Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
ДНҚ технологиясы көтерген қауіпсіздік және этикалық мәселелер
Жаңа қауіпті патогеннің пайда болу мүмкіндігі бар рекомбинантты ДНҚ-ға байланысты қауіп-қатер бойынша алаңдаушылық ертеректе байқалған. Не болуы мүмкін мысалы, обыр (рак) клеткаларының гендері бактерияларға немесе вирустарға салынған жағдайда? Осындай қатерлі микробтардың алдын алу үшін Америка Құрама Штаттары мен және кейбір басқа елдердегі ғалымдар ресми нормативтік актілер ретінде қабылданған бірқатар нұсқаулықтарды әзірледі. Бір қауіпсіздік шарасы зерттеушілерді жасанды микробтардың қорғауға және микробтардың кездейсоқ зертханадан шығаруына жол бермеуге арналған қатаң зертханалық процедуралардың жиынтығы болып табылады. Одан басқа рекомбинантты ДНҚ тәжірибелеріне қолданылатын микроағзалар штаммдары зертханадан тыс тіршілік етпеу үшін генетикалық зақымдалады. Соңғы кезде белгілі бір қауіпті эксперименттерге тыйым салынған.
Бүгінгі таңда көпшілік қауымдастық рекомбинантты микробтар емес, азық-түлік ретінде қолданылатын генетикалық түрлендірілген (ГМ) организмдердің қауіпі туралы алаңдайды. ГМО-бұл басқа ағзаның немесе тіпті сол түрдің басқа іріктемесінің бір немесе бірнеше генін жасанды жолмен алған ағза. Мысалы, албырттың өсу гормонына белсенді ген қосу арқылы кейбір модификацияланған албырт балықтары алынған. Дегенмен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге ықпал ететін ГМ организмдерінің көпшілігі жануарлар емес, ауылшаруашылық өсімдіктері болып табылады. ГМ егістіктері Құрама Штаттарда, Аргентинада және Бразилияда кеңінен таралған; бұл елдердің егістіктері бірігіп, әлемдегі осындай егістікпен айналысатын аймақтың 80% -дан астамын алады. АҚШ-та, жүгері, соя және канола дақылдарының көпшілігі генетикалық түрлендірілген және қазіргі кезде ГM өнімдерін таңбалау талап етілмейді. Дегенмен, бұл азық-түлік өнімдері ГМ революциясына қарсы шыққан Европада үнемі жалғасып келе жатқан дау-дамай тақырыбы болып табылады. Көптеген еуропалықтар ГМ өнімдерінің қауіпсіздігі мен ГM өсімдіктерін өсірудің экологиялық салдарына алаңдаушылық білдіреді. 2000 жылы 130 елден келген қатысушылар экспортқа шығарушылар мен азық-түлік өнімдерін көтерме жеткізуге қатысатындар және импорттаушы елдерге өнімдер экологиялық немесе денсаулыққа қауіпті болып табылатынын анықтауға, ГМ-организмдердің биоқауіпсіздігін анықтауды талап ететін Хаттама туралы келіссөз жүргізілді. Дегенмен, Құрама Штаттар келісімге қол қоюдан бас тартқанмен, ол бәрібір күшіне енген болатын, себебі көптеген елдер оны қолдады. Содан бері еуропалық елдер кейде Құрама Штат пен басқа елдердің егу тұқымдарынан бас тартуы сауда дауларын туындатты. Гендік модификацияланған өсімдіктердің аздаған мөлшері еуропа топырағында өсірілді, бұл өнімдер әдетте жергілікті нарықта сәтсіздікке ұшырады, ал Еуропада ГM дақылдарының келешегі белгісіз. Мүдделілер ГМ өсімдіктерге сақтықпен қарайды, өйткені трансгенді өсімдік өзінің жаңа гені жақын орналасқан аймақтағы туыстарына тасымалдануы мүмкін. Біз көгалдар мен ауылшаруашылық өсімдіктерінің әдетте жабайы туыстарымен тозаңдардың тасымалдануы арқылы гендері алмасатынын білеміз. Егер гербициттерге, аурулар мен зиянкестерге төзімді гені бар ауылшаруашылық өсімдіктерді жабайы жәндіктермен тозаңданатын болса, ұрпақтары бақылау өте қиын арамшөптер болуы мүмкін. Тағы бір алаңдаушылық ГМ өнімдерінен адам денсаулығына қауіп тудыруы мүмкін. Кейбір адамдар трансгендердің протеиндік өнімдері аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін деп қорқады. Бұл жағдайдың пайда болуы туралы кейбір дәлелдер бар болса да, қорғаушылар аллергиялық реакция тудыратын бұл протеиндерді өнідірместен бұрын, алдын ала тексеру қажеттігін негіздейді.
Бүгінде бүкіл әлем бойынша үкімет пен реттеуші органдар ауылшаруашылықта, өндіріс пен медицинада жаңа өнімдер мен атқару тәртібінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін биотехнологияны пайдалану мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Құрама Штатта биотехнологияның бұндай қосымшасы әртүрлі реттеуші органдармен ықтимал қауіп-қатермен бағаланады, атап айтатын болсақ Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау, Қоршаған ортаны қорғау агенттігі, Денсаулық сақтау ұлттық институты және Ауыл шаруашылық министрлігі. Биотехнологиядағы жетістіктер адам мен көптеген басқа түрлердің генетикалық тізбектерін алуға мүмкіндік берді, бұл гендер туралы кең ауқымды ақпарат жинауды қамтамасыз етті. Біз белгілі бір гендердің түрлерден түрлерге қалай ерекшеленетінін, сондай-ақ гендер мен толық геномдарда гендер қалай дамығанын сұрай аламыз. Сонымен қатар жеке адамдар геномын секвенирлеудің арту жылдамдығы мен құнының құлдырауы айтарлықтай этикалық мәселелер көтереді. Біреудің генетикалық ақпаратын тексеруге кімнің құқығы болу керек? Бұл ақпарат қалай пайдаланылуы керек? Адам геномы сақтандыру немесе жұмысқа жарамдылығын анықтайтын факторы болуы керек пе? Этикалық көзқарастар, сондай-ақ экологиялық және денсаулыққа қатысты ықтимал қауіп-қатерлерге байланысты алаңдаушылық биотехнологияның кейбір қолданылуларын баяулатады. Іргелі зерттеулер мен оның әлеуетті пайдасының тым көп реттелу қауіпінің үнемі болуы. Алайда, ДНҚ технологиясы мен гендік инженерияның күші-мыңдаған жылдар бойы дамып келе жатқан түрлерді біздің терең және жылдам өзгертуге қабілетіміз-бізден сақтық пен төзімділікті талап етеді.
Пайдалы сілтемелер:
Гендік модификацияланған ағзалар туралы көзқарастар https://postnauka.ru/talks/25280
Гендік модификацияланған азық-түліктер қауіпсіздігі: http://www.who.int/foodsafety/areas_work/food-technology/faq-genetically-modified-food/ru/
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.