Лабораториялық жұмыс «Аталық және аналық гаметаларды зерттеу». Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4А Көбею

Мектеп: НИШ ФМН гктобе

мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Асабаева А.К.

Класс: 9

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Лабораториялық жұмыс «Аталық және аналық гаметаларды зерттеу»

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.2 аталық және аналық гаметалардың құрылыс ерекшеліктерін зерттеу.

 Сабақтың мақсаттары

Адамның жыныс жүйесі тарауында адамның жыныс жасушаларының құрлысы туралы ақпаратпен таныстыру.

 Бағалау критерийлері

аталық және аналық жыныс жасушасының құрылыс ерекшеліктерін зерттейді.

 Тілдік мақсат

Оқушылар:

Адамның жыныс жасушаларын жазбаша сипаттай алады.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

Адалдық, топта жұмыла жұмыс жасау серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Жаһандық азаматтық: денсаулық сақтау, жыныстық жолмен таралатын ауруларының алдын алу жолдары ой шақыру кезеңінде.

 Пән аралық байланыс

Медицина

Алдын-ала білімдер

Көбеюдің маңызын тірі ағзалардың негізгі қасиетінің бірі - 6 сынып;

Омыртқалы жануарлардың көбею жүйелері жыныссыз және жынысты көбеюді. өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдері - 7 сынып;

Мүктер мен қырықжапырақтардың жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтардың мысалдары - 7 сынып;

Омыртқалы жануарлардың жыныс жүйесін салыстырады, өсімдіктердегі гүлдің құрылысы оның тозаңдануындағы маңызы - 8 сынып;

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

2 мин

Ұйымдастыру моменті (сәлемдесу)

Миға шабуыл: «Не туралы айтып жатырмыз?».

Оқушылар берілген мәліметтерді оқып, қандай тақырыпта екенін болжау керек. Өз жауаптарын негіздейді.

мәліметтер:

  • Энергия қоры Х 12-24 сағат аралығында белсенді қозғалу үшін жеткілікті.
  • Антони ван Левенгук Х, Карл Бэр Y ашты.
  • Х дамуы мен пісіп-жетілуі үшін 70-72 тәулік қажет.
  • Y тіршілігі үшін 12- 24 сағат қажет.

Х мен Y басқа жасушалардан ерекшелігі гаплоидты жиынтық болып табылады.

(жауаптар:

  • Энергия қоры сперматозоидтың 12-24 сағат аралығында белсенді қозғалу үшін жеткілікті.
  • Антони ван Левенгук аталық жыныс жасушаны, Карл Бэр аналық жыныс жасушасын ашты.
  • Аталық жыныс жасушасының дамуы мен пісіп-жетілуі үшін 70-72 тәулік қажет.
  • Аналық жыныс жасушасының тіршілігі үшін 12- 24 сағат қажет.
  • аталық пен аналық жыныс жасушалары басқа жасушалардан ерекшелігі гаплоидты жиынтық болып табылады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу. Мұғалім оқушылардың жауаптарын түзейді.

 

Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы

22 мин

5 мин

3 мин

Жаңа материалды игеру

(Р,I) инструктивті парақшалар арқылы оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды.

Жұмыс барысында теориялық материалдарды талқылайды.

(f) зертханалық жұмысты орындап бітірген оқушылар материалды бекіту үшін тапсырма ұсынылады.

Өзара бірін бірі бағалау (дескрипторлармен бағалау)

Дидактикалық материал

Слайд 4-6

Қосымша 1

Дидактикалық материал

Сабақтың соңы

5 мин

feedback: «3 ФАКТ»

оқушылар аталық жыныс жасушасы немесе аналық жыныс жасушаның 3 ерекшелігін атайды.

Үйге тапсырма: жыныс жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін білу.

Қосымша тапсырма:

Неліктен митохондрия ДНҚ –сы тұқым қуалайды тек аналық жағынан ?

(қабілеті жоғары оқушылар үшін)

Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелейтін элемент)

Дифференциация миға шабуыл кезіндегі диалог бойынша.

Дифференциацияжылдам жұмыс жасау бойынша .

Дифференциация қабылдау бойынша

Таратпа материал/видео

Өзара бірін бірі бағалау – тапсырмаларды орындаған соң

биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қосымша № 1

Аталық жыныс жүйесі аталық безден, шәует шығаратын түтіктен, қосалқы бөлімдері мен қуықасты безінен тұрады. Аталық жыныс безінде аталық жыныс жасушасы дамиды, бұл бездің сыртқы секрециялық қызметі және аталық жыныс безінен тестестерон гормоны бөлінеді, бұл бездің ішкі секрециялық қызметі. Аталық жыныс жасушалары бас, мойын және құйрық бөлімінен тұрады. Бас бөлімінде ядро және акросома орналасқан. Акросоманың құрамында аналық жұмыртқа жасушасының жарғақшасын ерітетін ферменттер бар. Мойын бөлігінде сперматозоидтың ұзын құйрығының қозғалысы үшін қажет энергиямен қамтамасыз ететін көптеген митохондриялар болады.

Шәует сперматозоидтардан және қосалқы бездердің сұйықтығынан тұрады. Ерлердің жыныс мүшесінен орташа алғанда 400 миллион сперматозоид бөлінеді, ол 3,5 мл шәуеттің мөлшеріне тең.

Сперматозоидтар – диаметрі шамамен 2,5 мкм және ұзындығы шамамен 50 мкм болатын ұсақ жасушалар.

Аналық жыныс жүйесі аналық жыныс гаметаларын өндіреді, нәресте дамуы үшін қажетті жағдай жасайды, сондай-ақ, аналық жыныс гормондарын бөледі.

Аналық гамета — жұмыртқа жасушасы аналық безде түзіліп, жетіледі. Онда ұрықтың жатырға бекінуіне дейін дамуы үшін қажетті қоректік заттар болады. Аналық гамета аталық гамета — сперматозоидқа қарағанда екі жүз елу мың есе үлкен.

қосымша 2

Салыстыру белгілері

аналық гамета

Аталық гамета

атауы

Жұмыртқа жасушасы

сперматозиод

Пішіні мен көлемі

Дөңгелек

0,1-0,2 мм

Ұзын

4,5-5,5 мкм

құрлысы

қоректік заттар бар, ДНҚ, артық аРНК

ДНҚ, центриоль мен митохондрия, акросома

қозғалысы

қозғалмайды

қозғалады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.