Газ алмасу механизмдері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Газ алмасу — ағза мен оның айналасындағылар арасындағы газдардың алмасу үдерісі. Оттегі қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы ауадан қанға, ал көмірқышқыл газы қаннан ауаға өтеді. Газдар диффузиясы оның қандағы және ауадағы концентрациясының әр түрлі болуы нәтижесінде жүзеге асады. Нәтижесінде газ оттегі диффузиясы жолымен алмасып, ағзаға таралады да, көміртектің қос тотығы шығарылады.
Сыртқы тыныс алу(өкпемен тыныс алу) - Оттегінің өкпеге түсуі және альвеолалар ауасы мен кіші айналым шеңберінің қаны арасындағы газ алмасу.
Ішкі тыныс алу(ұлпалық тыныс алу) - Оттегінің ұлпаларда пайдалануы немесе оның тотығу–тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
Жасушалық тыныс алу - Бұл энергия өндіру үшін органикалық қосылыстардың тотығуының көп кезеңді үдерісі. Бұл энергияның бір бөлігі жоғары энергетикалық байланыстар түрінде АТФ-да сақталады, ал қалған бөлігі жылу ретінде таралады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың сабақ барысындағы және биология кабинетіндегі жеке қауіпсіздіктерін сақтауына назар аударылады.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Газ алмасу механизмдерін түсіндіруде газдардың алмасуының себептеріне тоқталу маңызды.
Жасуша, капилляр, альвеоланың газ алмасуды жеңілдететін ерекшеліктерін талдау қажет. Мысалы, капиллярдың қабырғасы бар болғаны бір қабатты мембранадан тұратындықтан, ол газдар диффузиясын жеңілдетеді деген түсінік арқылы қан тамырлары туралы тақырыппен байланыс орнатылады. Альвеола қабырғасы да бір қабатты, оның ішкі беті сілемейлі болғандықтан оттегі еріп оңай диффузияланады. Мембраналардың екі жағындағы газдар концентрациясының айырмашылықтары газ алмастыратын негізгі күш болып табылады деген түсініктер беру қажет.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысындағы ауызша жазбаша жауаптар барысында оқушылардың газ алмасу себептері, альвеола мен капиллярдың ерекшеліктерін сипаттай алулары, газдардың алмасу жолын түсіндірулері бағаланады. Оқушылардың альвеола мен капиллярлардың диффузияның жылдамдығын арттыруға қолайлы ерекшеліктерін сипаттай білуі тексеріледі.
Газдардың алмасуының жүру механизмін ретімен сипаттай алуына кері байланыс ұсынылады. Әр газдың ағзадағы рөлін түсіндірулері бағаланады. Тиісті пәндік терминологияны орынды қолдана білулері тексеріледі. Газдардың алмасуы олардың концентрациясына байланысты концентрация градиенті бойынша диффузиялануына негізделгенін түсіндіре алуларына назар аударылады.
- Саралау тапсырмалары
- 4-5 қосымшаларда ұсынылды
- Сілтеме бойынша тапсырмалар: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tynys-alu-zhujesi/lesson/okpedegi-zhane-ulpadahy-gaz-almasu
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
3-қосымша жауабы:
Ауа-альвеола-альвеоладағы сілемейде еруі-бір қабатты эпителийден өтуі-капилляр мембранасынан өтуі-эритроцитке өтуі-гемоглобинге өтуі-ондағы темірмен байланысуы-ұлпаға жетуі-капилляр мембранасынан өтуі-жасуша мембранасынан өтуі-гемоглобиннен босауы-жану реакциясына қатысуы- көмірқышқыл газының бөлінуі-гемоглобинге өтуі-ондағы темірмен байланысуы-капиллярға өтуі-өкпеге келуі-капиллярдан шығуы-альвеола мембранасынан өтуі-ауаға бөлінуі.
Критерий:
- Өкпедегі газ алмасу механизмін түсіндіреді;
- Ұлпадағы газ алмасу механизмін түсіндіреді;
Дескрипторлар:
- Оттегінің ауадан бастап жасушаға дейінгі жолын түсіндіреді
- Көмірқышқыл газының жасушадан бастап ауаға дейінгі жолын түсіндіреді
- Сілтемелер мен ресурстар
Пайдаланған әдебиеттер:
- Биология, 8 сынып, Атамұра, 2012 ж.
- https://kk.wikipedia.org/wiki/Сурфактант
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.