ДНҚ репликациясы. Мезельсон мен Стальдің эксперименті.Чаргафф ережесі 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

 ДНҚ репликациясы. Мезельсон мен Стальдің эксперименті.Чаргафф ережесі 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл және ДНҚ
Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы. Мезельсон мен Стальдің эксперименті. Чаргафф ережесі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Оқушылар:
• 10.4.1.7 ДНҚ репликациясы үдерісін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
ДНҚ репликациясы үдерісіне қатысатын маңызды ақпаратты анықтайды және ретімен түсіндіреді;
Мезельсон мен Стальдің экспериментін сызба арқылы түсіндіреді;
Чаргафф ережесін ауызша түсіндіреді;
Чаргафф ережесіне қатысты есептерді шығарады;

Ұйымдастыру кезеңі
Миға шабуыл!!!
Бір анадан туған егіздердің бір - біріне ұқcас болуы қандай қасиетке негізделген?
Сұрақты талқылау арқылы: ата – анадан бастапқы тұқымқуалау ақпараты ДНҚ – ның екі еселенуі кезінде берілетіндігін және S фазада жүртетіндігін талқылау. Сол арқылы сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын анықтау.
Сабақтың тақырыбы: ДНҚ репликациясы үдерісі.Месельсон мен Стальдің эксперименті.Чаргафф ережесі.
Сабақтың оқу мақсаты: 10.4.1.7 ДНҚ репликациясы үдерісін сипаттау

Жеке жұмыс!!
Терминологиямен жұмыс
Жаңа білімді игеру үшін оқушыларға ДНҚ туралы бейнебаян қарауды ұсыныңыз.
Оқушыларға «ДНҚ - да жазылған тұқымқуалау ақпараттары қалай келесі ұрпақтарға қалай беріледі?» мәселелік сұрақ төңірегінде талқыланады.
Жұптық жұмыс, мәтін тарату!!!
Тарихи мәліметпен қатар, ДНҚ репликациясының үдерісі туралы қысқаша мәтін ұсыныңыз.
Нұсқаулық !!!
• Мәтін оқу барысында тақырыпқа қатысты маңызды кілті сөздердің астын сызыңыз.
• Мәтін оқуда тақырыптарды үдеріске байланысты бөлімдерге бөліп,белгілеп отырыңыз.
Бағалау критерий!!
• ДНҚ репликациясына қатысты маңызды кілтті сөздерді анықтайды;
• ДНҚ репликациясы үдерісінің кезеңдерін анықтайды;
Жұпта талқылау!!!
«Ретін тап» ойынын ұсын.
Оқушыларға жұпқа ДНҚ үдерісінің кезеңдерінің қимасын таратып реттілігін анықтауды тапсырыңыз.
Бағалау критерий!!!
ДНҚ үдерісінің кезеңдерін біледі;
Жұпты өзара жұптар тексереді.
Топтық жұмыс! «Таныс – пікірлес – бөліс» әдісі
Оқушыларға ақпаратты түрлі түсті қағазда шығарып оқып шығуды ұсыныңыз.
1. Месельсон мен Стальдің эксперименті.
2. Чаргафф ережесі
Топтық жұмыс қорғайды!
Бағалау критерий!
Сызба арқылы слайдтан түсіндіреді;
Топтың әр мүшесі қатысады;
Ақпараттың мазмұны тақырыпқа қатысты мәлімет болуы шарт;
Жалпы топтық жұмысты қорғау уақыты екі минут;
Топтық бағалау жүреді...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру