Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы. Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы. Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы. Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түсіну және сипаттау;
бұрыштық орын ауыстыруды радианмен көрсету;
- есептерді шығарғанда v = rω формуласын білу және қолдану;
- қисық сызықты траектория бойымен бұрыштық жылдамдықпен және үдеумен қозғалысты сапалы түсіндіру;
- дене жылдамдығына перпендикуляр күштің әсерінен қисықсызықты траектория бойымен қозғмалысты сапалы түсіндіру және шеңбер бойымен тұрақты қозғалыс кезіндегі цетрге тартқыш үдеуді түсіну;
- центрге тартқыш үдеу формуласын білу және пайдалану;
- нәтижеге болжамалы баға беру;
Сабақ мақсаттары: - Қисық сызықты траектория бойымен бұрыштық жылдамдықпен және үдеумен қозғалысты сапалы түсіндіре алады ;
- Бұрыштық және сызықтық жылдамдық арасындағы байланысты көрсететін формуланы есептеуде қолданады;
- Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды есептеп анықтайды;
- Центрге тартылатын күш пен центрге тартылатын үдеудің бағытын біледі;
Центрге тартқыш үдеу түсігін қалыптастырып, формуласы біледі.

Оқушыларды түгендеу.
Тұйық траектория бойынша қозғалуы мүмкін денелерге мысал келтіруді ұсыну.
Мүмкін болатын шеңбер орбиталары:
ұшақ қозғалысындағы «өлі тұзақ»
жіп айналасында айналатын тас
айналмалы қозалыстағы CD
центрден тепкіш киім кептіргіште кептірілетін киім
центрифугадағы химикаттар
бұрылыстағы машина қозғалысы
ядро маңындағы орбитадағы электрондар
жәрмеңке алаңы бойынша серуендеу
орбитадағы серіктер немесе ғаламшарлар.
Критерий:
Барлық ақпарат негізделген
Шешендік
Қыска да нұсқа
Тілі женіл түсінікті
Сабақ тақырыбын, мақсатын, жетістік критерийлерін айқындау
Орындаған соң жауаптарын ауызша тексеру.
Критерий:
Барлық ақпарат негізделген
Шешендік
Қыска да нұсқа
Тілі женіл түсінікті
Оқушыларға іздену жұмысын беру.

Келесі терминдердің мағынасын ашады: бұрылу бұрышы, радиан,бұрыштық жылдамдық,сызықтық жылдамдық.(және v = 2πr/T, ω =2 πr/T нәтижесінде v = rω екендігі шығады.)
Оқушыларға перзентация арқылы формулаларды жаздыртып, түсіндіру.


Оқушылардан сабақта өткен негізгі терминдер мен ұғымдарды сұрау.Тексеру. Сабақты қорытындылау.
Түзусызықты қозғалыс пен айнымалы қозғалыстың кинематикалық шамалардың арасындағы ұқсастықтар кестесін жасату.
№ Түзу сызықты қозғалыс Айналмалы қозғалыс
1. x - координата φ – бұрыш
2. v ⃗ - сызықтық жылдамдық ω ⃗ - бұрыштық жылдамдық
3. s=φR
4. v=ωR
5. x=x_0+vt φ=φ_0+ωt
6 a ⃗=(∆v ⃗)/∆t ε ⃗=(∆ω ⃗)/∆t

Оқушыларға бұрыштық және сызықтық жылдамдық арасындағы байланысты көрсететін, бұрыштық орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдықты анықтайтын формуланы түрлендіріп орындайтын есептер шығарту......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру