Тыныс алудың минуттық көлемі (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Өкпе көлемдері

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – адамның терең тыныс алғаннан кейінгі тыныс шығарғанда шығарылатын ауаның максималды мөлшері.

Тыныс алу жиілігі (ТЖ) - бір минуттағы тыныс алу (вдох) саны. Орташа мәні минутына рет тыныс алу.

Тыныс алу көлемі (ТV) – әрбір қалыпты тыныс алу кезінде жұтылған ауа мөлшері. Орташа мәні: 0,5 литр (500 мл).

Минуттық желдету (вентиляция немесе өкпелік желдету, 1 минуттағы өкпедегі ауа ағыны, тыныс алудың минуттық көлемі) (МV) – бір минутта өкпеге түсіп жатқан ауа мөлшері. Орташа мәні минутына - 6 литр.

Минуттық желдету = тыныс алу жиілігі × тыныс алу көлемі

МV = ТЖ × TV 6 литр = 12 × 0,5

тынығу

жаттығу

Тыныс алу жиілігі

Минутына 12 тыныс алу

Минутына 30 тыныс алу

Тыныс алу көлемі

0,5 литр

3 литр

Минуттық көлем

Минутына 6 литр

Минутына 90 литр

Минуттық көлемді анықтау арқылы адамның тыныс алу жағдайын бағалауға болады. Бұл әдіс түрлі ауруларды анықтау, емдеуде кеңінен қолданылады. Тынығу кезіндегі тыныс алу көлемі 50мл болады. Минутына шамамен 15 рет тыныс алатын адамның минуттық көлемін есептеп көрейік. 50мл х 15мин=750мл/мин

 Тыныс алу қозғалыстарының жиілігі

 Тыныс алу мен одан кейін келетін дем шығару бір тыныс қозғалысы деп есептеледі. 1 минуттағы тыныс алу санын тыныс алу жиілігі деп атайды. Қалыпты жағдайда тыныс алу қозғалыстары ырғақты. Дені сау ересек адамның тыныш кездегі тыныс қимылының жиілігі минутына 16-20 болса, әйелдерде ол еркектерге қарағанда 2-4 тыныс көбірек. Әдетте “жатқан” кейіпте ТҚЖ азаяды (минутына 14-16), тік кезде – көбейеді (минутына 18-20). Нәрестедегі ТҚЖ минутына 40-50 рет, бес жаста 24-ке азады, 15-20 жаста 1 минутына 16-20 болады. Спортшыларда ТҚЖ минутына 6-8 болуы мүмкін.Тыныс алу жиілігін анықтау үшін қолды зерттеушінің асқазан асты тұсына қойып, әрбір демді ішінен алған сәтте сол аймақтың көтерілуіне көңіл аудару керек немесе пульсті анықтайтындай зерттеушінің қолынан ұстап, сол сәтте көзбен кеуде торшасының тыныстық қозғалыстарын қадағалап отыру керек. Осылайша тыныс алу қозғалыстарын минутына санайды. Міндетті түрде науқастың, оның тынысын санап отырғанын байқатпау керек, себебі ол жиілікті еріксіз өзгертуі мүмкін.

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына қарай өзгеруі

Жасы

1 минуттағы тыныс алу жиілігі

1

5

15-20

20-25

25-30

30-35

44

26

20

18

16

18

2- қосымша

Жұмыс парағы

І. Жұмыс мақсаты: Қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін есептеу

Құрал-жабдықтар: сулы спирометр құрастыру үшін: өлшемі бар ыдыс, өлшемі бар ыдыс төңкерілетін кең ыдыс.

Жұмыс барысы:

  • Тыныс алу көлемін өлшеу үшін сулы спирометрді құрастыру қажет.
  • Үрлемес бұрын су деңгейін көрсетіп белгі салыңыз.
  • Қалыпты тыныс алып, түтік арқылы сулы спирометрге тыныс шығарыңыз.
  • Судың бастапқы өлшемінен ығысқан су мөлшерін алып тастап тыныс алу көлемін табыңыз.
  • Өлшеуді 3 рет қайталаңыз. Алынған өлшемдерді кестеге толтырыңыз.
  • Кеуде тұсына қолды қойып әрбір тыныс алуды санап тыныс алу жиілігін анықтаңыз.
  • 10 рет отырып тұрғаннан кейін 1-6 қадамдарды қайталаңыз.
  • Нәтижені кестеге толтырыңыз.
  • Қалыпты және жүктемеден кейінгі тыныс алудың минуттық көлемін есептеңіз.

Тыныс алу жиілігі

Тыныс алу көлемі

Тыныс алудың минуттық көлемі

1 минутта қалыпты тыныс алу жиілігі

10 рет отырып-тұрғаннан кейінгі тыныс алу жиілігі

Талқылау сұрақтары

  • Тыныс алудың минуттық көлемінде қандай өзгерістер байқалды?

............................................................................................................................….................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2. Тыныс алудың минуттық көлемін өлшеу арқылы ағзаның қандай жағдайларына баға беруге болады?

............................................................................................................................….................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3. Жас ерекшелігі, мысалы қартайған сайын тыныс алудың минуттық көлемі өзгере ме? ...........................................................................................................................….................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

4. Өз деректеріңізді топтың басқа мүшелерімен салыстырыңыз. Деректердегі айырмашылықтарды немен түсіндіресіз?

...........................................................................................................................….................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3-қосымша

Гипоксия - (грек. hypо-хunо - төмен, лат. oxygenium-оксигениум - оттегі) - ұлпалар мен қанда (гипоксемия) оттегі мөлшерінің қалыпты күйінен азаюы, ұлпаларды оттегімен жабдықтаудың немесе оттегін пайдалану тәртібінің бұзылуын көрсететін күй. Қанда гемоглобин жетіспегенде анемиялық гипоксия, өкпеде газ алмасу төмендеген болса респираторлық гипоксия ұлпаларға қанның жетісуі кемісе циркуляторлық гипоксия, сау адамдар қауырт қимылдаған кездегі тыныс жүйесінің еттерді оттегімен қамтамасыз етіп үлгере алмауы физиологиялың гипоксия деп аталады. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.