Жүйке ұлпасының қызметі мен құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін талдау. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Онлайн сабақтың жоспары (синхронды оқыту)

Сынып: 10

Оқу мақсаты: 10.1.7.2

жүйке ұлпасының қызметі мен құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін талдау

Сабақтың мақсаты: (саралап оқытуды ойластыру):

1. Жүйке ұлпасының қызметі мен құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін сипаттау

2. Жүйке жасушаларының екі түрінің айырмашылығы және ұқсастығы туралы қызметтерін атау.

3. Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушаларының типтерін, қызметтерін анықтап

салыстыу.

Сабақтың нәтижесі (материалдық артефакт дәлелдемелер):

Білім индикаторлары:

Дағды индикаторлары:

Нейрондар мен глиалды жасушалардың суреттері, сипаттамасы, ақпараттық мәтіндер, Power point.

жүйке ұлпасының қызметі мен құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін талдайды, түсіндіреді,

анықтама береді.

Нейронда жіктейді;

түрлерін ажыратады;

Уақыты (минут)

Мен не істеймін және не айтамын

Оқушылар не істейді және не айтады

Оқыту құралдары

1-кезең. Ұйымдастыру-ынталандыру:

Сәлемдесу.

(T) Оқушылармен “ұлпа” терминінің мәнін талқылаңыз.

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаты таныстырылады.

Ұлпа бойынша алдыңғы білімдерін қолданып, сұрақтарға жауап береді.

Сабақ мақсаттарын айқындау үшін тақырып бойынша қызықтыратын, білгісі келеті сұрақтарды ортаға салады.

Power point

2-кезең. Теориялық-практикалық:

Слайдтағы материалдармен жұмыс:

(T) Жүйке талшығы екі құрамдас бөліктен тұратындығын түсіндіріңіз: нейрондар және глиалды жасушалар.

Оқушылар берілген ақпараттармен танысады.

Глиалды жасушалардың екі түрін қарастыруды ұсынылады:

  • макроглия жасушалары немесе глиоциттер (астроциттер, олигодендроциттер, эпиндимоциты);
  • микроглия жасушалары.

Слайдтағы материалдармен жұмыс:

(T) Жүйке талшығы екі құрамдас бөліктен тұратындығын түсіндіріңіз: нейрондар және глиалды жасушалар

Нейрондардың кейбір түрлерін анимация арқылы көрсетуге болады

(I/G) Оқушыларға нейрондардың түрлері бейнеленген түрлі суреттерді ұсыныңыз. Дереккөзден материалдарды қолдана отырып, оқушыларды бейнелерді атауларымен және қызметтерімен толтықтыруды сұраңыз.

Мұғалім түсіндірмесін тыңдайды.

Бағалау критерийлері:

- нейрондар мен глиалды жасушалардың түрлерін суреттер бойынша анықтайды;

- жасушалардың суреттерін атаулары мен атқаратын қызметтерімен толықтырады.

Power point

https://www.getbodysmart.com/nerve-cells/unipolar-neurons

https://youtu.be/2IlVid6HO9s

Жұптық тапсырма беріледі.

(G) Оқушыларға жасушалардың екі түрінің айырмашылығы және ұқсастығы туралы кесте толтыруды ұсыныңыз. Оқушыларға жасушаның екі түрі туралы ақпаратты, сондай-ақ олардың құрылу сызбаларын ұсыныңыз.

Салыстыру кестесін қызметтер бойынша, құрамы бойынша, орналасуы бойынша және т.б. құрастыруға болады.

Power point

3-кезең. Рефлексиялық-қорытындылау:

Рефлексия.

Оқушылар хабарлама жазу арқылы кері байланыс береді.

Тимс-та

Үй тапсырмасы. Кесте толтыру

Оқушылар осы сабақ туралы өз білімдерін толықтырады.

Оқушылар берілген уақыт шегінде тапсырманы орындап, жүктеулері қажет.

.

Өткізілген сабаққа талдауым (сабақ жоспарында нені өзгертуге болатыны туралы түсініктеме)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.