Металдық байланыс 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Металдық байланыс 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыстың қасиеттері
Сабақ тақырыбы: Металдық байланыс 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Металдық байланыс,оның сипаты, физикалық қасиеттері және ,металдық байланыстың табиғаты туралы білімдерін жүйелеу,тереңдету
Сабақ мақсаттары: Металдық байланысты ажырата алады, металдардың физикалық қасиеттерін біледі.

Амандасу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
Металдарды анықтау
Әдетте металдарды бір қарағаннан-ақ олардың металдық жылтырынан анықтауға болады. Жаңа ғана тегістелген металдың беті жарықты шағылыстырып, оған жылтыр түр береді.

Көптеген металл атомдарының сыртқы қабатында бір,екінемесе үш электроннан болады.Үш электроны бар металл атомдарында иондану энергиясы төмен болғандықтан электрондар оңай үзіліп, электрондық газ түзіледі, яғни «бос электрондар» жиынтығы пайда болады. Олар қозғалғыш, оңай орын ауыстырады,сондықтан кез –келген металды өз-ара байланысқан оң зарядталған металл ионы мен электрондық газдан тұратын тығыз жинақталған құрылым есебінде қарастыруға болады.
Металл иондары мен электрондар арасында түзілетін байланысты металдық байланыс деп атайды.
Ол металдар мен құймаларға тән. Байланыс табиғаты металдық.

Металдардың түсі және физикалық күйі
Металдардың көпшілігі күміс-сұр түсті болады, мысалы: темір, қорғасын, күміс, алюминий. Тек екі металдың түсі ғана өзгеше. Мыс қызғылт түсті, ал алтын сары түсті болады.
Металдық байланыс валентті электрондардың ортақтасуына негізделгендіктен ковалентті байланыспен көптеген ұқсастықтары бар. Бірақ ковалентті байланыста жұп электрон тек екі атомға ортақ болса, ал металдық байланыста барлық атомдар электрондары байланыс түзуге қатысады. барлық атомдарға ортақ болады. Сондықтан ковалентті байланысы бар кристалл торлары сынғыш , ал металдық кристалл торлар – иілгіш Металда иондар өзара байланыстарды бұзбай ығысады. Бұл металдық байланыстың бағытының болмауын көрсетеді.

Тапсырмалар:

А) кристалл торындағы металдар атомдары бағытталмауымен, қанықпауымен сипатталады;
Б) металдардың физикалық қасиеттері (қаттылығы, электрөткізгіштігі, жылуөткізгіштігі, иілгіштігі, тапталғыштығы) металдық байланыстың болуымен түсіндіріледі.
Металл Na кристалдарының құрылысы
Үйге тапсырма: жазбаша, фторсутек , йодсутек молекуласының масштабты шарөзекті моделін құрастыру.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру