Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Өкпе көлемдері

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – адамның терең тыныс алғаннан кейінгі тыныс шығарғанда шығарылатын ауаның максималды мөлшері.

Тыныс алу жиілігі (ТЖ) - бір минуттағы тыныс алу (вдох) саны. Орташа мәні минутына рет тыныс алу.

Тыныс алу көлемі (ТV) – әрбір қалыпты тыныс алу кезінде жұтылған ауа мөлшері. Орташа мәні: 0,5 литр (500 мл).

Минуттық желдету (вентиляция немесе өкпелік желдету, 1 минуттағы өкпедегі ауа ағыны, тыныс алудың минуттық көлемі) (МV) – бір минутта өкпеге түсіп жатқан ауа мөлшері. Орташа мәні минутына - 6 литр.

Минуттық желдету = тыныс алу жиілігі × тыныс алу көлемі

МV = ТЖ × TV 6 литр = 12 × 0,5

тынығу

жаттығу

Тыныс алу жиілігі

Минутына 12 тыныс алу

Минутына 30 тыныс алу

Тыныс алу көлемі

0,5 литр

3 литр

Минуттық көлем

Минутына 6 литр

Минутына 90 литр

Минуттық көлемді анықтау арқылы адамның тыныс алу жағдайын бағалауға болады. Бұл әдіс түрлі ауруларды анықтау, емдеуде кеңінен қолданылады. Тынығу кезіндегі тыныс алу көлемі 50мл болады. Минутына шамамен 15 рет тыныс алатын адамның минуттық көлемін есептеп көрейік. 50мл х 15мин=750мл/мин

 Тыныс алу қозғалыстарының жиілігі

 Тыныс алу мен одан кейін келетін дем шығару бір тыныс қозғалысы деп есептеледі. 1 минуттағы тыныс алуды тыныс қозғалысының жиілігі (ТҚЖ) немесе жәй ғана тыныс жиілігі (ТЖ) деп атайды. Қалыпты жағдайда тыныс алу қозғалыстары ырғақты. Дені сау ересек адамның тыныш кездегі тыныс қимылының жиілігі минутына 16-20 болса, әйелдерде ол еркектерге қарағанда 2-4 тыныс көбірек. Әдетте “жатқан” кейіпте ТҚЖ азаяды (минутына 14-16), тік кезде – көбейеді (минутына 18-20). Нәрестедегі ТҚЖ минутына 40-50 рет, бес жаста 24-ке азады, 15-20 жаста 1 минутына 16-20 болады. Спортшыларда ТҚЖ минутына 6-8 болуы мүмкін.Тыныс алу жиілігін анықтау үшін қолды зерттеушінің асқазан асты тұсына қойып, әрбір демді ішінен алған сәтте сол аймақтың көтерілуіне көңіл аудару керек немесе пульсті анықтауға болатындай зерттеушінің қолынан ұстап, сол сәтте көзбен кеуде торшасының тыныстық қозғалыстарын қадағалап отыру керек. Осылайша тыныс алу қозғалыстарын минутына санайды. Міндетті түрде науқастың, оның тынысын санап отырғанын байқатпау керек, себебі ол жиілікті еріксіз өзгертуі мүмкін.

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына қарай өзгеруі

Жасы

1 минуттағы тыныс алу жиілігі

1

5

15-20

20-25

25-30

30-35

44

26

20

18

16

18

2- қосымша

Зертханалық жұмыс парағы

Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

Мақсаты: .................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Құрал-жабдықтар: шар, сызғыш

Жұмыс барысы:

Тыныс алу көлемін есептеу

  • Қалыпты тыныс алып, ауаны шарға үрлеп қалыпты тыныс шығарыңыз.
  • Шардан ауа шығып кетпес үшін тез аузын бұрап бекітіңіз.
  • Шарды жалпақ бетке, мысалы үстел үстіне қойыңыз.
  • Сызғыштың көмегімен шардың диаметрін өлшеңіз.
  • Мәліметті кестеге түсіріңіз.
  • Осы әрекетті екі рет қайталаңыз.
  • Орташа мөлшерін тауып оны кестеге түсіріңіз.

ДЕРЕКТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР

1-кесте

Сынақ

Тыныс алу көлемі

/см3/

1.

2.

3.

Орташа мәні

Шардың көлемін табуға арналған формула:

ЕСЕПТЕУ ЖҮРГІЗУ:

8. Бір минуттағы тыныс алу жиілігін анықтаңыз. Ол үшін қолды құрсақ тұсына қойып әрбір тыныс алуды санаңыз.

9. Шардың көмегімен бір реткі тыныс көлемін анықтадыңыз.

10. Жоғарыдағы формуланы қолданып тыныс алудың минуттық көлемін есептеңіз.

Нәтижені кестеге толтырыңыз.

Тыныс алу жиілігі

Тыныс алу көлемі

Тыныс алудың минуттық көлемі

1 минутта қалыпты тыныс алу жиілігі

10 рет отырып-тұрғаннан кейінгі тыныс алу жиілігі

1- кесте __________________________________

11. Әр түрлі физикалық жүктемеден кейінгі тыныс алудың минуттық көлемін есептеп кестеге толтырыңыз.

  • 10 рет отырып тұрғаннан кейін 1-6 қадамдарды қайталаңыз.
  • Нәтижені кестеге толтырыңыз.
  • Қалыпты және жүктемеден кейінгі тыныс алудың минуттық көлемін есептеңіз.

12. Қорытынды жасаңыз.

Талқылау сұрақтары:

1. Тыныс алудың минуттық көлемін білудің маңызы неде? ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................……………………………………………………………………………………………………..…………………...............................................................................................................................

2. Тыныс алудың минуттық көлеміне әсер ететін факторларды атаңыз ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................……………………………………………………………………………………………………..…………………...............................................................................................................................

3. Өз деректеріңізді топтың басқа мүшелерімен салыстырыңыз. Деректердегі айырмашылықтарды немен түсіндіресіз?

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................……………………………………………………………………………………………………..…………………...............................................................................................................................

3- қосымша



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.