Өсімдіктерді қорғаймыз 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерді қорғаймыз 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.5 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің жойылу себептерін атайды.
Ойсергек. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып төмендегі өлең жолдарын айтқызу.
Көңілденіп шаттанып,
Айналама қарайын.
Қуанышын көршімнің
Күн нұрына балайын
Алақанды көршіме
Соғып -соғып алайын,
Бүгінгі келген қонақпен,
Амандасып алайын.
Топқа біріктіру.
Оқушыларды «Ұсақжемісті мүкжидек», «Кәдімгі емен», «Інжугүл», «Жаңғақтұмсықты лотос» гүл атауларына сәйкес топтарға біріктіру.
Өсімдіктер туралы ақпарат. Әр топ атауына сәйкес оқулықта берілген ақпаратты пайдаланып, хабарлама дайындайды. Сұрақтарға жауап беру.
- Қандай ақпарат алдың?
- Бұл өсімдік- терге не ортақ?
- Мұндай өсімдіктер сенің туған өлкеңде өсе ме?
- Ғаламшарымыздағы барлық өсімдік жойылып кетсе, не болады?
Ойлан. Оқушылар өсімдік әлемін қорғау үшін адам не істейтіні туралы ой бөліседі. Бұл сұрақты жұптарымен бірге талқылауды ұйымдастырып, оқушыларға жауаптарды қағазға жазып алу тапсырылады. Кейбір жауап¬тарды тақтаға жаздырып, адамдардың қамқорлығы өсімдіктің көптүрлілігін сақтап қалуға көмектесетіні жайлы қорытынды жасалады.
Оқушылар өсімдіктерді қорғау туралы ұсыныс біл¬діріп, жойылып кетудің алдын алу шаралары тура¬лы әңгімелесіп, оларды көбейту жолдарын табуға талпынады.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Біздің елімізде табиғат жағдайының өзгеруінен кейбір өсімдіктерге жойылу қаупі төніп тұр. Бұл өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді. Кітаптың қызыл түсі қауіп белгісін білдіреді әрі адамдардың назарын жойылып бара жатқан өсімдіктерге аударуға ықпал етеді.
Қызыл кітап мезгіл-мезгіл өсімдіктер туралы жаңа мәліметтермен толықтырылып отырады.
Зертте. Оқушылар жұптасып, Қызыл кітаптың беттері неліктен түрлі түсті екендігін анықтайды. Олардың қолында «Біз енді көре алмайтын өсімдік түрлері», «Аса сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер», «Саны күрт азайып бара жатқан өсімдіктер», «Бұрыннан саны аз өсімдіктер», «Жойылмай, аман қалған өсімдіктер» деп жазылған үлестірме парақшалар болады. Оқушыларға Қызыл кітаптың беттері қара, қызыл, сары, ақ, жасыл бо-латынын айтып, қолдарындағы үлестірме парақшалардың жиектерін жазуға сәйкес түске бояуды тапсыру. Түстерді өз ойлары бойынша таңдайды. Олардың жұмыстарын жауаптарымен салыстыру.
Жауаптары: Кітаптың түсі – қауіп-қатер белгісі, өсімдіктердің жойылып бара жатқанына назар аудартады.
Қызыл кітап түрлі түсті беттерден құралады.
Қара түсті беттерде енді біз ешқашан көре ал¬майтын өсімдік түрлерінің тізімі жазылған. Олар жер бетінен мүлде жойылған.
Қызыл түсті беттерде аса сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер жазылған.
Сары түсті беттерде саны жағынан күрт азайып бара жатқан өсімдіктер жазылған.
Ақ түсті беттерде саны бұрыннан аз өсімдіктер тізімі жазылған.
Жасыл түсті беттерде жойылмай, аман қалған өсімдіктер жазылған.
Табиғаттың шағым кітабы айдарында оқушылар «Пошташы» ойыны арқылы өсімдіктердің жай-күйімен танысады. Әр топтағы бір оқушы ку¬рьер (пошташы) рөлінде ойнап, конверт әкеп береді. Конверттерді топтарға таратып, онда өсімдіктердің адамдарға арналған шағымдары жазылғаны ескеріледі. Оқушылар топта шағымды талқылап, экологиялық ережелермен танысып, оған қатысты жауап жазады.
Балалар жауабын конверттерге салып (жауабтарын формативті бағалауда қолдануға болады), адамдардың табиғаттағы тәртіп ережелері туралы талқылап, Қазақстан Республикасы заңнама¬ларында көрсетілген сирек кездесетін өсімдіктерді жинағаны үшін қолданылатын жазалармен танысты¬ру.
Сергіту сәті. «Көзге арналған жаттығу»
Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?
Оқушылардан неліктен әр елдің өз Қызыл кітабы болуы тиіс екенін талқылау. Халықа¬ралық Қызыл кітап бар ма? Балаларға халықаралық Қызыл кітап бар екенін, оның Швейцариядағы Морж қаласында сақтаулы тұрғанын айтып беру..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Өсімдіктерді қорғаймыз 1-сабақ 3 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Өсімдіктерді қорғаймыз 1-сабақ