Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Модельдеу «Жүйке ұлпаларын зерттеу». Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарау 9.2С Координация және реттелу, биофизика | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Модельдеу «Жүйке ұлпаларын зерттеу». | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 9.1.7.2 жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау | |||||
Сабақтың мақсаттары | Ұлпаның құрылымдық компоненттерін атау, оларды суретте анықтай білу. Нейроглия түрлерін ажырату, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын сипаттау. Олигодендроциттердің, микроглияның, астроциттердің, эпендимальды жасушалардың қызметтерін атау. | |||||
Бағалау критерийлері |
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеді. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -нейроглия түрлерін анықтауды; -олигодендроциттер, микроглиялар, астроциттерді салыстыруды; Пәнге қатысты лексика мен терминология: нейрондар, олигодендроциттер, микроглиялар, астроциттер, эпендимальды жасушалар; Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Олигодендроциттер пішіні бойынша ……………. , қызметі……………………….; Микроглиялар пішіні бойынша ……………. , қызметі……………………….; Астроциттер пішіні бойынша……………. , қызметі……………………….; Эпендимальды жасушалар пішіні бойынша ……………. , қызметі……………………….; | |||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет: оқушылар сабақ кезінде өзіне және басқаларға кедергі келтірмейді, басқалардың пікірін соңына дейін тыңдайды. . Мұғалім әр оқушының пікірін тыңдай отырып, кері байланыс береді. Академиялық адалдық: өзара бағалауда және өзін-өзі бағалаудағы адалдық. Өмір бойы оқыту: оқушының деңгейіне сәйкес тапсырмаларды өз бетінше орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындалған тапсырмалар бойынша өзіндік рефлексия орындайды. Ынтымақтастық: әркімнің ойының құнды қағидатын сақтау; өзара оқыту ортасын құру. Патриоттық және азаматтық ұстаным: қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыс | Тірі ағзалардағы электр процестерін зерттеу кезінде физикамен пәнаралық интеграция | |||||
Алдыңғы білім | Жүйке жүйесінің түрлері, жүйке жүйесінің қызметтері және оның құрылымдық компоненттері-7 сынып. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
Ой шақыру Интербелсенді тақтадан сурет көрсетіледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады. 1.Оқушылармен “ұлпа” терминінің мәнін талқылау 2.Жүйке ұлпасы дегеніміз не? 3.Сіздер жүйке ұлпасының қандай компоненттерін білесіздер? Осы сұрақтарға жауап ала отырып сабақ тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлерін қалыптастыру. | Слайд1--2-3
| |||||
Сабақтың ортасы | ||||||
Мұғалімнің ұлпаның негізгі құрылымдық компоненттерін ( нейроглияның түрлері) қысқаша түсіндіруі. Жұптық жұмыс: Тапсырма Дайын микропрепараттарды/ суреттерді/ нерв ұлпасының микрофотографияларын қарастыру және нейроглияның түрін, жасушаның пішінін, жасуша құрылысының ерекшеліктерін анықтау. Дескрипторлар 1.Нейроглия түрін анықтайды 2. Жасушаның пішінін сипаттайды, 3.Жасуша құрылысының ерекшеліктерін көрсетеді. Жұптық жұмыс: Модельдеу« Жүйке ұлпасы құрылысы» моделін құрастыру. Дескрипторлар 1.Ұсынылған үлгі объект элементтерінің барлық маңызды бөліктерін көрсетуі тиіс 2. Үлгі ұқыпты орындалуы және аяқталуы тиіс 3. Үлгі өлшемі А4 форматынан аспауы тиіс Бағалау критерийлері: •ұлпаның негізгі құрылымдық компоненттерін көрсетеді; •жүйке ұлпасы жасушаларының морфологиялық ерекшеліктерін көрсетеді Жұмысты өзара бағалау |
Слайд4-18 Құрал-жабдықтар мен материалдар: микроскоп, жүйке ұлпасының микропрепараттары,ақпараттық парақтар Слайд19-20-21 Ермексаз, ақпараттық бюллетеньдер, жүйке ұлпасының дайын суреттерін/ микротүсірілімдері Слайд22 | |||||
Топтық жұмыс. Тапсырма Нейрон мен глиал жасушаларын салыстыру, нәтижелерді Венн диаграммасы ретінде ұсыну. •Олигодендроциттер және астроциттер •Микроглиялар және эпендимальды жасушалар •Олигодендроциттер және эпендимальды жасушалар Дескриптор 1.Жасушалардың 4 түрін құрылыстарының ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері бойынша салыстырады 2.Жасушалардың 4 түрінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсетеді
| Слайд23 | |||||
Топтық жұмыс: Тапсырма Ресурстарды қолдана отырып, жасушалардың атауымен олардың құрылымының ерекшеліктері және олардың қызметтері ұқсастықтарын сәйкестендіріңіз. Дескрипторлар 1. Ұлпа құрылымы ерекшелігін анықтайды 2. Ұлпа қызметін анықтайды. | Слайд24 Қосымшалар 2 | |||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Рефлексия. «Бестік». Сізге қол үлгісі беріледі. Әрбір саусағыңыз - өз көзқарасыңызды білдіруге болатын қандай да бір позиция.Бас бармақ маған маңызды және қызықты.Көрсеткіш саусақ - маған қиын болды (маған ұнамады);Орташа - мен үшін жеткіліксіз болды;Менің саусам - көңілім.Кішкентай саусақ - менің ұсыныстарым. | \ | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Барлық оқушылар мынаны жасауы керек: Жүйке жасушасының құрылысын біледі Көптеген оқушылар мынаны жасауы керек: Жүйке ұлпасының құрам бөліктерін анықтап, түсіндіре алады Кейбір оқушылар мынаны жасауы керек: Нейрондар, нейроглиялар арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты көрсетеді 1.Ресурстар 2. Әртүрлі деңгейлі тапсырмалар 3. Ақпаратты қабылдау және өңдеу ерекшеліктері әртүрлі оқушыларға бейне - және аудиоматериалдар, сондай – ақ пластилин/қол астындағы материалмен жұмыс істеу ұсынылады | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Талқылау кезіндегі оқушылардың жауаптары арқылы Сәйкестендіру тапсырмаларының жауаптары арқылы Моделде ауызша сипаттаулары арқылы Сұрақ қоя білуы мен сұраққа жауаптары арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындау кезінде. Кері байланыс – жүйке жасушасы құрылысы мен жүйке жасушасы қызметі арасындағы өзара байланысты орнатқанда | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б. Микроскоп және микропрепараттармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.