«Қазтуған жыраудың « Туған жерімен қоштасу» толғауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне көмек ретінде қолдануға болады
Қысқамерзімді жоспар
Бөлім: | 1-бөлім: Көне күндерден жеткен жәдігерлер |
Педагогтің аты-жөні: | Мамытбекова Ж.Б |
Күні: | 22.10.2022 |
Сыныбы: 7А | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | «Қазтуған жыраудың « Туған жерімен қоштасу» толғауы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.1.4.1.көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту 7.2.3.1. шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар өлеңнің негізгі идеясын түсінеді, кейіпкердің бейнесін аша алады. Шығармадан мысалдар келтіре отырып, кейіпкер бейнесін ашуда ақынның шеберлігіне, көркемдегіш құралдарға талдау жасай алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 5 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері | |||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | «Таза тақта» әдісі 1-тапсырма. 1. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңінің мазмұндық желісі қандай? 2.Неліктен жырау өлеңдерінің тақырыбы ел мүддесін қоғауға арналған? 3.Қазтуған жырау поэзиясының ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар? 4.Қайғыланып асып барамын Ноғайлы –қазақ елімнен!- деген өлең жолын қалай түсінесің? 5.Өлеңнің негізгі идеясы не деп ойлайсың? | «Таза тақта» әдісі Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, тақтаны тазарту | Дескриптор: Жалпы - 4 балл. - сұрақтарға жауап береді | Оқулық, жұмыс дәптерлері | ||
№2-тапсырм Қазтуған жыраудың қайғылануына себеп болған жағдайларды «Балық қаңқасы» әдісі арқылы дәлелдей отырып баяндайық. ВЕНН диаграммасы арқылы Қазтуған жырау мен Жиембет жырауды салыстырыңдар. Толғауда кездесетін көріктеуіш құралдардың түрлерін табады. | Дескриптор: Жалпы-6 балл: - «Балық қаңқасы» әдісі арқылы талдау жасайды ВЕНН диаграммасы арқылы екі жырауды салыстырады Дескриптор: Жалпы – 6 балл. Қазтуған мен Жиембет жырауды салыстырады.
Дескриптор: Жалпы – 6 балл. Толғаудағы көріктеуіш сөздерді табады |
| ||||
Үй жұмысы: Эссе жазу | «Қазтуған және заман» тақырыбына тарихи шолу жасап, мәліметтерге сүйене отырып, эссе жазыңдар. | |||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру