Модификациялық өзгергіштік. Белгілер өзгергіштігінің вариациялық қатары. Зертханалық жұмыс «Модификациялық өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру». Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.3В Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аутаев Мухит Серикович

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Модификациялық өзгергіштік. Белгілер өзгергіштігінің вариациялық қатары.

Зертханалық жұмыс « Модификациялық өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру»

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқыту мақсаты

10.2.4.1 модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

Сабақтың мақсаты

  • Модификациялық өзгергіштік туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру;
  • Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтарын түсіну;
  • Модификациялық өзгергіштік заңдылықтарын зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру;
  • Зертханалық жұмыс барысында негізгі таңбалануларды, формулаларды және терминологияларды дұрыс пайдалану;

Бағалау критерийі

Оқушылар берілген ақпараттан негізгілерін дұрыс таңдап алады. Белгілер өзгергіштігінің вариациялық қатарын дұрыс құрастырып, вариациялық қисығын дұрыс сызады. Негізгі таңбалануларды, формулаларды дұрыс пайдаланады. Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтарына арналған есептерді дұрыс шығарады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Өзгергіштік, модификациялық өзгергіштік, вариациялық қатар, вариант, статистикалық әдіс, орташа арифметикалық шама, орташа квадраттық ауытқу, орташа арифметикалық шаманың қателігі, вариация коэффициенті.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
  • Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды;
  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді;
  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Азаматтық жауапкершілік:

  • Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды.

Пәнаралық байланыс

Математика.

АКТ-ны пайдалану дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдалану, сондай-ақ ғаламтордан қажетті ақпараттарды өздігінен іздеп табу және керегін іріктеп алу арқылы сын тұрғысынан ойлауларын, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту

Жоспар

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақ барысына жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

Ұжымдық ортаны қалыптастыру.

(оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлерін білу)

2-6 мин

Ой қозғау:

Мұғалім сөзі: Осы көрсетілген егістік алқабынан қанша астық жинап алуға болады?

Яғни егістік алқабынан шамамен қанша астық жинап алуға болатынын білу үшін мыналарды анықтауымыз керек:

  • Егістік алқабынын ауданың
  • Белгілі бір ауданда (мысалы 1 қанша масақ өсетінін
  • Әр масақта қанша дәнек бар екенін
  • Әр дәнектін салмағын білуіміз керек
  • Әр ауданда өсетін масақтар саны, масақтардағы дәнектер саны, әр дәнектін салмағы бірдей, біркелкі болама?
  • Жоқ
  • Бірдей, біркелкі болмауы тіршіліктің қандай қасиетіне негізделген?
  • Өзгергіштік
  • Сонда бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақ.

ИТ, презентация 1-3 слайдтар

7-10 мин

Жаңа тақырыпқа шығу

Модификациялық өзгергіштік.

Белгілер өзгергіштігінің вариациялық қатары.

Зертханалық жұмыс « Модификациялық өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру»

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

- Модификациялық өзгергіштік туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру

- Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтарын түсіну

- Модификациялық өзгергіштік заңдылықтарын зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру

- Зертханалық жұмыс барысында негізгі таңбалануларды, формулаларды және терминологияларды дұрыс пайдалану

ИТ, презентация 4-5 слайдтар

11 -15 мин

Мағананы ажырату:

Модификациялық өзгергіштік

(бейнебаян)

Бейнебаян

16 -36 мин

Ұғыну:

Оқушылар таратылып берілген теориялық материалдан дәптерлеріне терминдердін мағанасын ашып, формулаларды жазып алады.

Теориялық материал 1

37-40 мин

Mұғалім зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды, зертханалық парақшаларды таратады.

Зертханалық жұмысты ұйымдастырады

Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, зертханалық жұмыс парақшалары

41 -74 мин

Оқушылар зертханалық жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтарды таңдап алып, зертханалық жұмыс парақшаларындағы қадамдар бойынша зертханалық жұмыс жүргізеді.

Оқушыларда қиындық туындаған сұрақтар болса, мұғалім интербелсенді тақтаның (6-15 слайдтар) көмегімен бағыттап отырады.

Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, зертханалық жұмыс парақшалары

ИТ, презентация 6-15 слайдтар

Сабақтың соңы

76-80 мин

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтың күтілетін нәтижелеріне жеттік пе? (сабақтың мақсатына оралу)

Рефлексия. «Құтқару белдемшесі». Оқушылар сабақта қиындық тудырған немесе түсініксіз болған сұрағын берілген рефлексия парақшасына жазады

ИТ, презентация 16 слайд

Рефлексия парақшалары

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға есеп шығару кезінде мұғалім көмек береді.

Күрделілік деңгейлері әртүрлі есептер

Жұппен бағалау

Кері байланыс

Рефлексия «Құтқару белдемшесі»

Интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт қолданбау.

Партада дұрыс отыруларын қадағалау.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі мезеті ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде сынып пен жекелеген оқушылар туралы не білдім, келесі сабаққа не дайындалуға не көмектеседі?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.