | |||
4 | 0,00001 % ИУК | |||
5 | 0,000001 % ИУК |
Нәтижені талдау
Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, график құрыңыз.
Қорытынды
......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Бағалау
Жұмыс барысында жіберілген кемшіліктер
.....................................................................................................................................................
.....................................................................................................................................................
Жұмысты жақсарту жолдары

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру