Сәулетті біздің Алматы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сәулетті біздің Алматы

Абдрахман Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын», «Алматының жолдары»

Оқу мақсаты

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады.

Көптеген оқушылар: шығармалардан көркем бейнелі сөздерді таба алады.

Кейбір оқушылар: нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде бере алады.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өлеңдерден көркем бейнелі сөздерді таба алады;
  • сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;
  • өлеңдегі ақпаратты сызба түрінде көрсетеді;
  • Алматының әсем жерлері туралы әңгімелейді.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Алматы жайлы білетіндерін айта алады. Алматының көрікті жерлерімен әкелген суреттері бойынша толықтыра алады. Өлең жолдарын өз түсінгені бойынша қара сөзбен жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Құлпырған бақ, дара, тура жол, мұзайдын, сәулетті қала, ақ таңы, ертегі қала.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Біз әлі сәнді үйлер саламыз, өйткені, ...

Медеу мұзайдында болдым, сен болдың ба?

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Алматы жайында суреттер ізденіп әкелуі барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Өлең жолдарын өз қарасөзімен түсінгенін жазуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта Алматы туралы бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар Алматы туралы біледі, көрікті жерлерін атай алады. Өлең жанрының ерекшелігін, ұйқасқа құрылатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды орындықтарының артына жапсырылған сурет бойынша 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Медеу»

2-топ: «Алатау»

3-топ: «Саябақ»

4-топ: «Шымбұлақ»

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Медеу, Алатау, Саябақ, Шымбұлақ суреттері, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

3-7 минут

7-23 минут

24-29 минут

30-37 минут

1-тапсырма Суретпен жұмыс

(МК, Ж,ОТ) «Болжау» стратегиясы бойынша слайдта көрсетілген суреттер туралы ой бөліседі, тақырыпқа болжам жасайды, суреттермен толықтырады.

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Суретпен жұмыс

Абдрахман Асылбек- ақын. Ол 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. мұғалім болған. «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. 

2- тапсырма

(Т, С, Қ) Абдырахман Асылбектің «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын», «Алматының жолдары» өлеңін барлық оқушылар «Түртіп алу» әдісіне сүйеніп, іштей оқиды. Көркем бейнелі сөздерді белгілей отырып оқиды, өлең мазмұнына қажетті ақпаратты сызба түрінде көрсетеді.

1-топ: «Медеу» - «Мұзайдын» өлеңімен

2-топ: «Алатау»- «Сәулетті біздің Алматы» өлеңімен

3-топ: «Саябақ» - «Алматының жолдары»

өлеңімен

4-топ: «Шымбұлақ» - басқа да ақындардың Алматы туралы дереккөздерден өлеңдер тізімін жасайды, сызбаға түсіреді.

Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Әр топ өз өлеңін көркем бейнелі сөздерді қолданып, өз ойы мен сезімін жеткізеді. Нақты ақпараттарды сызба түрінде ұсынады. Топтар пікір алмасады.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өлеңдерден көркем бейнелі сөздерді таба алады;
  • сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;
  • өлеңдегі ақпаратты сызба түрінде көрсетеді;
  • Алматының әсем жерлері туралы әңгімелейді..

3-тапсырма

(ОТ, МК, Ж) Кестемен жұмыс

Жұпта «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп өлең жолдарын өз түсініктерімен жеткізеді.

Өлең жолдары

Түсінгеніңді қара сөзбен жаз

Қоршаған таулары,

Жайқалған баулары.

Бұлбұлдар шырқаған,

Субүркек бұрқаған.

Алматы керемет қала ғой.

Алатау айрықша дара ғой.

Көрікті жерлері жетеді,

Бірінен бірі өтеді.

Көңілді көтеріп, демеуге,

Тура жол тартады Медеуге.

Онда бар мұзайдын-сырғанақ.

Құмарың қанбайды мың қарап.

Алатауға алып барса таспа жол,

Көктөбеге көтереді аспа жол.

Жүрегіңді жаңа ауданмен жалғайды,

Абай атты аса сұлу қасқа жол.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

4- тапсырма

(ОТ,Ұ,МК) «Идея туралы пікір» әдісі бойынша бірге ойланып, басқалардың пікірін сұрай отырып ұжымда орындалады. Оқушылар берілген тапсырман орындау үшін оқушылар дереккөздерден (кітап, ғаламтор т.б.) мәліметтер жинастырады. Онан соң бір-бірімен ақылдасып, жинастырған мәліметтері мен өз ойларын біріктіріп жоба ережесіне сүйене отырып дайындайды.

Жоспары:

  • Қаланың сызбасын жасауға дайындық
  • Сызба ұсыну
  • Сөзбен көркемдеу
  • Жобаны қорғау

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Алматының суреттері, интербелсенді тақта,маркер, слайд № 4

Ақын суреті және шығармалары,

интербелсенді тақта, слайд №5

Оқулық 101-103бб, интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік

слайд № 6

Кесте жазылған қағаз, маркер, оқулық

слайд № 7

маркер, түрлі кітаптар, телефон, т.б.

слайд № 8

Сабақтың соңы

38-40 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысын пайдалануына болады.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Жобаны толықтыру ұсынылады.

Слайд №9

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Түртіп алу, Болжау, Бірге ойлаймыз» әдістері арқылы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Идея туралы пікір» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу» , «Шапалақ», әдісі

Дескриптор

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өлеңдерден көркем бейнелі сөздерді таба алады;
  • сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;
  • өлеңдегі ақпаратты сызба түрінде көрсетеді;
  • Алматының әсем жерлері туралы әңгімелейді

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу