Көрсеткіштік теңдеулер жүйесі. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.3В: теңдеулер және теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көрсеткіштік теңдеулер жүйесі

Оқу мақсаты

11.2.2.7 - көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шеше білу;

 Сабақ мақсаттары

  • Көрсеткіштік теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін қайталау;
  • Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешуді қарастыру.

 Бағалау критерийлері

Көрсеткіштік теңдеуді шешу әдістерін біледі;

Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шеше алу.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Көрсеткіштік теңдеулерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Көрсеткіштік теңдеудің ММЖ, бөгде түбір, көрсеткіштік функция, көрсеткіштік теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер көрсеткіштік функцияның негізі 1–ден үлкен болса.....

Егер көрсеткіштік функцияның негізі 0-ден үлкен, 1–ден кіші болса.....

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өздігінен ақпаратты талдай алу, жағдаяттарды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді анықтау және шешім қабылдау, топпен жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Жоғарыда айтылған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар бойынша іске асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылар көрсеткіштік теңдеулердің биология, химия да қолданылуын есептер шығару арқылы зерттейтін болады.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолданылады, интерактивті тақта презентация көрсеіледі

Бастапқы білім

қарапайым көрсеткіштік теңдеулерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет

Презентация,

Сабақтың ортасы

22 мин

10 мин

ІІ. GO TO станция ойыны.

Мұғалім алдын ала парта үстіне тапсырмаларды таратып қояды. Оқушылар парта үстіндегі парақтағы тапсырмаларды орындайыды және дұрыс жауапқа сәйкес келесі станцияға бара алады. Оқушылар 1-8 станцияның кез келгенінен бастап орындай алады. Мұғалім оқушылардың іс әрекетін бақылайды. Қай станциядағы тапсырма қиын болып жатқандығына назр аудару керек. Алағашқы болып барлық станцияны өтіп шыққа оқушыларды мадақтайды.

IІІ. Жеке жұмыс. Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бағалау үшін оларға жеке орындау үшін тапсырмалар беріледі.

V. «Құмырсқа» әдісі бойынша оқушылардың оқу мақсатына жету деңгейлері анықталады. Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ бойынша түсініксіз болған бір сұрақты жазады. Егер оқушыларды қиындық туындаған сұрақтар болмаса, олар з сыныптастарына сұрақтар қоюларына болады.

Оқушылардың сұрақ жауаптарынан кейін мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Үй тапсырмасы

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.