Зерттеуді жоспарлау 2-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

 Зерттеуді жоспарлау 2-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Зерттеуді жоспарлау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • зерттеу жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын тұжырымдайды
Сабақ мақсаттары: • қауіпсіздік техникасы қағидаларын атау
• қауіпсіздік техникасы қағидаларын түсіну
• зерттеу кезінде қауіпсіздік шараларын қадағалау

Сабақты ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын құру

Мультфильм көрсету

Сұрақтар қою.
Маймылдар нені дұрыс жасамады?
Неге олай жасауға болмайды?
Оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.
(С) Оқушылар «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуын орындайды:
• Ыстық шәйнекті ... ұстау қажет.
• Ашық оттың үстінде ... болмайды.
• Нанды турағанда ...
• Өткір пышақты ... болмайды.
• Электр құралдарын ... болмайды.
• Жұп болып жұмыс істеген кезде ... есте сақтау қажет.
• Көзді... сақтау қажет.
• Егер қышқыл теріге тисе, ...
• Егер көзге қандай да бір сұйықтық тисе, ...
Жаттығуды аяқтағаннан кейін оқушылар жұмыс нәтижелерін талқылайды.
Оқушыларға қауіпсіздік техникасы жайлы бейнебаян көрсетіліп, талқыланады:


(Т) Оқушыларды түрлі-түсті таяқшалардың көмегімен топқа бөлу. Оқушылар қауіпсіздік техникасы қағидаларының тізімін зерттейді:
• Тәжірибелер жүргізу уақытында бет пен көзді қолмен ұстауға болмайды;
• Заттардың дәмін татып көруге тыйым салынады;
• Заттардың иісімен танысқанда сақ болу;
• Тек таза ыдысты қолдану және оның тұтастығын тексеру;
• Қолданылатын заттардың саны жөніндегі ұсынымдарды сақтау;
• Заттарды қыздыру және зертханалық ыдыс сынықтарын жинау кезінде жұмыс ережелерін сақтау.

Осыдан кейін олар өздеріне берілген тапсырманың сипаттамасымен танысады. Осы тапсырмада көрсетілген жағдай үшін қажетті тиісті қауіпсіздік техникасы қағидаларын таңдап алады да, «Олай жасауға болмайды!» ойыны арқылы әрбір топ практикалық жұмыс жүргізу уақытында оқушылардың қате әрекеті мысалын көрсетеді (оқушылар тәжірибені орындамайды, тек көрініс арқылы осы тәжірибе барысында қандай қауіпсіздік техникасы сақталуы қажет екендігін түсіндіреді).........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру