Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау. Ісмер қыз. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Ісмер қыз

Қолда мата, ине, жіп,

Тұрмады Айжан именіп.

Ісмерліктің қыр- сырын

Алыпты әбден үйреніп.

Баппен істеп әр істі,

Саусақтары майысты.

Қимылына, ебіне

Ел таңданып қалысты.

Сүйеді ол еңбекті,

Тігіп жатыр көйлекті.

Неше түрлі кестемен

Жағасын да жөрмепті.

Мәшинені зырлатып,

Тетіктерді тұр басып.

Етегіне бастырған

Кетті оюы жымдасып.

Қос жеңінің ернеуін

Әшекейлеп зерледі.

Сүйсіндірді көздерді

Салған әрбір өрнегі.

Жалт-жұлт етіп жанары,

Түймелерін қадады.

Қуыршаққа қазір – ақ

Кигізсе де болады.

Әдіптеді жағасын,

«Бестік»,-деді бағасын.

Озып шығып көрмеде,

Қуандырды анасын.

Қосымша 2

Қосымша 3

Рефлексия: «Үш көмекші» әдісі 

1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі

сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

[attachment=26527:did_-mater__2_6_-kejipkerdi-is-reketin-baalau.docx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.