Функцияның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 10.1А: Функция, оның қасиеттері және графигі | Мектеп: Қызылорда қаласындағы ХББ НЗМ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бегайдаров М.Т. | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Функцияның қасиеттері | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты | 10.5.1.3 функцияның қасиеттерін анықтай алу; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: Функцияның периодын анықтайды | ||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушы : – Графикке қарай отырып, функцияның периодын анықтайды – Формула түрінде берілген функцияның периодын анықтайды | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
функция графигін түрлендіру қалай орындалатынын түсіндіреді. Пәндік лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - берілген функцияның графигін салу үшін ... түрлендірулер орындалады;
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, ағылшын тілі | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Geogebra бағдарламасында функцияның графигін сызады | ||||||||||
Бастапқы білім | 10.5.1.1 функция анықтамасын, берілу тәсілдерін білу; 10.5.1.2 функцияның графигін түрлендіруді (параллель көшіру, сығу, созу), орындай алу; | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-8 мин | I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларға жұп, тақ және жұпта емес тақ та емес (жалпы жағдайдағы) функциялардың графиктері сызылған карточкалар беріледі. Жұп, тақ және жалпы жағдайдағы функциялар өздерінің тобын тауып, үш топқа бөлініп отырулары керек. | Қосымша-1 | |||||||||
Сабақтың ортасы 8-24 мин. 24-34 мин. | ІІ. Жаңа сабақты меңгерту: Оқушыларға зерттеу жұмысының тақырыбы түсіндіріледі. Әр топқа анықтама жазылған парақ беріледі. 1) Осы анықтамаға сүйене отырып графиктен функцияның периодын анықтаулары керек. 2) Оқушылар аргументтің мәні 1000 немесе одан да көп сан болғанда функцияның мәнінің қаншаға тең болатынын болжай алуы үшін түрлі ауызша сұрақтар қойылады. Жеке жұмыс Жұптық жұмыс ІV. Бағалау критерийлері: Оқушы мына сұрақтарға жауап бере алулары тиіс: 1) Функцияның периоды дегеніміз не? 2) Графикке қарап периодты функцияны қалай ажыратуға болады? 3) Графиктен функцияның периодын қалай табуға болады? 4) Бір функцияның периоды екі түрлі санға тең болуы мүмкін бе? 5) Егер екі түрлі санға тең болса, қайсысын период деп қабылдаймыз? 6) Периодты жұп функцияға мысал келтіріңіз 7) Периодты тақ функцияға мысал келтіріңіз 8) Функция формула түрінде берілсе, графикке қарамай периодын қалай анықтауға болады? V.Қорытынды: мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, сабақты қорытындылайды | Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 | |||||||||
Сабақтың соңы 79-80 мин. | VІ. Кері байланыс. Оқушылардан жетістік критерийлеріне сүйене отырып, бүгінгі сабақ барысында оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендіктеріне баға беруді сұрау.
VІІ. Үйге тапсырма: Күрделілігі орташа 5-тапсырмадан тұратын тест жұмысын жасап әкелулерін тапсыру. Келген соң бір-бірімен алмастырып, жұмыстарын тексеретінін ескерту. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Қосымша 1
Қосымша 2
1-топ
2-топ
3-топ
Қосымша 3
Қосымша 4
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.