Тыныс алудың минуттық көлемі (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, презентация.
Сау адамдар қалыпты тыныс алу кезінде минутына 6-8 л ауа жұтады. Ал қант диабетіне шалдыққан адам минутына 14-16 л ауа жұтады.
Оның себебі неде? Бұндай ақпарат қандай мақсатта пайдаланылуы мүмкін?Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
Сабақтың мақсаты:
Қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
Бағалау критерийлері:
Тыныс алудың минуттық көлемі ұғымын түсінеді;
Тыныс алудың минуттық көлемін анықтайды;
Қалыпты жағдайдағы тынысалу көлемі (0,5л) Х тынысалу жиілігі (16 рет/мин) =1минуттағы тынысалу көлемі (8,0 л/мин)
ЕСЕП: Тыныс шығарғандағы ауа құрамында 16% оттегі (тыныс алғандағыдан 5% кем). Оқушы минутына 18 рет тыныс алып, әр тыныс алуда 500см3 ауа сіңіреді. Оқушының бір сабақта (40 минут) сіңіретін оттегі мөлшерін есепте.
Минуттық желдету = тыныс алу жиілігі × тыныс алу көлемі
МV = ТЖ × TV 6 литр = 12 × 0,5
Тыныс алу жиілігі (ТЖ) - бір минуттағы тыныс алу (вдох) саны.
Орташа мәні минутына рет тыныс алу.
Тыныс алу көлемі (ТV) – әрбір қалыпты тыныс алу кезінде жұтылған ауа мөлшері.
Орташа мәні: 0,5 литр (500 мл).
Минуттық желдету (вентиляция немесе өкпелік желдету, 1 минуттағы өкпедегі ауа ағыны, тыныс алудың минуттық көлемі)
(МV) – бір минутта өкпеге түсіп жатқан ауа мөлшері.
Орташа мәні минутына - 6 литр.
Өкпенің көлемдері
Қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
Критерий:
Тыныс алудың минуттық көлемі ұғымын түсінеді;
Тыныс алудың минуттық көлемін анықтайды;
Дескрипторлар:
Қауіпсіздік ережелерін сақтау
Зерттеу жұмысының мақсаты мен болжамдарын дұрыс анықтады
Жұмыстың барысын дұрыс жасайды
Математикалық формулаларды дұрыс қолданады
Кестеге мәліметтерді дұрыс өлшеп жазады және графикке түсіреді
Өз нәтижелеріне талдау жасай отырып, қателіктерін анықтай біледі
Өз нәтижелерін басқалардың жұмысымен салыстыра отырып, қателіктерін анықтап, жетілдіру жұмыстарын белгілейді
Өз ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріне баға береді
Кері байланыс
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.