Қанатты достарың. Жүсіпбек Аймауытов. Қараторғай. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Г. А. Оразбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қанатты достарың. Жүсіпбек Аймауытов. Қараторғай

Оқу мақсаты

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;

3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:. мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, мәтін бөліктеріне тақырып қояды;

Көптеген оқушылар: мәтіннен нақты ақпаратты табады және сызба түрінде көрсетеді,

Кейбір оқушылар: әңгімелеу барысында иллюстрациялар/суреттер қолданады, жоспар құрады.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • ақпаратты сызбаға түсіреді;
  • суреттерді қолданып, мазмұндайды;
  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • мәтіннің әр бөлігіне тақырып қояды.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап бере алады.суретке сүйеніп әңгімелей алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Күнгей жақ, күн ашық, үйшіктің аузы, көк шөп, егіннің жауы.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Мен де қанатты достарға арнап үйшік жасаймын, себебі ...

Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай дегені ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыстар

Қараторғайдың пайдасы туралы әңгімелей алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Табиғатты қорғауда кластер құрап жазуы алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерселсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта жанды табиғат бөлімінде бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар құстар туралы біледі. Құстардың пайдасы мен оларға жасалатын қамқорлық жайында мәлімет берілген. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды құстардың суретін көзді жұмып таңдау арқылы 5 топқа бірігеді.

1-топ: «Қараторғай»

2-топ: «Қарлығаш»

3-топ: «Үйрек»

4-топ: «Бозторғай»

5-топ: «Тырна»

«Жарнама жасау» әдісі арқылы өзі таңдаған құстары жайлы сипаттама береді .Біздің құстарға қандай көмегіміз бар? (оқушы үнін тыңдау)

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

сөздер, интербелсенді тақта, құстар суреттері.

Сабақтың ортасы

5-8

9-12

13-25

26-31

32-37

1-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша оқушылар тыйым сөздерді құрастырады, мағынасын түсіндіреді.

Үлгі: Аққуды атуға болмайды, досыңды сатуға болмайды.

Құстардың жұмыртқасын жарма. Құсқа тас атуға болмайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

(МК, Ұ)

«Пікірлер ағашы» стратегиясымен Жүсіпбек Аймауытов туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)

1.Ол кім?

2.Қайда туған

3.Қандай қызмет атқарған?

4.Қандай шығармаларын білесің?

Автор туралы: Жүсіпбек Аймауытов - жазушы, ғалым, қоғам қайраткері. (1889 – 1931). Ол 13 - 14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Шығармалар топтамасы», «Шернияз», «Жаман тымақ», «Ақбілек», «Психология» атты кітаптары бар.

2-тапсырма

(МК, Т) «ДЖИГСО» әдісімен мәтінмен жұмыс жүргізіледі. «Ашық микрофон» әдісі арқылы мәтінге сүйеніп, суреттегі кейіпкерлер арасында диалог құрады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • ақпаратты сызбаға түсіреді;
  • суреттерді қолданып, мазмұндайды;
  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • мәтіннің әр бөлігіне тақырып қояды.сипаттап жазады;
  • ертегіге жоспар құрады.

3-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Детальдарын қосу» әдісіне сүйеніп алдын ала құрылған мәтіннің жоспар бөліктерін ретімен қосады.

Дәптермен жұмыс: Сөздік жұмыс: Қаумалап, отағасы, сырғауыл.

Үлгі:

Қараторғайдың ауылға келгендегі әрекеті.

Атайдың қараторғай жайлы айтқан сөзі.

Көктемгі дала көрінісі айтылған тұс.

Балалар мен Қамбар атаның диалогы

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 - тапсырма

( МК, Т) «Сия жұмсаушы» әдіс арқылы табиғатты қорғау туралы кластер құрастырады. Топ алдында қорғайды.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Кесте сызылған плакат, құмырсқа суреті, слайд №4

Автор сурет, ағаш суреті салынған плакат. Маркер, слайд № 5

Оқулық 17-20 бб, слайд № 6

Оқулық, плакат, маркер., жұмыс дәптер, жоспарлар жазылған пазлдар, слайд № 7

А3 парағы, маркер, кесте, слайд № 8

Сабақтың соңы

38-40

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Слайд №9

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Шахмат», «Оқиға картасы», «Кезбе тілші» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу», «Смайлик», «Бас бармақ» әдісі

Дескриптор:

  • ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
  • кейіпкерге мінездеме береді;
  • ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады;
  • ертегіге жоспар құрады

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\

елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу