Анықталмаған интегралдың қасиеттері. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.2B Қисап І

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Анықталмаған интегралдың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.1.2 анықталмаған интегралдың қасиеттерін біледі және қолданады;

Сабақ мақсаттары

Анықталмаған интегралдың қасиеттерін қолданып есептер шығарады (y = аxn түріндегі функциялар және сызықтық комбинациялары)

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатын жетті, егер:

  • Алғашқы функцияны таба алады;
  • Алғашқы функцияны табу ережелерін және оның негізгі қасиеттерін қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Алғашқы функция «Функцияның экстремумдары», «Экстремумы», «Кризистік нүктелер», «максимум және минимум», «Ең үлкен жіне ең кіші мәндері»

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Функция, көлбеулік бұрыштың тангенсі (градиент), функция графигі, дифференциал, дифференциалдау, екінші ретті туынды, экстремум, кесіндідегі функцияның ең үлкен және ең кіші мәні, ирең нүктесі, алғашқы функция, интеграл, интегралдау

Құндылықтарды дарыту

«қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланысты, атап айтқанда механикадағы дененің қозғалысын есептегенде, тербелістер мен толқындардың, электромагниттік тербелістер мен толқындарда өзгерістерін анықтау үшін қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

интерактивті тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Оқушылар келесі ұғымдарды біледі:

бұрыштық коэффициент, функция, функцияның графигі, жанама, сызықтық, квадраттық және кубтық функциялар.

Оқушылар элементар функциялардың графигін қалай салу керектігін біледі.

Оқушылар функцияның графигі арқылы функцияны жазуды біледі.

Оқушылар дифференциал, туынды, градиент ұғымдарын және дәрежелік функцияның туындысын біледі.

Оқушылар жанаманың теңдеуін біледі.

Оқушылар функцяиның бірінші және екінші ретті туындыларының мағынасын түсінеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылардың назарын шоғырландыру;

- оқушылармен бірге оқу мақсатын анықтау

оқушылардың «жақын арадағы дамуын» анықтау.

Презентация

2-4 слайд

5 мин

3 мин

8 мин

20 мин

II. Үй жұмысын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлерін қарап шығып, бір-бір оқушыдан жауаптарын оқуды ұсыныңыз. Сұрақ туындаған жағдайда тақтада шығарылу жолын немесе әдісін көрсетуге болады.

III. Алдыңғы тақырыпта өтілген негізгі ұғымдарды қайталау және талқылау:

Алғашқы функция дегеніміз не?

Анықталмаған интеграл дегеніміз не?

Қандай қасиеттерін білесіздер?

IV. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Алғашқы функция ұғымын, анықталмаған интеграл анықтамасын қайталап шыққаннан кейін, олардың есептеудегі орындалатын қасиеттер кестесін ұсынуға болады.

Интегралды есептеу нәтижесін дифференциалдау арқылы тексеру.

Анықталмаған интегралдың қасиеттерін тұжырымдау.

Әр түрлі интегралдарды есептеулерді орындау.

V. Жаттығулар орындау

Анықталмаған интегралдың қасиеттерін бекіту мақсатында келесідей интегралдарды есептеуді ұсынуға болады. Оқушылар әрқайсысы жеке орындап, қиындық туындаған жағдайда мұғалімнің көмегіне жүгінеді. Кейбір қиындық деңгейі жоғары есептерін тақтада мұғаліммен бірге орындау ұсынылады.

№ 1 (a, c, e, g, i, k)

№ 2 (a, c, e, g, i, k)

Презентация

Қосымша

Сабақтың соңы

2 мин

VI. Үй жұмысы

№ 1 (b, f, j)

№ 2 (b, f, j)

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

Таразының қай жағы басымырақ екендіктерін айтулары керек.

Қосымша

Саралау

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынуға болады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу