Сыбайлас және вертикаль бұрыштар (Геометрия, 7 сынып, I тоқсан)
[quote] Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алғашқы геометриялық мәліметтер
Сабақ тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамаларын біледі, оларды анықтай және кескіндей алады;
7.3.2.3 вертикаль және сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін қолданады.
Сабақ мақсаттары: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамалары мен қасиеттерін біледі, оларды анықтай және кескіндей алады;
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылар назарын аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.
Қайталау сұрақтары:
Бұрыш ұғымына байланысты сұрақтар (білімді жандандыру):
Геометриялық фигура – бұрыштың анықтамасы.
Бұрыштың қандай түрлері бар?
Сүйір бұрыш деп қандай бұрышты айтады?
Қандай бұрышты доғал бұрыш деп айтады?
Қандай бұрышты тік бұрыш деп айтады?
Тік бұрыш деп қандай бұрышты айтады?
Бұрышты өлшем бірлігі.
Бұрышты қандай құралмен өлшейді?
Бұрышты өлшеу қасиеттері (аксиомалар).
Қандай бұрыштарды тең бұрыштар деп айтамыз?
Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, бәріміз дәптерімізге сүйір бұрыш салайық. Осы сүйір бұрыштың бір қабырғасын созайық. Сонда неше бұрыш пайда болды?
Осы пайда болған бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды.
Анықтама: Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.
О – бас нүкте, ОВ – ортақ қабырға.
ОА, ОС қабырғалары – бір –біріне толықтауыш сәулелер.
Балалар, бәріміз дәптерімізге тағы бір сүйір бұрыш салайық. Осы сүйір бұрыштың екі қабырғасын да созайық. Сонда неше бұрыш пайда болды?
Осы кезде пайда болған қарама- қарсы бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды.
Анықтама: Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындылары болып келетін екі бұрышты вертикаль бұрыштар деп атайды.
Назар аударыңыз. Екі түзу қиылысқанда, екі жұп вертикаль бұрыш пайда болады.
1 және 3 бұрыштар, 2 және 4 бұрыштар – вертикаль бұрыштар.
Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері:
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800- қа тең:
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Сыбайлас және вертикаль бұрыштар 7 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Сыбайлас және вертикаль бұрыштар