Квантық сандар (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Квантық сандар (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Квантық сандар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін атау
Сабақ мақсаттары: - Квант сандарын білу
- Квант сандары бойынша белгілі бір элементке сипаттама беру
- Квант сандары бойынша белгісіз элементті анықтай білу.

Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылармен ынтымақтастың атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.
Сабақтың стартері:

Мына сурет ненің бейнеленуі?
Атомның құрылысы қандай?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
8 сыныпта алған білімін еске түсіру.
Топтық жұмыс:
Оқушыларды химиялық эементтер тарату арқылы топтарға жіктеу.
Әр топқа өздерінің таңдаған химиялық элементтің атом құрылысы туралы білетін мәліметтерді постер бетіне түсіреді. (бағалау критерий қолдарына таратылады)
Бағалау критерийі:
Атом «+» оң зарядты және «-» электроннан тұратынын біледі
протон санын анықтайды
нейтрон санын анықтайды
электрондарды энергентикалық денгейлерге орналастыра алады
графикалық формуласын жаза алады
электрондық формуласын жаза алады
(әр топ бірін-бірі бағалайды )
(М, С) Квант сандарымен сипатталатын электронның екіжақты (бөлшек-толқын) табиғатын оқушылармен бірге талқыланады.
Атомның «деңгейі – деңгейше – орбиталь» құрылымын түсіндіріледі және оны квант сандарымен байланыстырылады. Слайд және Видео
(Т, Б) Элементті электрондық конфигурациясы немесе керісінше анықтауға болатын тапсырмаларды оқушыларға ұсынылады.
Кез келген элементтің электрондарына квант сандарын қолданып, сипаттама беруді оқушыларға ұсыныңыз.
Тапсырма:
(а) Сутек, калий, бром атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңыз.
___________________________________________
(в) Сутек атомындағы электронды төрт квант саны бойынша сипаттама берініз.
Бас квант саны:_______________________________
Орбиталь кван саны:___________________________
Магнит квант саны:____________________________
Спин квант саны: _____________________________
Квант сандарына байланысты қысқша тест:
Бас кван саны нені көрсетеді?
а/ электрон санын
в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің санын
с/ электрон бұлтының пішінін
д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын
Орбиталь бас кван саны нені көрсетеді?
а/ электрон санын
в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің ретін
с/ электрон бұлтының пішінін
д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын
Магнит квант саны нені көрсетеді?
а/ электрон санын
в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің санын
с/ электрон бұлтының пішінін
д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын
Спин кван саны нені көрсетеді?
а/ электрон санын
в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің ретін
с/ электронның өз осінен айналғандағы бағытын
д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын

Күрделендірілген тапсырмалар:
Кестені толтырыңдар.
Кестенің бірінші бөлігінде элементті сипаттайтын квант сандары берілген. Кестенің екінші бөлігіне квант сандарына сүйене отырып, элементтің электрондық конфигурациясын жазыңыз. Кестенің үшінші бөлігіне элементтің электрондық конфигурациясына сүйене отырып қай элемент екенін анықтаңыз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру