Газ алмасу механизмдері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Кестені толтырып, газдар мөлшеріндегі айырмашылықтың себебін түсіндіріңіз.

Атмосфералық ауа құрамы

Тыныс алғандағы атмосфералық ауа құрамы

(көлемдік %)

Тыныс шығарғандағы ауа құрамы

(көлемдік %)

Оттек

16

Көміртек

4

Азот

79

2-қосымша

Газ алмасу дегеніміз –оттектің немесе көмірқышқыл газының қысым жоғары ортадан қысымы төмен орталыққа өтуі. Газ алмасу қарапайым диффузия жолымен жүреді.

Өкпедегі газ алмасу

Өкпедегі газ алмасу оттегі мен көмірқышқыл газының концентрациясына негізделеді. Оттектің концентрациясы өкпедегі альвеолалардың, капиллярлардағы көмірқышқыл газына қарағанда едәуір жоғары. Сондықтан альвеолалардан оттегі капиллярлар қабырғасы арқылы қанға өтеді. Одан соң эритроцит құрамындағы гемоглобинмен қосылып, оксигемоглобин түзеді. Оттекпен қаныққан артерия қаны үлкен қанайналым шеңбері арқылы ұлпаларға таралады .

Ұлпадағы газ алмасу

Ұлпадағы оттектің концентрациясы капиллярдағы қанның оттегі концентрациясына қарағанда едәуір төмен. Сондықтан оттек капиллярдан ұлпаға өтеді. Керісінше ұлпада көмірқышқыл газының концентрациясы капиллярдағыға қарағанда жоғары , сондықтан бұл оның ұлпадан қанға өтуіне себеп болады .

Газдар эритроцит құрамындағы гемоглобиндегі темір иондарына байланысқан күйде тасымалданады.

3-қосымша

Оттек пен көмірқышқыл газы молекулаларының ағзадағы жолын көрсететін сызба/алгоритм/комикс құрыңыз

Критерий:

  • Өкпедегі газ алмасу механизмін түсіндіреді;
  • Ұлпадағы газ алмасу механизмін түсіндіреді;

Дескрипторлар:

  • Оттегінің ауадан бастап жасушаға дейінгі жолын түсіндіреді
  • Көмірқышқыл газының жасушадан бастап ауаға дейінгі жолын түсіндіреді

4-қосымша

 Сурфактант өкпе көпіршіктерінің ішкі бетін астарлап, олардың қабырғаларының жабыспауын қамтамасыз ететін зат. Сурфактантты өкпе көпіршіктерінің қабырғасындағы ірі альвеолоциттер бөледі.

 Тыныс шығару кезінде сурфактант өкпе көпіршіктері қабырғаларының қабысып қалмауын және көпіршіктер қабырғасы арқылы ауадағы микроорганизмдердің өкпе паренхимасына өтпеуін қамтамасыз етіп, қорғаныс қызметін атқарады, көпіршіктер қуысының әрқашанда ашық болуына мүмкіндік тудырады. Яғни, сурфактант өкпедегі альвеолалардың қалпына келіп жазылуына кететін күшті азайтады.

 

5-қосымша



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.