Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: ФМН НЗМ Орал қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Досқали Г.І.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.1.3 редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды зерттеу және анықтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

тәжірибелік жолмен редукцияланатын және редукцияланбайтын қанттарды анықтайды

Көптеген оқушылар:

нұсқауларды қатаң сақтай отырып, тәжірибе кезінде болатын химиялық реакцияларды түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

жүргізілген тәжірибелерге бағалау беріп, оларды сандық қатынаста пайдалануды ұсына алады.

 Бағалау критерийлері

Тәжірибелік жолмен ерітінділердегі редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтай білу

нұсқауларды қатаң сақтай отырып, тәжірибе кезінде болатын химиялық реакцияларды түсіндіру

Тәжірибенің мақсатын, болжамын дұрыс анықтау

Бақылауларға талдау жасап, дұрыс қорытынды жасай алу

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Редукцияланатын немесе редукцияланбайтын қанттарды анықтауға арналаған химиялық тәжірибелерді сипаттау үшін сәйкесінше терминологияны пайдаланады және түстің көзге көрінетін өзгерістерін туғызатын химиялық үдерістерді түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

көмірсулар, мономерлер, полимерлер, қасиеттер, биологиялық қызметі, құрылымы, температура, белсенді үлескі, субстрат, редуцияланатын қанттар, редуцияланбайтын қанттар, моносахарид, дисахарид, мальтоза, сахароза, фруктоза, лактоза, галактоза, амилаза, амилопектин, крахмал, гликоген, целлюлоза, гексоза, мономер, полимер

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Бенедикт ерітіндісінің х см3 … қосыңыз.

Қоспаны х минут ішіндеқыздырамыз.

Түтікті … саламыз.

Алынған … түстергеназараударыңыз.

Қандай да бірнәрсеніңқорытындытүсінжазыңыз.

Дисахарид хлорсутектіқышқыләсеріменгидролизденеді.

Редуциялайтынқан … мыс сульфаты электронынбереді.

Мыс тотығыныңқызылшөгіндісі … түзеді/береді.

Редуцияланбайтынқанттар, егерертеректегидролизгеұшырамаса, Бенедикт реактивінежауапбермейді.

Сахароза глюкоза және фруктоза моносахаридтеріне ыдырайды.

 Құндылықтарды

дарыту

 

 

Оқушылардың бір – бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттестіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылады.

Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды.

Улы материалдармен жұмыс жауапкершілікті тәрбиелейді.

Жұптардағы жұмыс достастықты дамытады.

Қарым-қатынас дағдылары әріптесімен жұмыс және сұрақтарға жауап беру арқылы дамытылады.

 Пәнаралық байланыстар

Осы тәжірибеде қолданылатын реактивтер мен қышқылдар химиямен пәнаралық байланысты қамтамасыз етеді.

 АКТ қолдану дағдылары

ИАТ -дан көрсетілімдер мен видео арқылы тәжірибенің нұсқаулығын көреді, тыңдайды, тәжірибие жасауда пайдаланады.

АКТ тәжірибелердің орындалуын көрнекі көрсету үшін сабақ басында пайдаланылуы мүмкін.

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды іздеп табу, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Көміртектердің құрамдас элементтері (7-сынып)

Биологиялық мономерлер және полимерлер (8-сынып)

Көмірсулардың қызметтері (9-сынып)

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-5

6-8

8-13

Оқу үрдісін ұйымдастыру.

(М) Глюкоза мен сахарозаның диаграммалары тақтаға көрсетіледі.

(Ұ) Оқушыларға осы диаграммалардың көшірмелері таратылады және бейнеленген элементтердің құрамдас бөліктерін 2 минут ішінде белгілеу сұралады.

(Ж, Жж) Оқушылар тақтада осы диаграммалармен жұмыс істейді.

(f) Тақтада глюкоза мен сахароза бейнесін шығарылады, оқушылардың диаграммамен жұмысы тексеріледі. Оқушылар элементтердің қайсысы редуциялайтын, ал қайсысы редуцияланбайтын болып табылатынын анықтайды.

(М) Неліктен редуцияланатын қант реакция беретінін түсіндіріңіз

(М) Оқыту мақсаттары айтылады. Осы сабақтың мақсаты редуцияланатын және дедуцияланбайтын қантты анықтау үшін бірнеше тәжірибе жүргізу екенін айтады.«Clinistix» тест жолақтарын пайдалана отырып, глюкозаның редуциялану қабілетін көрсетіңіз, тест жолақтары сахароза тәрізді редуцияланбайтын қанттармен жұмыс кезінде боялмайтынын көрсетіледі.

Глюкоза мен сахарозаның сәйкесінше диаграммалары:

http://goo.gl/o45FO

Презентация

«Clinistix» тест жолағы

http://goo.gl/o2lTB

Сабақтың ортасы

13-16

16-20

20-25

25-50

50-60

60-70

(М) Қажетті заттарды көрсетіп, тәжірибені жүргізу барысын пысықтауға,

@= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға назар аударылады.

(К) Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттармен тәжірибені орындау туралы қысқа бейне көрсету.

(Жж) Оқушылар тәжірибенің мақсатын, болжамын анықтайды.

(Ж) Оқушылар жұпта жұмыс істейді және нұсқауларды сақтай отырып, алынған нәтижелерді кестеге жазады

(осы тәжірибені орындау барысын жақсы сипаттайтын оқу материалын таңдалады).Осы білімдерді қолданумен, біріншіден, әр түрлі моносахаридтерде пайда болатын түстің өзгеруін, екіншіден, глюкозаның әр түрлі концентрацияларына аталған мерзімнен кейін алынған түсті белгілей отырып, қанттың азаюын Бенедикт тесті арқылы зерттей алады.

) Талдайды.Оқушылар қаралатын химиялық құрамды толық түсіндіру үшін тәжірибені биохимия бойынша өз білімдерін пайдаланып, алынған нәтижелерді толық сипаттайды.

(Жж) Қорытынды жасайды. Бағалау.

Редуцияланатын қанттармен жақсы тәжірибенің сипаттамасын және бейнесін мына сілтеме бойынша табуға болады:

http://goo.gl/GoUyr

Редуцияланбайтын қанттармен тәжірибе:

http://goo.gl/9EF2h

Нұсқау парақтары.

70-75

(Ұ) Оқушылар жұмыс орындарын жинайды.

(f) Оқушыларәр түрлі көміртектердің суреттерінен редуцияланатын және редуцияланбайтын қантты олардың құрылу сызбалары бойынша сәйкестендіреді.

Сызба

Сабақ соңы

75-78

79-80

Кері байланыс: Нені білдім? Не қиын болды?

Нені жақсарту керек?

Үй тапсырмасы: «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар» тақырыбы бойынша Youtube мына сілтемелер бойынша бейне баян көріп келу

http://goo.gl/L3dx2

http://goo.gl/ZuF5b

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушылар нұсқауларды нақтысақтайтын болады. Жұптық жұмыс тәжірибені орындау кезіндегі қателерді болдырмауға көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушылар қыздыру кезіндегі температура мен уақыт өзгерістерін нақтырақ бақылайтын болады, сол арқылы редуциялайтын қанттар мен Бенедикт ерітіндісін қыздыру кезінде түстердің үлкен палитрасын бөліп көрсетеді.

Формативті бағалау сабақ басында диаграммада қанттардың құрылысын белгілеуден басталады.

Сәтті орындалған тәжірибелердің көп бөлігі оқушылардың нұсқауларды нақты сақтау ептілігінің көрсеткіші болады.

Оқушылардың қабілеттері сабақ басындағы, барысындағы және соңындағы сұрақтар арқылы тұрақты бағаланатын болады.

Тіршілік қызметінің қауіпсіздігі:

Бенедикт ерітіндісінің құрамына улы зат болып табылатын мыс сульфаты кіреді. Ауызға түсуін болдырмау үшін,мұқият пайдаланыңыз.

Көзілдірікті пайдалану міндетті, себебі тәжірибе қыздырумен байланысты. Түтікшелерді ашық от үстіне қыздырмаңыз, буды пайдаланған дұрыс.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді?

Оқыту ахуалы қандай болды?

Жоспарланған саралау тиімді болды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жиынтық баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ықпал еткен екі аспекті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.