Фотосинтездің шектеуші факторлары. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні: _______________________________ Сынып: ___________
Фотосинтездің лимитирлеуші факторларын зерттеу.
Түсініктеме:
Фотосинтездің жылдамдығын, оттегінің бөлінуі арқылы анықтауға болады. Фотосинтездің жылдамдығын бұл процеске қатысатын заттарды өлшеу арқылы зерттеуге де болады. Бұл заттарға көмірқышқыл газын сіңіру, оттегіні бөліп шығару немесе уақыттың өзгеруіне байланысты биомассаның өзгеруі жатады. Белгілі уақыт аралығында оттегінің бөлінген мөлшерін өлшеу арқылы, фотосинтездің жылдамдығын/қарқындылығын анықтауға болады.
Мақсат: Су өсімдігі – элодеядағы өтетін фотосинтез процесінің жылдамдығына жарықтың белсенділігінің әсерін зерттеу.
Айнымалылар:
Тәуелсіз | |
Тәуелді | |
Бақыланатын (өзгермейтін) |
Гипотеза: ……………………………………………………………………………………………………………………………………………….
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Құрал-жабдықтар:
- Су өсімдігі – элодея/кабомба.
- 20% натрий гидрокарбонаты
- Сынауық
- Жарық шамы
- Құбыр суы
- Өлшеуіш цилиндр
- Термометр
- Химиялық стакан -1000 мл
- Сызғыш
- Шұқырақ (воронка)
- Шыны экраны немесе суы бар шыны стақан
Қауіпсіздік:
Кауіптің көзі | Қауіптің түрі | Минимумге жеткізу жолдары |
1. 2. |
Жұмыс барысы:
- Су ішінде элодеядан 5-6 см сабағын кесіп алыңыз.
- Алынған өсімдіктің қалемшесін құбыр суы бар 1 л стаканға орналастырыңдар.
- Суға 0,2 моль литр-1 20% натрий гидрокарбонатын қосыңдар.
- Элодея үстіне шұқырықты айналдырып орналастырамыз, үстіне бөлінетін газды жинау үшін суы бар сынауықты кигіземіз де, натрий гидрокарбонатымен қосамыз.
- Термометр көмегімен судың температурасын өлшеңдер (20 ° C шамасында).
- Химиялық стаканды 60 Вт жарық көзінен (20, 25, 30, 35, 40, 45 см) арақашықтықта орналастырамыз да, жарық белсенділіген люксметрмен әр қашықтықта өлшейміз. Әр арақашықтықта элодея кемінде 5 минут аралығында орналауы қажет. Осы уақыт аралығында бөліген оттегі көпіршіктерін санап алу керек.
- Мәліметтерді жазбас бұрын әр жаңа арақашықта элодеяның бейімделуі үшін 5 минутқа қалдыру қажет, содан кейін эксперименті жалғастыру керек.
Фотосинтездің қарқындылығын есептеуга арналған формула.
Фотосинтездің қарқындылығы = бөліген оттегінің көпіршіктер саны/уақыт (минут)
Мәліметтерді толтыру:
Оттегі бөліну жылдамдығын есептеп, кестені құрастырыңыз (5 минут ішіндегі көпіршіктердің саны).
Есептер үшін:
Графикті сызыңыз.
Мәліметтерді пайдала отырып, әр фотосинтез қарқындылығының жарық интенсивтілігіне тәуелділігіне байланысты графикті сызыңыз.
Нәтижеңізіді талдаңыз:
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.