Қажет заттар (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

 Қажет заттар (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Қажет заттар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.1.2.5.Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну. Қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Тұтыну заттары туралы әңгімелейді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Өзіне қажетті тұтыну заттарын анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тұтыну заттарының алыну көздерін атайды.

Ынтымақтасу атмосферасы
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстаg қаламын.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылулықпен сабағымызды бастаймыз. Алдымен алдымда жатқан оқу құралдары бойынша топқа бөлінейік. (қалам, қарындаш, сызғыш, кітап)
- Балалар, бүгін біз «Қажет заттар теңізіне» саяхат жасаймыз.
Тақтаға үш аралдың суреті мен желкенді қайық суреті ілінеді.
- Бұл аралдар «Сүйікті істер», «Мерекелер», «Ойындар», деп аталады.
Саяхатымызды бастамастан бұрын (Ұ) портреттер галереясына қысқаша шолу жасайық.
Сынып оқушыларының ерекшеліктерін көрсететін портреттік галереясынан сабақты бастау. Оқушылардың алған әсерлерін сұрау, тұжырым жасауға мүмкіндік туғызу.
Тұжырым: әрқайсысымыз әр түрліміз.
- Бізге бірге жүрген көңілді, себебі әрқайсының өз сүйікті ісі бар.
«Қажет заттар» теңізі – 1-бөлім.
Оқушылар көздерін жұмып, қайықпен тұнық және тыныш теңіз бетінде жүзіп келе жатқанын елестетуді сұрау. Теңіз дыбысын, шағала дауысын тыңдату. Оқушылардан көздерін ашуды сұрау.
- Бұл «Сүйікті істер» аралы.
Оқулықтың 10-бетін ашып, тапсырманы жұптастырып орындату (оқушылардың жауабын тыңдап жүру). Қоңыраумен белгі беріп, жұмысты тоқтату. Екі жұпты бір топқа біріктіру.
- Оқулықтағы сурет бойынша не айтуға болады?
- Онда біз нелерді көріп тұрмыз?
Анықта: қажетті оқу құралдарын қайдан аласың?
Сен білесің бе? Қағазды ойлап тапқан ел – Қытай. Қағазды ағаш сүрегінен жасайды.
- Сен немен айналысқанды ұнатасың?
Енді өздерінің сүйікті істері туралы талқылайды. Спикер сыныпқа өз тобындағы оқушылардың сүйікті істері туралы хабарлайды.
Маркерлі тақтаға идеялар тізімін жасап отыру.
Сүйікті істер – футбол, сурет салу... т.б.
Көзге арналған жаттығуды орындату.
1-тапсырма: Суретке мұқият назар аударыңыз. Тұтыну заттарын атаңыз. Бос орынға өзіңізге қажетті заттың суретін салыңыз. Арасынан ең қажеттісін таңдаңыз. Таңдап алынған заттардың қайдан алынатыны туралы әңгімелеңіз.
Тұтыну заттары туралы әңгімелейді.
Өзіне қажетті тұтыну заттарын анықтайды.
Тұтыну заттарының алыну көздерін атайды.
Суретте бейнеленген тұтыну заттарын атайды;
өзіне қажетті тұтыну затының суретін салады;
тұтыну заттарының арасынан ең қажеттісін таңдайды;
- заттардың алыну көздері туралы ой бөліседі.
«Қажет заттар» теңізі – 2-бөлім.
- Біз өте көңілдіміз, қызықты «Мейрамдар» аралына жақындадық.
(Т) Көрініс қою. Оқушылар көздерін жұмып тұрады, ең қызықты мерекені естеріне түсіреді. Сол уақытта әр топқа бір-бірден туған күн өткізуге арналған ресурстарды беру.

Әр топқа «Туған күн» мерекесін көрсетуді ұсыну. Топтағы біреуін туған күн иесі етіп сайлау. Қалған оқушылар қонақтар. Дайындыққа 5 мин уақыт беру.
Топтар өз идеяларын көрсетеді.
2 тапсырма:
Ұн мен сүт қайдан алынатыны туралы жұпта талқылаңыз. Ұн мен сүттен қандай тағамдар жасалады? Берілген суреттерде сәйкестендіріп сызыңыз.
Ұн мен сүттің алыну көзін анықтау;
ұннан жасалатын тағамдарды анықтап сәйкестендіру;
сүттен жасалатын тағамдарды анықтап, суретте белгілеу.
Ұн мен сүттің алыну көзін анықтайды;
ұннан жасалатын тағамдарды анықтап сәйкестендіреді;
сүттен жасалатын тағамдарды анықтап, суретте белгілейді.
«Қажет заттар» теңізі – 3-бөлім.
Саяхатты жалғастыру. Кемемен «Ойындар» аралына аттану. Оқулықтың 11 бетіндегі «Кел, ойнайық!» тапсырмасын әр топқа суреттерді қарауды тапсыру және әңгімелеу.
- Орталарыңда ұқсас сүйікті істері бар оқушылар кездесті ма?
Әркімнің өз ұнататын ісі бар. Ұнататын ісіңмен айналыссаң, көңілді жүресің. Спортпен айналыссаң, күшті әрі епті боласың. Кітапты көп оқысаңдар, білімді боласыңдар..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру