Біздің Ата Заңымыз - Конституция (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)
Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Адамгершілік»
Сабақ тақырыбы: Біздің Ата Заңымыз - Конституция
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.5.1 ҚР Конституциясының маңызын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Конституцияның азаматтар үшін маңыздылығын түсінеді
1. Кіріспе әңгіме (ұжымда)
Мұғалім «ҚР Конституциясы» кітабын немесе сыртқы мұқабасын көрсетіп, келесі сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
- Бұл қандай кітап?
-Оның ішінде әрқайсысымыз үшін маңызды болатындай не бар?
- Ол бүгінгі сабаққа не үшін қажет?
Оқушылардың болжамы ұжымда талқыланады. «Конституция» ұғымы енгізіледі.
2. «Өзгерген сөйлем» стратегиясы (жеке, топта)
Конституцияның кіріспе бөлімінен алынған сөздер жазылған парақтар топтарға таратылады.
-Оқушыларға өз бетімен оқып шығу ұсынылады;
- Топта парақтағы үндеудің мағынасын талқылайды;
- Халықтың мақсатын өз мақсатына айналдырып, сөйлемдерін өзгертіп, өзінің жеке үндеуін жазу ұсынылады;
- Топта шеңбер бойымен жазған үндеулерін оқып шығады;
- Бір-бірін стикерлер арқылы бағалайды (бағалау бөлімін қараңыз).
3. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- ҚР Конститутциясының маңызын түсіну.
4. Мәтінмен жұмыс «АВС» стратегиясы (үштікпен)
Оқушылар оқулықтан азаматтардың құқығы мен міндеттері туралы мәтінді оқып шығады. Ары қарай оқушыларға «А» «В» «С» деген карточкалар таратылады. Мұғалім әр әріптің міндетін түсіндіріп өтеді:
«А» - сұхбат алады;
«В» - сұхбат береді;
«С» - сұхбат жазбасын жасайды.
Бүкіл сынып үштіктерге бөлінеді («А» «В» «С» бір үштікте).
Оқушылар өз рөлдеріне сәйкес оқылған мәтіннің мазмұнына сай әңгімелесуді бастайды. Ары қарай үштіктер өзара карточкаларымен алмасып, рөлдеріне сәйкес әңгімені жалғастырады.
5. «Конституция не үшін керек?» тақырыбына эссе жазу (жеке)
Мақсаты: Конституцияның маңыздылығын түсіну.
Оқушылар аталған тақырыпқа эссе жазады.
Эссені бағалау критерийлері:
• Азамат құқығы мен міндетін ажырата алады;
• ҚР Конституциясының маңызын жеткізе алады.
Эсседегі сөйлем саны: минимум – 5, максимум -12.
Грамматикалық қателер болмауы тиіс.
6. «Сұрақтар қалпағы» стратегиясы (жеке)
Мұғалім оқушыларға шағын қағаз жолақтарын таратады. Әрбір оқушы сабақтың мақсатына немесе бөлімнің мақсаттарына сай бір сұрақ жазуы тиіс. Оқушы өз сұрағының жауабын білуі маңызды. Содан кейін жолақтарды бүктеп, қалпаққа салады. Мұғалім сұрақтарды араластырады. Әрбір оқушы бір сұрақ алып, жауап береді. Осы мезетте сұрақ жазған оқушы, жауаптың дұрыс не бұрыс екендігін айтады және қажет болса толықтырады.
Мысал сұрақтар:
- Құқық дегеніміз не?
- Міндет дегеніміз не?
- Құқықтар мен міндеттердің айырмашылығы неде?
- Құқықтар мен міндеттер қандай құжаттар көрсетілген?
- Конституцияның маңыздылығы неде?
- Конституция не үшін керек?.........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Біздің Ата Заңымыз - Конституция 3 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалық материал адистемелик нускаулык, Біздің Ата Заңымыз - Конституция