Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.2А: Функция. Функция графигі

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенбаева Жанар Серикбаевна

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың қоэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу ;

7.5.1.9 графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу;

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуын зерттей алады

Бағалау критерийлері

k мен b-ға байланысты сызықтық функциялардың графиктері қалай орналасатынын болжай біледі (параллель, қиылысады, қиылыспайды)

координаталық жазықтықта екі түзудің салыстырмалық орналасуын зерттейді

Тілдік мақсат

Оқушылар: функция ұғымы бойынша математикалық терминдерді дәл қолдана отырып, өз тұжырымдарын талқылайды;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тәуелділік, функция, аргумент, тәуелсіз айнымалы, тәуелді айнымалы, функцияның мәні, функцияның анықталу облысы, функцияның мәндерінің облысы, функциның берілу әдістері, функция графигі, сызықтық функция.

Тура пропорционалдық, пропорционалдық коэффициент.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қандай да бір Х жиынының әрбір х элементіне У жиынынан алынған тек бір ғана у элемент сәйкес қойылады;

Тәуелділік функция болады/болмайды

Аргументтің көрсетілген мәнінде функцияның мәні ... болады

Функцияның көрсетілген мәнінде аргументтің мәні ... болады

Берілгендердің қайсысы айнымалы/тұрақты болады?

Функция формуламен/ кестемен/ графикпен/ сипаттаумен берілген.

а мен b шамалары тура пропорционал

Сызықтық функция графигін салудың алгоритмі

Берілген сызықтық функция графигі ... координаталық ширекте орналасқан

Графиктердің қиылысулары ... білдіреді

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастыққа баулу. Оқуға ептілігін, өзбетінше ақпаратты жинау дағдыларын арттыру, жағдайды талдау және жаңа ситуацияға бейімделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, өз және топтың жұмысының сапасына жауапты болу, өз уақытын тиімді ұйымдастыру, сабақтарда көпмәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу.

.

Пәнаралық байланыстар

Бұл тақырып кейбір тәуелділіктердің, мысалы физика пәнінде, арасындағы байланыстарды модельдеуге керектігін көрсетеді және сол тәуелділіктердің графиктерін салуға көмектеседі.

ИКТ қолдану дағдылары

АКТ тиімді қолдану үшін оқуға қажет пайдаланушылардың дағдылары. «GeoGebra», «Математический конструктор» бағдарламалық жасақтамаларды қолдану.

Бастапқы білім

Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше алу; шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы3 минут

1. Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды

- сабақтың аяғындағы күтілетін нәтижелер

-үй тапсырмасын тесксереді

Cабақтың ортасы

10 минут

Cабақтың ортасы

20 минут

ІІ. Ынталандыру жұмысы: Starter Activity-

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау беріледі. Оқушылар сызықтық функциясынын анықтамасын біле отырып, графигін салады. тәуелді болатындай етіп , графиктерін орналастырады.

Жаңа білімді меңгерту. Топтық жұмыс

Оқушыларды random әдісі арқылы 2 топқа бөлеміз. Практикалық тапсырманы қалай орындайтындығы жөнінде нұсқау айтамыз. Әр топта оқушылардың ролін бөліп аламыз.

Оқушылар «GeoGebra», «Математический конструктор» бағдарламалары бойынша орындайды.

1 топтың тапсырмасы:

Функцияның графигін салыңдар:

;; .

2 топтың тапсырмасы:

Функцияның графигін салыңдар

;

Оқушылар практикалық тапсырманы орындап болады.

Мұғалім 10 минут өткеннен соң оқушыларға салынған графиктері арқылы әр топқа мына сұрақтарға жауап беруін айтады:

1) Берілген функцияның формулалары арқылы не ортақ?

2) Осы функциялардың графиктерінің орналасуы туралы не айта аламыз?

3) Салынған графиктердің өзара орналасуын сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті k және бос мүшесіне b-ға тәуелді болуын тұжырымдаңыз.

Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді және сызықтық функцияның графиктерінің орналасуын жеке тұжырымдарын айтады.

Мұғалім презентация бойынша «Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы» тақырыбын толықтырып өтеді.

Қорытынды: k-ның бірдей мәндерінде сызықтық функциялардың графиктері параллель түзулер болады, ал әртүрлі мәндерінде – графиктер қиылысады.

2) Тақтаға y=kx+3 функциясын жазамыз. Оқушыларға әртүрлі жағдай үшін функция коэффициентінің мәнін табуды ұсынамыз.

Мысалы:

– берілген функцияның графигі y= –6x функциясының графигіне параллель;

– абсцисса осімен қиылыспайды;

– берілген нүкте арқылы өтеді;

– берілген кесіндінің ең болмағанда бір нүктесі арқылы өтеді және т.б.

Оқушылар жауабын дәптерлеріне жазады, жұмыстарын орындап болған соң , өзара тексеру жүргізіледі.

Қосымша 1

Слайд 2

Слайд 3

Cабақтың ортасы

10 минут

Қалыптастырушы бағалау:10 минут

Сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті неге тең және оның графигін салыңдар.

2. Сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті неге тең және оның графигін салыңдар.

3. Функцияның графигін салмай-ақ ,сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуын негіздеңдер

А) у = 5х – 6 және у = 2х – 6; Б) у = 7 – 3х және у = - 3х – 7

4. k мен m –ға қатысты сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуын тұжырымдаңдар.

1) 2______________________________________________________________________________;

2) ______________________________________________________________________

3) ) ______________________________________________________________________

Соңы

2 минут

Үйге тапсырма:

  • сызықтық функциясы берілген. Графигі берілген функцияның графигімен:
  • Қиылысатын функцияны формуламен жазыңдар;
  • Параллель болатын функцияны формуламен жазыңдар;

Рефлексия

  • What new concepts did you learn in this lesson?
  • What concepts are still confusing, or difficult, for you?
  • What is a concept you feel better about after this lesson?
  • Did you learn any new English words in this lesson?

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Деңгейлерге қатысты дифференциация сабақта өзіндік жұмысты орындау және жаңа тақырыпты оқу барысында жүргізілді.

Сабақтың әрбір кезеңі өткен соң жұмысты бағалау жүргізіледі (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау немесе мұғалімнің бағалауы).

Физминутка

РефлексияСабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма?

Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты):

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу