Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.В Тынысалу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

 Сабақтың мақсаттары

  • Қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

 Бағалау критерийлері

  • Тыныс алудың минуттық көлемі ұғымын түсіндіреді;
  • Тыныс алудың минуттық көлемін анықтайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

тыныс алудың минуттық көлемін анықтай білудің маңызы мен тыныс алу жиілігі физикалық жаттығудың әсерін түсіндіру үшін айтылым, тыңдалым және жазылым дағдыларын қолдана алады. тыныс алу тақырыбындағы биологиялық терминдерді қолданып, ауызша жазбаша сипаттамалар бере алады.

Пәндік лексика және терминология:

тыныс алу жиілігі, тыныс шығару жиілігі, тыныс алудың минуттық көлемі, тыныс алу/шығару, терең тыныс алу/шығару.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Белсенді физикалық жаттығу жасаған кезде тыныс алу жиілігі ….... болады. Өйткені....

Егер физикалық жаттығулар саны ұлғайса, онда … ... .....

Терең дем алудың… ... ... болатынын байқадық.

Мен физикалық жаттығу жасаған кезде тыныс алу жиілігі … артық болады деп санаймын. Бұның себебі …

Егер физикалық жаттығулар саны артса, онда …

Физикалық жаттығулар ұзақтығы ұлғайған кезде, біз … байқадық.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау үшін математикалық формуланы қолдану. Аэробты және анаэробты тыныс алудың химиялық реакция теңдеуін пайдалану. Графиктер құру арқылы физикалық, математикалық білімдерін пайдаланады.

Алдыңғы білім

Дене жаттығуларының тыныс алуға әсері (6 сынып)

Адамның тыныс алу жүйесінің құрылысы (8-сынып)

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Алдыңғы білімді еске түсіру үшін оқушыларға ӨТС туралы «дұрыс» «бұрыс» тапсырмасын орындау сұралады.

Оқушылармен адамның тыныс алу жиілігі өзгере ме, оған қандай факторлар әсер етеді, тыныс алу жиілігінің өзгеруінің себебі неде сұрақтарын талқылау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. Бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-7 мин

Оқушыларға ақпаратпен танысу тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар тыныс алудың минуттық көлемін өлшеу, оның маңызын оқып біледі. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып кері байланыс береді.

Сұрақтар:

-Тыныс алудың минуттық көлемін қалай анықтауға болады?

-Қалыпты жағдайдағы тыныс алу көлемі белгілі болса, 1 минуттағы тыныс алу жиілігін қалай анықтаймыз?

Қалыпты жағдайдағы тыныс алу көлемі (0,5л) Х Тыныс алу жиілігі (16 рет/мин) =1минуттағы тыныс алу көлемі (8,0 л/мин)

(Қолдау көрсететін оқушыларға пропорция құру туралы бағыт беріледі)

Тыныс алудың минуттық көлемін есептеу жолын мұғалім оқушылармен бірге талдайды. 4-слайд

Шаманы қолдануды үйрету үшін оқушылардан 5 слайдтағы есепті шығаруды сұрайды. 6-слайдтағы есептің шешу жолы мен дұрыс жауабымен салыстырады.

Мұғалім өкпенің көлемдеріне тоқталып, оқушыларға шағын түсіндірме береді.

1 қосымша

4 -8 слайд

8-10 мин

Оқушылармен тыныс алудың минуттық көлемін білудің маңызы талқыланып, әртүрлі ауруларға шалдыққан адамдардың тыныс алудың минуттық көлеміндегі айырмашылықтардың себептері талқыланады.

3-қосымша

9-слайд

11-19 мин

Оқушыларға өздерінің тыныс алудың минуттық көлемін анықтау зертханалық жұмысын орындау тапсырмасы беріледі. Оқушылар қалыпты және физикалық жүктемеден кейінгі тыныс алу жиілігін есептеу арқылы тыныс алудың минуттық көлемін анықтайды. Тыныс алудың минуттық көлемі формула арқылы есептеледі. Тыныс алу қозғалыстарының жиілігін 1 минуттағы кеуде қуысының ұлғаюын (тыныс алу) санау арқылы анықтайды. Қалыпты жағдайдағы және жүктемеден кейінгі нәтижелерді салыстырады. Жүктеме ретінде оқушылар 1 минутта 5, 10, 20 рет отырып тұру жаттығуларын жасай алады.

Критерий:

  • Тыныс алудың минуттық көлемі ұғымын түсінеді;
  • Тыныс алудың минуттық көлемін анықтайды;

Дескрипторлар:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтайды
  • Зерттеу жұмысының мақсатын дұрыс анықтады
  • Жұмыстың барысын дұрыс жасады
  • Математикалық формулаларды дұрыс қолданады
  • Кестеге мәліметтерді дұрыс өлшеп жазады
  • Өз нәтижелеріне талдау жасайды
  • Өз нәтижелерін басқалардың жұмысымен салыстыра отырып, қателіктерін анықтап, жетілдіру жұмыстарын белгілейді
  • Өз ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріне баға береді

Тыныс алудың минуттық көлемі  5 до 10 л аралығында болса қалыпты болып саналады.

10-слайд

20-36 мин

Оқушылар жоспар бойынша зертханалық жұмысты орындап нәтижелерін салыстырып талдау жасайды. Мұғалім оқушылардың жұмыс парақтарын жинап алып кері байланыс ұсынады.

2- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

«Түртіп алу » әдісі арқылы талдайды.

  • керісінше

+ жаңа ақпарат

? түсініксіз

  •  ақпарат өзінің ойлағанына қарама қарсы болса теріс (-) таңбасы қойылады.
  •  ақпарат жаңа болса оң (+) таңбасы қойылады.
  •  ақпарат түсініксіз болса (?) белгісі қойылады.

Мен түсініксіз деп белгіленген бөлімдерге тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

11 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;
  • Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.
  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;
  • Кейбір оқушыларға тақырыпқа байланысты қосымша ақпараттар тауып білімін тереңдетуге мүмкіндік берілу арқылы
  • Тәжірибені өзі қалаған формада жоспарлап жасауы арқылы
  • Қолдау көрсететін оқушыларға пропорция құру туралы бағыт беру арқылы

3-қосымшадағы диаграмманы талдау әртүрлі жағдайдағы вентиляцияны бағалауға көмектеседі

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формалды емес бағалау түрлері;
  • Оқушылар өзара бағалайды;
  • Жұппен бағалау жүргізеді;
  • Зертханалық жұмыс қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;
  • Зертханалық жұмысқа жазбаша кері байланыс беріледі.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Зертханалық жұмыс кезінде жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Бір шарды тек бір оқушы ғана үрлейді, басқалардың үрлеген шарларын үрлеуге болмайды.

Дене жаттығуларын жасаған кезде абай болу.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде қауіпсіздікті сақтау.

Зертханалық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.