Газ алмасу механизмдері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Газ алмасу — ағза мен оның айналасындағылар арасындағы газдардың алмасу үдерісі. Оттегі қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы ауадан қанға, ал көмірқышқыл газы қаннан ауаға өтеді. Газдар диффузиясы оның қандағы және ауадағы концентрациясының әр түрлі болуы нәтижесінде жүзеге асады. Нәтижесінде газ оттегі диффузиясы жолымен алмасып, ағзаға таралады да, көміртектің қос тотығы шығарылады.

Сыртқы тыныс алу(өкпемен тыныс алу) - Оттегінің өкпеге түсуі және альвеолалар ауасы мен кіші айналым шеңберінің қаны арасындағы газ алмасу.

Ішкі тыныс алу(ұлпалық тыныс алу) - Оттегінің ұлпаларда пайдалануы немесе оның тотығу–тотықсыздану реакцияларына қатысуы.

Жасушалық тыныс алу - Бұл энергия өндіру үшін органикалық қосылыстардың тотығуының көп кезеңді үдерісі. Бұл энергияның бір бөлігі жоғары энергетикалық байланыстар түрінде АТФ-да сақталады, ал қалған бөлігі жылу ретінде таралады.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың сабақ барысындағы және биология кабинетіндегі жеке қауіпсіздіктерін сақтауына назар аударылады.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Газ алмасу механизмдерін түсіндіруде газдардың алмасуының себептеріне тоқталу маңызды.

Жасуша, капилляр, альвеоланың газ алмасуды жеңілдететін ерекшеліктерін талдау қажет. Мысалы, капиллярдың қабырғасы бар болғаны бір қабатты мембранадан тұратындықтан, ол газдар диффузиясын жеңілдетеді деген түсінік арқылы қан тамырлары туралы тақырыппен байланыс орнатылады. Альвеола қабырғасы да бір қабатты, оның ішкі беті сілемейлі болғандықтан оттегі еріп оңай диффузияланады. Мембраналардың екі жағындағы газдар концентрациясының айырмашылықтары газ алмастыратын негізгі күш болып табылады деген түсініктер беру қажет.

7—слайд бойынша оқушылардан газдың неше мембрана арқылы диффузияланатынын сұрап талқылау жүргізу қажет.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысындағы ауызша жазбаша жауаптар барысында оқушылардың газ алмасу себептері, альвеола мен капиллярдың ерекшеліктерін сипаттай алулары, газдардың алмасу жолын түсіндірулері бағаланады. Оқушылардың альвеола мен капиллярлардың диффузияның жылдамдығын арттыруға қолайлы ерекшеліктерін сипаттай білуі тексеріледі.

Газдардың алмасуының жүру механизмін ретімен сипаттай алуына кері байланыс ұсынылады. Әр газдың ағзадағы рөлін түсіндірулері бағаланады. Тиісті пәндік терминологияны орынды қолдана білулері тексеріледі. Газдардың алмасуы олардың концентрациясына байланысты концентрация градиенті бойынша диффузиялануына негізделгенін түсіндіре алуларына назар аударылады.

2-қосымша жауабы:

1. Өкпедегі оттегі концентрациясының жоғары жасушадан келген капиллярдағы оттегі концентрациясының төмен болуы оның капиллярға өтуіне себеп болады. Ал осы кезде капиллярдағы көмірқышқыл газы концентрациясының жоғары альвеоладағы көмірқышқыл газы концентрациясының төмен болуы көмірқышқыл газының альвеолаға өтуіне әкеледі. Бұл диффузия үдерісі.

2.Жасушада жасушалық тыныс алу жүріп, заттардың жануынан көмірқышқыл газы бөлінеді. Онда оның концентрациясы жоғары. Ал ауадан келген оттегі жануға қатысатындықтан оның концентрациясы төмен. Сондықтан өкпеден келген капиллярға көмірқышқыл газы концентрация градиенті бойынша өтеді. Ал осы кезде жасушадағы оттегі концентрациясының төмен болуы капиллярдағы оттектің жасушаға өтуіне себеп болады.

3. Альвеола:

  • Қабырғасы бір қабатты эпителий жасушаларынан тұрады;
  • Ішкі бетіндегі сілемей оттекті ерітеді;
  • Аса көп капиллярмен қоршалғандықтан диффузиялану беті үлкен

4. Капиллярлар:

  • Қабырғасы бір қабатты эпителий жасушаларынан тұрады;
  • Өте көп тарамдалатындықтан диффузиялану беті үлкен

Критерий:

  • Өкпедегі газ алмасу механизмін түсіндіреді;
  • Ұлпадағы газ алмасу механизмін түсіндіреді;

Дескрипторлар:

  • Өкпедегі газ алмасудың себептерін түсіндіреді
  • Ұлпадағы газ алмасудың себептерін түсіндіреді
  • Капилляр, альвеола, жасуша, эритроциттердің газ алмасудағы рөлін сипаттайды
  • Сілтемелер мен ресурстар

 Пайдаланған әдебиеттер:

Газ алмасу https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tynys-alu-zhujesi/lesson/okpedegi-zhane-ulpadahy-gaz-almasu

Видео: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tynys-alu-zhujesi/lesson/okpedegi-zhane-ulpadahy-gaz-almasu

Тапсырма: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tynys-alu-zhujesi/lesson/okpedegi-zhane-ulpadahy-gaz-almasu



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.