Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: 10.3А Жасушалық цикл Мұғалім: | |||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар | ||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | Оқушылар .. жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіре алады | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||||||||||
Жетістік критерийі | Оқушы біледі:
Оқушы түсінеді:
Оқушы жасай біледі:
| ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика: Жасуша бөліну түрлері, митоз фазалары, хромосомалар, обыр, қалыптан ауытқу (атипия), көппішінділік (полиморфизм), обырлық трансформация, генетикалық бейімділік, механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық канцерогендер, гемобластоздар, Конгейм теориясы (дизонтогенетикалық теория), Вирхов теориясы (ирритационды теория), бластомогенез паразитті теориясы, вирустық теориясы, иммуннологиялық теориясы Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Обыр аурулары арасында ауру адамдардың саны бойынша ең көп таралғаны ... Бұл теорияның мәні ... болып табылады Бұл теорияның дәлелі болып .... деректері саналады | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта бірге жұмыс орындау ашықтық және жауапкершілікті, ал тыңдалым көшбасшылық кабілеттерін дамытады | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия, физика, генетика, экология | ||||||||||||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Оқу үдерісін презентациясы, оқу фильмдерді көрнекілеу. Microsoft PowerPoint | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жасушалық цикл (9 сынып), митоз және мейоз үрдістері (9 сынып) | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақ басы 2-5 минут 5-10 минут 6-12 минут | 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Өткен материал бойынша білімді тексеру. Оқушыларға билет үйлестіріп, олар топқа бөлінеді. Мұғалім әр топқа жасушалық цикл кестесін толтыруға береді. Әр топ өз кестесін оқып шығады, басқа топ оларды бағалайды. Мұғалім оқушыларға ой салады: жасушалық циклдің қай фазасында бөлінудің бұзылуы жүруі мүмкін (бұзылу жасушалық циклдің әр фазасында жүруә мүмкін, бұл жасушалардың бөлінунің бұзылуына әкеліп соғады). Жасушалар бөлінбейді де, G1 тыныштық күйіне кетеді, немесе бөлінуге жіберілмейді, немесе ережелерді бұзып бөлініп бастауы мүмкін. Қайсысы ең қауіпті саналады? 3. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтайды, сабақ мақсаты мен жетістік критерийлерін қалыптастырады. | Қосымша 1. Қосымша 2. Оқу презентациясы | |||||||||||||||
Сабақ ортасы 12-21 минут 22-30 минут 20-25 минут 25-30 минут 31-40 минут 41-50 минут 51-60 минут
60-70 минут
70-75 минут | 2. Теоретиялық бөлім. Обырдың пайда болу теориясы. Обыр (басқа аттары: жаңатүзілістер, неоплазма, бластома) – бұл ұлпалар мен мүшелерде өзіндік дамитын, жасушаларының әртүрлілігімен және ерекшелігімен, тәуелсіз өсумен ерекшелетін патологиялық түзіліс. Жаңа түзіліс (неоплазма, бластома) - әртүрлі дәрежедегі автономдығымен бөлектенетін тіндердің өсуінің ерекше реактивті формасы. Ісіктің пайда болуының негізінде организмнің канцерогендік факторларға реакциясы жатқандықтан, өсудің бұл формасы реактивті деп аталады. Осылайша, ісік дегеніміз ағзалар мен тіндерде өз бетінше дамитын, автономдық өсу, полиморфизм және клеткалар атипиясымен сипатталатын патологиялық түзіліс. Ісік бөлектеніп дамумен және организм тіндері ішінде өсумен сипатталады және организмнің басқа клеткалық құрылымдарынан екі негізгі айырмашылығы бар:
Белгілі себептерге байланысты клеткалар ісіктік қасиеттерді бойын сіңіре отырып, осы алынған өзгерістерді өздерінің ішкі қасиеттеріне айналдырады, сонан соң тұқым қуалаушылық жолымен өздерінің тікелей ұрпақтарына беріп отырады. Бұл құбылыс «ісіктік трансформация» деп аталады. Ісіктік трансформацияға ұшыраған клеткалар тоқтаусыз өсе бастайды және өсу аталған процеске себеп болған факторды жойғаннан кейін де жалғаса береді. Ал организм болса, ісік клеткаларының өсуін бақылай алмайды. Ісік пайда болғаннан кейін өзімен-өзі өсе береді. Тек организмнің қоректік және энергетикалық ресурстарын пайдаланады. Ісіктің осы көрсетілген ерекшеліктері автоматия деп, ал ісіктің өсуі автономдық деп аталады. Анаплазия немесе ісік клеткаларының пісіп-жетілуінің тұрақты түрде жойылуы, пісіп-жетілген қалыпты клеткалардың спецификалық тіндік құрылымдар түзу және спецификалық заттар бөлу қабілетінің жоғалтуы қатерлі ісіктерге тән қасиет. Анаплазиямен қатерлі ісіктер клеткаларының атипизмі тығыз байланысты. Ісіктік трансформацияға ұшыраған клеткалар, өздері шыққан тіндер клеткаларына қарағанда тезірек өсе бастайды. Өсу - көбею жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін. Осы кезде клеткалардың пісіп-жетілуі де әртүрлі дәрежеде бұзылады. Бұл құбылыс өз кезегінде клеткалардың ісік өсіп шыққан тіндер клеткаларынан морофологиялық айырмашылығы - клеткалар атипиясына, ісік құрамында морфологиялық белгілері жағынан әртекті клеткалардың болуы - полиморфизмге әкеп соғады. Пісіп-жетілудің бұзылу дәрежесі, тиісінше атипияның көрнектілігі әртүрлі болуы ықтимал. Ісікте жоғары дәрежедегі пісіп-жетілу сақталған болса, ісіктің құрылымы мен қызметі қалыпты жағдайға жақын болады. Пісіп-жетілу дәрежесі төмен немесе пісіп-жетілу қабілеті толық жойылған ісіктер (ісік өскен тінді анықтау мүмкін емес) өсу жылдамдығының жоғарылығымен, агрессиялық өсумен сипатталады. Оқушыларға қатерсіз ісік пен қатерлі ісік туралы ақпарат кесте көрсетіледі. Кесте - қатерсіз ісік пен қатерлі ісік арасындағы айырмашылық.
Содан соң мұғалім әр топқа Қазақстанда обыр ауруларының таралуын көрсететін диаграммалар мен графиктер ұсынады. Тапсырма: диаграммаларды талдап, «Обырдың таралу ерекшелігі қандай?» сұрағына жауап беру. Жауап беру регламенті 2 минуттан көп емес. Жұмыс қорытындысы бойынша әр топ жауап береді. Содан соң мұғалім әртүрлі аурулармен ауыру туралы кестесін көрсетіп, онда обыр аурулары екінші орында тұрғанын белгілейді. Бұл оқу мақсатының қаншалықты жеткізілгенін бағалауға мүмкіндік береді. Ой салу: Әртүрлі мүшелердің обыр ауруларының таралуының түрлі пайыздары неге байланысты? Өз болжамдарынды ұсыныңдар. Оқушылар жұптасып, 1 минут ішінде талқылап, содан соң әр топ өз болжамдарын ұсынады (мұғалім тақтада жазып тұрады). Оқушылардың болжамдарын бағалау үшін мұғалім обырдың түзуінің түрлі теорияларын қарастыруды ұсынады. Тапсырма: мұғалім сыныпты 4 топқа бөліп, әр топ обыр жасушаларының түзілу теориясының бірін алып, оны анықтап оқып, дәптерге жазып, басқа топқа ұсынады. 1 топ – Мутационды теория 2 топ – Тітіркену теориясы 3 топ – Иммунологиялық теория 4 топ - Бластомогенез паразитті теориясы Мұғалім оқушылармен бірге талқылайды, ең жарамдысын таңдайды.
Топ мүшелерінің орындауы. Негізгі жағдайларды дәптерге жазу. Жетістік критериялары бойынша өзарабағалау. Қорытынды жасау: Мұғалім оқушылармен обыр түзілу теорияларын оқыту алдындағы обыр түзілуінің болжамды себептерін талқылап, олардың дұрыстығын анықтайды. Оқу мақсатына қайтып келу. | Оқу презентациясы
Қосымша 3. Оқу презентациясы | |||||||||||||||
Сабақ соңы 75-80 минут | Кері байланыс: «Кері байланыс пирамидасы»
Үй тапсырмасы: «Адамның обыр ауруымен ауырмауы үшін қандай ережелерді ұстанып жүру қажет» тақырыбына эссе жазу. | Стикер Оқу презентациясы | |||||||||||||||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы | |||||||||||||||
Барлық оқушылар: Қорыту, абсорбция, ассимиляция мен ішектен бөліп шығару үдерістерін сипаттай алады Оқушылардың көп бөлігі: Асқорыту үдерістері мен мүшелерді байланыстырып талдайды Кейбір оқушылар: Бұл процестердің биологиялық маңызы түсіндіреді Қосымша ақпараттар, оқулықтар, ссылкалар мен веб-сайттар түрінде қолдау көрсетіледі. | (1) Ой шақыру кезеңінде сұрақтарға жауап беру арқылы өзін-өзі бағалайды, ЖАДА анықтайды. (2) Жұптық жұмыс нәтижесін өзара бағалайды (3) Қалыптастырушы бағалау | Денсаулықты сақтау техникасы. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты болды ма?/шындықпен үйлеседі ме? Барлық оқушылар оқу мақсаты бойынша жетті ме? Жетпесе не себепті? Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ме? Сабақ уақытша кезеңдері тұрақты болды ма? Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды ма? Неге? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз ойыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? | |||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.