Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеуі 2-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

 Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеуі 2-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеуі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.9. еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану
Сабақ мақсаты: Еркін түскен дене үшін қозғалыс теңдеулерін теңайнымалы қозғалыс теңдеулерімен салыстыра отырып, қорыту және әрбір теңдеудің физикалық мағынасын түсіндіру.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, көңіл-күйін сұрау (смайликтер арқылы). Сынып ішіндегі тазалықты қадағалау
ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру. «Сиқырлы қобдиша» (Қобдишада оқушылардың аты жазылған парақшалар жатады. Оқушылар өзіне түскен оқушының жақсы қасиетін айтады)
Сабақтың ортасы
Денелер не себепті жерге құлайды?
Барлық денелер жерге бірдей уақытта түседі ме?
Денелердің әртүрлі уақытта түсуі неге байланысты болуы мүмкін? (Оқушылардың жауаптарына байланысты тәжірибелер көрсетіледі. Мысалы, оқушылар көлеміне байланысты деген жауаптарына көлемдері бірдей екі дене бірдей биіктіктен тасталады. Массаларына байланысты деп жауап берген оқушыларға массалары бірдей, көлемдері әртүрлі заттармен тәжірибе көрсетіледі).
І. Сабақтың тақырыбын және оқыту мақсаттарын таныстыру
ІІ. Оқушылармен бірігіп бағалау критерийлерін анықтау
ІІІ. Сыныпты екі топқа бөлу (Ньютон, Галилей)
«Суреттер сөйлейді» Мұғалім екі топқа суреттер таратып береді. (Әр топ өздеріне берілген суреттерді пайдалана отырып, мәтін құрастырады)
І топ.
Бағалау критерийлері:
Галлилей тәжірибесін түсіндіреді
Дескриптор:
- Құлаған денелердің жылдамдығы мен үдеуі неге тәуелді болатынын біледі
- Галлилейдің денелердің құлауы туралы жасаған ұйғарымын біледі
ІІ топ.
Бағалау критерийлері:
Ньютон тәжірибесін түсіндіреді
Дескриптор:
- Тәжірибені сипаттай отырып, еркін түсудің анықтамасын береді
- Еркін құлаған дененің қозғалысын сипаттайды
«Болжам кестесі» Оқушылар сурет арқылы алынған мәліметтерін ортаға салады
Мұғалім екі топқа кері байланыс бере отырып, тақырыпты толықтырып кетеді...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру