Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.4 адам іс-әрекетінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Адам әрекетінің өсімдік түрлерінің азаюына және көбеюіне әсерін сипаттау.

Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз»
Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.
Егістер, бау-бақшалар. Оқулықта берілген суреттерді сипаттап, «Микрофон» әдісі арқылы оқушылардан егісті, бау-бақшаны не үшін егетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беру.
- Егісті, бау-бақшаны не үшін егеді?
- Адамдардың шаруашылық әрекеттері өсімдіктер-ге қалай әсер етеді?

Пайда мен зиян. Әр жұптың алдына фабрика құбырының түтіні, зауыттың ағын су¬лары, көліктерден шығатын газ бейнеленген суреттер таратылып, оқушылардан олардың пайдасы мен зиянын талқылау.
Орман. Жер шарына ормандар қандай пайдасы тиетінін, адамдар ормандарды не үшін кесетінін, анықтауда, орманды қолдан өсіруге болатынын ескере отырып газет шығару.
Мұғалімнің түсіндіруі. Көптеген елде орман қорғауға алынған. Біздің еліміздегі ормандар да мемлекеттің қорғауында. Орман ғаламшарға қандай пайда келтіреді? Орманды сақтап қалу үшін адам не істей алады?
Топқа бөлу. Оқушыларды геомертриялық фигуралар арқылы топқа біріктіру.
Зертте. Сыныпты шағын топтарға бөлеміз. «Мына жерге ағаш, бұта, шөптерді отырғызса, не болар еді?» деген сұраққа жауап табу ұсынылады.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• «Бірлестіктердің қалыпты дамуына табиғи ортаның қандай жағдайлары кері әсер әсер етеді? Бұл жерге ағаш отырғызса, не болар еді? Оны қандай белгілерінен білуге болады?» – деген сұрақтарға жа¬уап беру арқылы өсімдіктердің неге нашар өсетіні жайлы топ ішінде талқылау.
• Ватманға суретті жапсыру.
• Адамдардың қандай іс-әрекеттері бірлестік¬тер түрі мен өсімдік түрлерінің азаюына әсер етті? (Өсімдіктерді жою, жолдар мен фабрикалар салу, зиянды қалдықтарды тастау.)
• Басқа да топтардың қорытындыларымен салыстыру.
Қорғау. Оқушыларға табиғи бірлестіктерді сақтау үшін қан¬дай шаралар қолдануға болатынын топпен ақылдасып, ескерту плакатын дайындап, «Микрофон» стратегиясы арқылы өз ойларын білдіруді жоспарлау.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Адам белсенді әрекетімен қоршаған ортаны өзгертеді. Қала, автожол мен теміржол салып, асфальт төсейді, жер жыртады, батпақты құрғатады. Зауыт пен фабриканың зиянды қалдықтары қоршаған ортаны ластайды. Осылай өсімдіктің тіршілік ортасы бұзылады, саны азаяды. Табиғи бірлестіктер жойыла бастайды.
Өсімдіктер қоршаған ортаға ұзақ уақыт бойы бейімделді. Аптап ыстық пен қатты аяздарға қарсы тұрып, бірлесіп өмір сүруді үйренді. Сонда да оларға адамның қамқорлығы қажет.
Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу.
Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?
Ғылыми зерттеу жүргізу әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен бірлестіктерді сақтап қалу үшін ботаникалық бақтар құрылады. 1912 жылы Петропавл қаласында құрылған ботаникалық бақ Қазақстандағы ең көне болып саналады.

Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.
17-жұмыс парағы. «Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны», 19-б.
Адамның іс-әрекеті. Оқушылар адамның өсімдіктерге пайда келтіретін әрекеттерін жасыл қа-рындашпен, зиянды әрекеттерін қызыл қарындашпен бояп белгілейді. Бұл тапсырманы жұпта бірін-бірі тек-серу үшін орындатуға болады.
(Жауаптар: Қорық жасау, ағаш отырғызу, сарқынды суды тазар¬ту – өсімдіктер үшін пайдалы әрекеттер.
Батпақтарды құрғату, дәрілік шөптерді жинау, ауа¬ны ластау, жол салу, орманды кесу, туристік бағыт¬тарды ашу – өсімдіктер үшін зиянды әрекеттер).........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру