Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Cақталу заңдары
Сабақ тақырыбы: Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - дене импульсының анықтамасын оның жылдамдығы мен массасының көбейтіндісі ретінде білу;
- импульстың сақталу заңын білу және түсіну;
- бір кеңістіктегі екі дене арасындағы серпімді және серпімсіз соқтығысуларды қоса алғанда, қарапайым есептерді шығаруда импульстің сақталу заңын қолдану (қалпына келу коэффициентін білу талап етілмейді)
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
Дененің импульсі, күш имппульсі, тұйық жүйе, абсолют серпімді соққы, абсолют серпімсіз соққы, ұғымдарын қолданады; импульстің сақталу заңын біледі.
Көптеген оқушылар:
Сапалық және сандық есептерді шығарғанда импульстің сақталу заңын қорытып шығара алады.
Кейбіреуі:
Сын тұрғысынан ойлауды қолданып, денелердің әсерлесуі кезіндегі кинетикалық энергияларының өзгерісін сипаттай алады.
W Активити.
Видео 3.15 – 3.18 с
Тапсырма: бақылауларыңды жазып, талдау жасаңдар.
Қорытынды: күнделікті өмірде біз денелердің әсерлесуін жиі бақылаймыз және бұл жағдайларда әсерлесу өте аз уақытты құрайтындықтан, одан механикалық қозғалыстың сипаттамаларын, әсерлесу энергиясын анықтау мүмкін емес.
Қарастырылатын мәселе: механиканың басты мәселесін қалай шешуге болады (кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтау), егер әсерлесу қысқамезеттік болса?
I, G, W Жаңа ақпарат. Ньютонның екінші заңын импульстік түрде жазу.
Тапсырма: «Кинематика» және «Динамика» бөлімдерін оқып-үйренгенде алған білімдеріңді қолданып, импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңын алыңдар
(Формуланың қорытылуы және қорытынды формуласын сыныптағы оқушылардың бірі тақтаға жазады)
W Ұғымдарды енгізу:
Импульс (қозғалыс мөлшері) – дененің механикалық қозғалысының өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама.
Күш импульсі – күштің, осы күш әсер ету уақытына көбейтіндісіне тең, берілген уақыт аралығында күштің денеге әсер ету өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама.
W Жуан және жіңішке сұрақтар.
1. Ұшып келе жатқан оқ терезенің шынысын сындырмайды, тек онда дөңгелек саңылау түзеді? Неге?
2. Сіздің қолыңызда үрленген шар бар және оның ауызы байланбаған. Егер шариктің жібере салса не болады?
3. Метеорит Жер бетіне жетпей атмосферада жанып кетеді. Осы кезде оның қозғалыс мөлшері (импульсі) қайда кетеді?
W Есептер шығару.
№ 1.
Материалдық нүктенің қозғалысы х = 25 – 10t + 2t2 теңдеуімен сипатталады. Нүктенің массасы 3 кг деп есептеп, алғашқы 8 с-тағы қозғалыс үшін импульсінің өзгерісін табыңдар. Осы уақыт ішіндегі өзгерісті тудырған күш импульсін анықтаңдар.
№ 2.
Массасы 200 кг лифт орнынан үдемелі 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Лифт 1 м жүріп өткенде қандай импульске ие болады?
№ 3.
Бірдей көлемді, болат және қорғасыннан жасалған денелер бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Осы денелердің импульстерін салыстырыңдар.
I Есеп шығару. Соңында түзету жұмысымен қатар.
Массасы 160 г хоккей шайбасының жылдамдығы, массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсімен бірдей болуы үшін қандай болуы қажет? ........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары 1-сабақ 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары 1-сабақ