Электрокардиографиямен зерттелетін жүректегі электрлік үрдістер. Биология, 10 сынып, презентация.
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФИЯМЕН ЗЕРТТЕЛЕТІН ЖҮРЕКТЕГІ ЭЛЕКТРЛІК ҮРДІСТЕР.
Тарау: 10.4 D Биомедицина және биоинформатика.
Алдыңғы білім: Жүрек: 8, 9
Күтілетін нәтиже:
Осы бөлімде оқушылар электрокардиографияның және электроэнцефалографияның мәнін түсінеді
Сабақтың мақсаты:
Жүректегі электрлі үрдістерді зерттеу
Электрокардиографияның және электроэнцефалографияның мәнін түсіндіру
Жетістік критерийі
Терминдер
Жүрек жасушаларының негізгі қызметтері, қасиеттері
Автоматизмдік қызметі
Рефракторлық қасиеті
Өткізгіштік қызметі
Жиырылғыштық қасиеті
Қозғыштық қасиеті
Жүрек автоматизмі – жүректің өзінде пайда болатын импульс (серпін) әсерінен жиырылу қабілеті. Импульс екі жүрекше мен екі қарыншаның бұлшық ет қабырғаларына беріледі де олардың жүйелі ырғақты жиырылуын туғызады.
Қозғыштық - бұл жүрек жасушаларының электрлік импульстар арқылы қозуы. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық,
химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады.
Рефрактерлік- қозу үстіндегі жүрек етінің тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті.
Жиырылғыштық -қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады.
Өткізгіштік – жүрек жасушаларының
электрлік импульстерді өткізуі.
Жүректегі электрлік үрдістерге
шолуЖүректің өткізгіштік
жүйесі1-Синусты (синоатриальды
немесе Кисс-Флек) түйінұзындығы 15 мм, ені 5мм, қалыңдығы 2мм болатын оң жақ жүрекшенің жоғарғы бөлігінде орналасқан түйін.
1
Жүректің өткізгіштік
жүйесі2-AV (АВ) түйін
Жүрекше –қарыншалы жүйе. Жүректің өткізгіштік ұлпасының осін құрайтын, ұзындығы 5-6 мм, ені 2-3 мм болатын А-бәсең, V-жылдам өткізгіш каналдарынан тұрады.
2
Жүректің өткізгіштік
жүйесі3-Гисс шоғыры жүрекшелі-қарыншалы шоғыр. Жүрекше миокарды мен қарынша миокардын байланыстырады.
Қарыншааралық пердешеден шоғыр оң және сол аяқшаға бөлінеді. Гисс шоғыры бағанасының жалпы ұзындығы - 8-18 мм, ені - 2 мм. Өткізгіш сегменті АV
түйінінің артерия қантамырымен байланысқан.
3
Жүректің өткізгіштік
жүйесі4-Пуркинье талшықтарын өткізгіш миоцит жасушалары құрайды. Жиырылғыш кардиомиоциттермен салыстырғанда ашық реңді, миофибрилдері аз болады. Бұл жасушалар Гисс шоғыры мен оның тармақтарында жатады. Олар арқылы қозу қарынша миокардының жиырылғыш кардиомиоциттеріне өтеді.
4
Жүректің өткізгіштік
жүйесіОң жақ жүрекше
Синусты түйін
АV- түйін
Гисс шоғыры
Пуркинье талшықтары
Гисс шоғырының аяқшалары
Сол жақ жүрекше
Жүректің қозғыштық
қасиетіПоляризация
Мембрананың өткізгіштігі төмен болғандағы тыныштық қалпы. Мембрана сыртында натрий және кальций иондары, ал ішінде калий иондары болады. Яғни мембрана беткейінде потенциалдар айырмашылығы жоқ. Мембрана сырты оң зарядталған, ал іші теріс зарядталған болады.
Жүректің қозғыштық
қасиеті
Деполяризация
қозу импульстерінің әсерінен жасуша мембранасының өткізгіштігі жоғарылайды. Мамандандырылған ферменттер натрий және кальций иондарын мембрана ішіне , ал калий иондарын сыртқы беткейіне шығарады. Мембрана беткейінде потенциалдар әр түрлі болады.
Натрий концентрациясының жоғарылауы
Жүректің қозғыштық
қасиетіРеполяризация-
қозудан тыныштық қалыпқа өту. Натрий және кальций иондары жасуша мембранасынан сыртқа қарай, калий иондары жасуша ішіне қарай өтеді. Нәтижесінде келесі қозу импульстері өткенге дейінгі тыныштық қалып сақталады.
Натрий концентрациясының жоғарылауы
шығады
ішке қарай енеді
Жүректің электрлік жүйесі
дұрыс жұмыс істемесе, не болады?......Вольф-Паркинсон-Уайттың синдромы (WPW)
Тумалы жүрек құрылымдарының аномалиясы.
Жүректегі электрлік импульстердің өтуі барысындағы ауытқулар.
Кент шоғыры – оң және сол жүрекшелердегі немесе қарыншалардың біріндегі аномальді шоғыр.
АV –өткізгіштігінің Махейма талшықтары, Джеймс шоғыры, Брешенмаше тракты сияқты аномальді жолдардың пайда болуы.
Бұл шоғыр WPW синдромының патогенезінде маңызды рольге ие.
Қосымша шоғыр импульсті жылдам таратуының нәтижесінде интерваларалықтары P — R (P — Q) қысқа болады.
WPW синдромы АV түйінінің кез-келген өткізгіштігінің нәтижесінен туындаған жүрек ауруларынан пайда болады.
Адамдарда себепсізден себепсіз талма пайда болады.
WPW синдромы, аритмия талмасымен үнемі пайда болуы, жүректің ішкі гемодинамикасын бұзып, жүрек камераларының кеңеюі мен миокардтың жиырылғыштығының төмендеуіне алып келеді.
WPW синдромындағы
реципрокты тахикардияСинусты түйін
АV- түйіні
Кент шоғыры
Электрлік импульс
WPW синдромы
Брешенмаше тракты
Джеймс шоғыры
Жүректің қалыпты өткізгіштік жүйесі
Вольф-Паркинсон-Уайттың синдромы
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау
1
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.